Префронталды ми қыртысының туабітті әлсіздігі туралы

0
1084
Иллюстрация: Freepik.com

Әрбір адамға ақпаратты қабылдау процесіне зиян келтірмес үшін префронталды ми қыртыстарының (prefrontal cortex) туабітті әлсіздіктері жайлы білген жөн.

• Префронталды ми қыртыстары бір уақытта аз көлемдегі ақпаратты қабылдай алады. Үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені адам жадысы — бұл нейрондардың аксондар арқылы басқа нейрондармен жаңа нейрондық байланысты түзуі немесе оны жоюы, сонымен қатар қалған нейрондық байланыстармен бірігуі. Мидың нейроторын қайта құру үшін ұзақ уақыт аралықтары қажет (ақпараттың көп бөлігі ұйқы кезінде ұзақ мерзімді жадыға өтеді).

• «Ақпаратты қабылдай алмай жатырмын» деп қорықпа, адамдарда ақпарат баяу қабылданады (алайда 11 жасқа дейінгі балаларда нейрондық комбинациялардың құрылу жылдамдығы жоғары, сол себепті балаларды шет тілдеріне, математикаға және т.б. балалық шағында үйреткен дұрыс). Адам жадысы айтарлықтай тұрақсыз, сондықтан керек ақпаратты әрдайым қайталап тұру керек, ал мүлде қолданылмайтын ақпарат ақырындап ұмытыла бастайды.

• Префронталды ми қыртыстарының жұтаңдануына жол бермеу қажет. Алғашқы белгілері: сергіп алғың келіп тұрады, тәтті-майлы-тұзды тағам жегің келеді, кофе және басқа да стимуляторларды ішкің келеді, ештеңе істегің келмейді, бас аурулары және т.б.

• Префронталды ми қыртыстарының дұрыс жұмыс істеуі үшін келесі төрт нәрсеге назар аудару керек: ұйқы (7-8 сағат), физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, демалыс.

Миды белсенді қолданып бастағанда, ми энергияның шығынын төмендету үшін басқа үйреншікті істерге кірісуге тырысады: есірткілер (өте қауіпті), құмар ойындар (адам бір бастаса, тоқтай алмай қалуы мүмкін, сол себепті де өте қауіпті), лотореялар (пайдасыз), тәттілер, әлеуметтік желілерде, жалпы ғаламторда отыру (шарлау), компьютерлік ойындар және т.б. (егер тізімді мұқият қарасаң, бұл іс-әрекеттер ешқандай ұзақ еңбек етіп, соның жемісін көруді талап етпейді)

• Адам баласы физикалық тұрғыда үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдап, өңдеуге қауқарсыз (жазбаның бас жағында айтып өткендей, ұзақ уақыт қажет).

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ