Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы

0
2852

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:\r\n

    \r\n

  1. семантикалық,
  2. \r\n

  3. морфологиялық,
  4. \r\n

  5. синтаксистік.
  6. \r\n

\r\nСемантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі  болуына сүйенеді.\r\n\r\nБұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ. Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш принципті атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық принципті жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті шығарады. С.Аманжоловтың бұл мәселеде Қ.Жұбановпен пікірлестігі көрінеді. А.Ысқақов та үш белгінің де қажеттігін ескере отырып, «кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің (принциптің) үшеуі де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгіні ғана таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы» − дейді.\r\n\r\nТегін жүктеп алу


ПІКІР ҚАЛДЫРУ