Стрессті жоюдың 5 жылдам тәсілі

0
675

 

Стресс — қауіп пен ыңғайсыздыққа
бағытталған адамның қалыпты травматикалық жағдайы. Кей жағдайларда стресс ұзақ уақытқа созылып, адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Ал, стрессті кез-келген нәрсе тудыратынын ұмытпаңыз. Мысалы: қарым-қатынас проблемалары, жұмыстағы қиындықтар, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, жақындарынан айырылу, қорқыныш, қайғылы жағдайлар және шамадан тыс шаршау т.б. адамдар стресске түсуі мүмкін. Осы орайда, сізге стресстен арылудың әдістері туралы айтып беретін боламыз.

1.Үзіліс жасаңыз

Сіз өз жұмысыңызды жан тәніңізбен жақсы көрсеңізде, бір күні одан шаршауыңыз мүмкін. Шаршау жәй пайда болмайды. Ол күндіз жұмыс жасаған кезде жиналып, кешке сізге байқалады.Және де шаршау сезімі адамда жағымсыз рекциялар тудыру мүмкін. Оның алдын алу үшін жұмыс барысында сізге үзіліс жасап отыру қажет. Мысалы: бос уақытыңызда әріптесіңізбен жаңалықтарды талқылап, шәй немесе кофе ішуге барыңыз.

2. Тыныс алу жаттығуларын жасап көріңіз.
Тік тұрған күйде отырып, қайта тұрыңыз. Бірнеше рет баяу дем алыңыз. Мұрныңызбен терең дем алып, аузыңыздан шығарыңыз. Қолды кеудеге қойып, кеуде қуысының кеңейгенін сезініңіз. Қолыңызды асқазанға қойып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. Бұл жаттығу денені оттегімен қанықтыруға және ағзадағы стрессті жеңілдетуге көмектеседі.

3. Алкаголді ішімдіктен бас тартыңыз

Алкоголь мен никотин стрессті біраз уақытқа ұмытып кетуге мүмкіндік береді. Бірақта,ешқашан одан арылуға көмектеспейді. Керісінше, никотин мен алкогольдан соң стресс екі есе күшею мүмкін. Сондықтан созылмалы стрессті емдеу кезінде бірінші кезекте ішімдік пен темекіні алып тастау қажет. Немесе оларды тұтынуды азайтуымыз керек. Олардың орнын тыныштандыратын жүйке шәйі мен алмастырыңыз.

4. Заттардың орнын ауыстыру
Заттарды орын орнына қою ойдың жинақталуына әкеледі. Онымен қоймай, сөрелер мен шкафтардың ұқыпты кейпі сіздің өміріңізге психологиялық әсер арқылы дәл сондай жинақылық алып келеді. Осы орайда 27 зат жатығуы сізге стрестен арылуға көмектеседі.
Шығыс практиктерінің айтуы бойынша қайғы-мұңмен қоштасқыңыз келсе, міндетті түрде үйдегі 27 заттың орнын ауыстыру керек.

5.Өзіңізге хат жазыңыз

Өз-өзіңізбен сөйлесіңіз.
Бір сәтке стресс тудырып тұрған мәселенің сыртына шығып, өзіңізге сұрақ қойыңыз. Мысалы: бұл нәрсе 5 жылдан кейін мен үшін маңызды болады ма?-деп сұрақ қойыңыз.
Сізді қазіргі таңда мазалап жүрген заттарды қағаз бетіне түсіріңіз. Және олардан қалай арылуға болатынын хатқа жазыңыз. Хаттағы жазылған ақпараттарды іс-жүзінде жүзеге асырыңыз. Ең бастысы, кішкентай мәселеден үлкен дау жасамаңыз.

Шындығында, стресстен арылудың өте көптеген әдіс-тәсілдері бар. Дегенмен оның қайсы бірі сізге оң әсер беретінін білмейміз. Ең алдымен, бұл жаттығуларды жасап, сізге қандай әсер ететінін байқап көріңіз. Сонда ғана өзіңізге керекті әдісті таба аласыз.Іске сәт!!!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ