«Спорт – біздің досымыз» атты ашық сабақ

0
3998
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Спорт – біздің досымыз»

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін өздіктерінен елестетуі бойынша балалардың ырғақты іс-әрекетін арттыру. Қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін олардың дәлділігі мен нақтылығын дамыту. Балаларды жалпы мәдениет пен көркем талғампаздыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер:дәстүрден тыс спорттық құралдар, атрибуттар, үнтаспа, ойындар, көркем сөздер жинағы,слайд,ведио ролик

Балалар саппен залға кіреді: Қиындықтан қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен, Жаттығуды бастаймыз.

-Балалар бүгінгі біздің жаттығуымыз ерекше болмақ,себебі мен сіздерді орманға барып ондағы достарымыз сортпен қалай шұғылданатынын көруге шақырамын.

-олай болса кеттік, қандай жол болсада бірге, қорықпай өтейік;

-мына көлшіктерден аяғымыздың ұшымен аттап өтейік;

— қиыршық тастардан абайлап табанымызбен басып өтейік;

— ыстық құмнан адымдап жүріп өтейік;

-қалың ағаш арасынан төрт тағандап еңбектеп өту;

-мына жыланның қасынан абайлап жыланша ирелеңдеп жүріп өтейік;

-жайлап жүгіру, жүгіру, шашырап жүгіру, жүгіру;

-тыныс

алу;

-балалар алдымызда жалғыз аяқ жол шықты, осы жол бізді орманға жеткізеді. (Слайд ормандағы құс, аңдар дыбыстарын тыңдау,маймыл кіреді) Маймыл: Сәлеметсіңдер ме достар! Сендер не істеп жүрсіңдер? Кімсіңдер?

Балалар:

Шынықсаң шымыр боларсың, Біз спортшы баламыз. Бұлшық еттер бұлтыңдап, Жұлдыздай болып жанасың.

–Біздің кішкентай спортшыларымыз, орманға қонаққа келдік, ондағы достарымыздың спортпен қалай шұғылданатынын көріп, үйренгіміз келеді. Маймыл: Өте жақсы, онда мен достарымды шақырайын бірге шынығайық. Достарым келіңдер. (Ортаға піл мен барыс шығады)

-Ал балалар орман достарымызбен бірге көңілді жаттығуымызды бастайық, кәне үш сапқа бөлінейік. Дәстүрден тыс жаттығуды орындау: (слайд суреттері) 1) Жылы жаңбыр жауды ( 2 қолды артта кезек-кезек алға созу). 2) «Кемпірқосақ» (2 қол қанатша созып,иіліп бір қолды бір қолға жеткізу). 3) «Гүлдер» (аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу). 4) «Құстар» (қолды қанатша қағып отырып тұру). 5) «Жануарлар» (жерге тізімен тұрып аяқты созу). 6) «Шегіртке» ұшты (алдыға,артқа секіру).

–балалар қараңдаршы қандай әдемі орман гүлдері кәне иіскеп,үрлейік. (мұрынмен дем алып, тыныстау) (гүлдер тарату).

–балалар тақтаға қарап Маймыл, Барыс, Піл достарымыздың би қимылдарын бірге қайталап үйренейік. (видеоролик жүреді,балалар тапсырманы бірге қайталайды)

— Би ұнады ма, балалар? Рахмет сендерге. Балалар сапты түзеп, үш саптан бір сапқа шығайық.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?» (лента жинау)

Жәй қимылды ойын: «Көңілді маймылдар» Біз- көңілді маймылдар, Өте қатты шулаймыз. Алақанды соғамыз, Еденді де татптаймыз. Ұртымызды үрлеп, Әндетеміз гулеп, Төбеге де секірдік. Маңдайға саусақ келтірдік. Құлағымыз – қалқаң, Құйрығымыз — салпаң, Бірақ тәртіп қатаң «Үш» дегенде апаң, Бәрің тілді алыңдар, Қозғалмай, қатып қалыңдар.

-балалар орманға бару үшін қандай жолдармен жүрдік?

-аяқтың ұшымен судан аттап өттік,жыланша ирелеңдеп жүрдік,тастары бастық, еңбектеп жүрдік т.б.

-ормандағы достарымыздан қандай спорт түрін үйрендік?

-би қимылдарын

-маймыл досымыздың сүйікті асы қандай?

-қандай жемістерді білеміз,олардың пайдасы қандай?

-дәрумендер көп,бойымыз өседі,деніміз сау болады

-балалар дендерің сау болсын,алма туралы тақпағымызды есімізге түсіріп топқа қайтайық.

Алма,алма дейсің,

Алма берсең жейсің.

Айтпады екен-деме,

Алманы жумай жеме.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ