Су асты әлемі

0
6247
Картинки по запросу рисунки су асты әлемі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

ҰОҚ: Музыка

Тақырыбы: «Су асты әлемі»

Өткізген жетекшісі: 

Ортаңғы тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Музыка

Топтама: «Жануарлар әлемі»

Апта тақырыбы: «Су астындағы ғажайып»

Тақырыбы: «Су асты әлемі»

БМ: Су асты әлемі жайлы білімдерін тереңдету. Су астында тіршілік ететін жәндіктер туралы ұғым беру. Әртүрлі сипаттағы әндердің музыкасын қабылдау.

ДМ: Хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық, ән айту дағдыларын дамыту.

ТМ: Су асты тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Билингвистік компонент: Су асты әлемі — Подводный мир.

Көрнекілігі мен құралдары: Су асты әлеміне байланысты видео таспалар, үлестірмелі карточкалар, композитор, сырнай аспабы, үнтаспа, т.б.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті Балалардың іс — әрекеті

Ынталандыру,

сезімді ояту

Мотивациялық –

қозғаушылық

Оқу қызымет барысы:

Балалар музыка бөлмесіне марш әуенімен жүріп келеді.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, музыка бөлмесінде қаншама керемет қонақ отыр.

Ендеше қонақтармен амандасайық.

Жылулық шеңберін құрып, төмендегі өлең жолдарын әндетіп айтайық.

Жылулық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды

Айнала нұр шашылды

Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме!

Біз сүйкімді баламыз!

Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме!

Біз көңілді баламыз!

Бүгінгі күніміз көңілді, көтеріңкі болсын деп, қызметімізді «Көңілді күн» биімен

бастайық.

(сергіту видео материялмен көрсетіледі)

Жарайсыңдар!

Енді бәріміз орындарымызға отырайық.

(Балаларға теңіз дыбысын тыңдату)


Тәрбиеші:

— Балалар ненің дыбысы?

— Дұрыс айтасыңдар.

Балалар көңілді әуенмен музыка залына келеді.

Сәлеметсіз бе!

Жылулық шеңберін жасайды.

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады.

Балалар әуеннің ырғағына сай әртүрлі қимылдарды келістіріп жасайды.

— Теңіздің.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Теңіздерде, өзен – суда жүретін жәндіктер туралы Әли мен Айяның атасының айтары бар екен. Бәрімізде интерактивті тақтаға қараймыз.

(Видео: «Әли мен Айя»)

Картинки по запросу әли мен айя

Тәрбиеші:

Балалар, бүгін біздің оқу қызыметімізге сендердің сүйікті «су асты әлемі» — нің ханшайымы келмекші.

Өткенде бәріміз бірге Ханшайымға хат жіберіп, оны қонаққа шақырып едік қой, естеріңде шығар.

(Есік тақылдайды)

(Жай әуен ырғағымен билеп

Ханшайым келеді)

 

Ханшайым:

Сәлеметсіздер ме, тәрбиеші апайлар мен балалар!

Мен сендердің жіберген хаттарыңды оқып, сендерді көруге асықтым. Қандай тамаша, әдемі, әрі сүйкімді балаларсыңдар.

Тәрбиеші:

Қош келдің, Су асты әлемінің Ханшайымы. Бізде қуаныштымыз, сізді көргенімізге. Төрлет төрімізге!

Ханшайым:

Рахмет! Балалар мен құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге «Су асты әлемін» сендерге көрсетуге ала келдім.

Видео: «Су астындағы тіршілік» — көрсетіледі.

Картинки по запросу водная мир мультяшный

(Ханшайым су асты әлемі туралы әңгімелеп береді.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет балалар. Мен ән айтқанды жақсы көрем. Балалар, әнімді тыңдайсыңдарма?

Ән тыңдау:

1) Су астында балықтар. Мұқаш Қосай.

Балалар бұл әнде балықтардың түрлері және осы балықтар өзен, көл, теңіздерде өмір сүретіні туралы айтып тұр.

Тәрбиеші:

Балалар бізге қонаққа келген «Су асты әлемінің» ханшайымына, әні үшін рахмет айтып, бізде ханшайымға арнап ән айтып берейік.

Ханшайым «су асты әлемі» балықтар үшін қызық болса, ал балаларға жер бетіндегі өмір, қыз қызықтарымен қызықты. Балалардың орындайтын әндері де осы туралы болмақ.

Ән айту:

1) Қыс қызығы. И.Нүсіпбаев.

Ханшайым:

Тамаша ән екен. Оны орындаған балаларда тамаша, рахмет!

Балалар, мен би билегенді өте жақсы көрем. Менімен бірге би билегілерің келеме?

Келіңдер, би билейік.

Ырғақты қимыл: «Көңілді ырғақ»

Әуен ойналғанда балалар әуенге сай қимыл қозғалыстарын жасауға еркіндік беріледі.

Тәрбиеші:

Рахмет ханшайым, балаларға көңілді би билетіп, көңілдерін көтергенің үшін.

Ханшайым, біздің балалар би түрлерін жақсы біледі. Кәне, балалар ханшайымға мына карточкалардағы бинеленген би түрлерін атап айтып берейік.

Дұрыс балалар, енді осы атаған үш би түрлерін пайдаланып, музыкалық дидактикалық ойын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Үш би»

C:\Users\user\Desktop\дидактика\8 001.jpg C:\Users\user\Desktop\дидактика\8 001.jpg C:\Users\user\Desktop\дидактика\8 001.jpgОйынның шарты:

Полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкаларымен жұмыс жүргізіледі.

Музыка жетекшісі, би жанрына байланысты үш түрлі пьесаның әуенін балаларға тыңдату.

Балалар әуенге сай бейнеленген суретті дәл көрсетулері тиіс.

Ханшайым:

Керемет ойын екен, балалар бұл ойынды сендер тамаша ойнадыңдар.

Балалар, менің бүгінгі күнім сендермен тамаша өтті. Себебі мен сендермен ән айттым, би биледім, ойындар ойнадым, рахмет сендерге. Енді мен су асты әлеміндегі тіршілік иелеріне қайтайын, мені іздеп жатырған болар.

Балалар атайдың әңгімесін тыңдайды.

Балалар ханшайымды көріп таң қалады.

Балалар, ханшайым мен тәрбиешінің әңгімелерін тыңдайды.

Балалар интерактивті тақтадан «су асты әлемі» — нің тіршілігін тамашалайды.

Балалар жайғасып отырады, Ханшайымның әнін мұқият тыңдайды.

Өткен оқу қызыметінде үйренген әндерін көңілдене айтуға тырысады.

Балалар үйренген билерін қайталап, көңілденеді. Би ырғақтарын жеңіл жасап, бірге қимылдайды.

Балалар үш би түрлерін: полька, вальс, ұлттық би түрлерін атап айтады.

Балалар,би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажыратып, би түрлерін еске сақтап, әуенге сай тиісті суреттерін көрсетеді.

Балалар ханшайыммен қоштасады.

 

Жинақтау,

қорытынды.

Рефлексиялық —

түзетушілік

Тәрбиеші:

Рахмет ханшайым, біз сізді қонаққа шақырған да келіп жатырсыз. Жер әлемінде, мынадай мақал — «Орамал тон болмайды, жол болады», — дегендей.

«Су асты әлемін» — де жүргенде жолың болып жүрсін деп, балалардың атынан мына сыйлықты қабыл алыңыз.

 

Ханшайым:

Рахмет, балалар менде сендерге өз сыйлықтарымды ала келдім. Оны тәрбиеші апайларыңа берейін, артынан үйлестіріп береді. Ал, балалар сау болыңыздар!

(Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)

 

Тәрбиеші:

— Ханшайымға рахмет айтып қоштасайық.

— Балалар, сендер бүгінгі оқу қызыметіне жақсы қатыстыңдар, әдемі биледіңдер, ән айттыңдар, ойын ойнадыңдар.

— Сонымен, бүгін бізде не туралы сөз болды?

-Бізге бүгін қонаққа кім келді?

Балаларды мадақтап, қолдарына наклейка жапсырылады, қоштасады.

Балалар ханшайымның сыйлығына қуанады.

 

Балалар, су асты әлемінің ханшайымымен қоштасады.

«Су асты әлемі» — туралы.

Ханшайым келді.

Көңілді әуенмен топтарын тарайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Су асты әлемі жайлы білді.

Игереді: Әнді сезіммен, нақышына келтіріп айтуға, әуенді тыңдап, әңгімелей білу дағдыларын игерді.

Меңгереді: Су асты тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілікпен қарауды меңгерді.

 

C:\Users\home\Desktop\2018-02-14\002.jpg

 

C:\Users\home\Desktop\2018-02-14\001.jpg

C:\Users\home\Desktop\2018-02-14\003.jpg

C:\Users\home\Desktop\2018-02-14\004.jpg

Бопылдықова.А.Т.

КМҚК «Шағала» балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ