Ұстаз-ұлы тұлға!

0
654
Иллюстрация: Freepik.com

Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

«Бала тәрбиесі-өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін- өнер» деген екен М.Жұмабаев.

Қандай тауып айтылған даналы сөз десеңізші.Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін,оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Балалар тәрбиесіне,келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да,қай елде,қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой.

Өйткені бала-біздің болашағымыз.Өмір шындығына жүгінсек,тәрбие бастауы,оның қайнар көзі,ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына мақсатында әрекет жасайды.

Осыған байланысты, «Ұядан не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»-дейді халық.Сондықтан баланың ең әуелгі ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек.Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса,өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз.

Тәрбиенің түп –тамыры -ұлтты қадірлеу,ұлттық әдет-ғұрыпты дамыту,ұлттық дәстүрді жандандыру,ұлтаралық,достық қарым-қатынасты нығайту, үйрету.Сабақ та,тәрбие де,осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз,сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады.

Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын,тамаша,жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет.Ол еңбекқор,адал,білімді,көп оқыған ақылды болып қана қоймай,тәрбиелі де көркем,ибалы болу керек.

Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген сынып жетекшісі ғана мейірбан, жеке тұлғаның қалыптасуына көмек көрсетуге қабілетті.Жемісті тәрбиенің сыры шәкіртке құрметпен қарауда.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.

Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет», — деп атап көрсетті. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болшағының кепілі. Әр бала атаның қанымен,ананың сүтімен келетін туа бітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында, ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.

Ендеше ұлттық тәрбие-ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.Еліміздің егемендігін алып,тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу- тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отырумыз қажет.Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері,өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп,жаңарып,дамып отыр.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады.Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп,өз бетінше жеке мекеме болған емес.

Сондықтан оның іс-әркеті отбасымен,көпшілікпен біте қайнасқан.Осы тұрғыдан алғанда мектеп-бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп,біріктірудің орталығы.Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.Баланы тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын орны ерекше деп қортынды шығаруға болмайды.

Алма Мұқағалиева
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектебінің директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ