СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ

0
1913
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі- бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі- түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да-өнер. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек».
А. Байтұрсынов.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге  ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім.

Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйуін түйгенінше айтуға жарау.Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын», – деген.

Қазақ тілін оқыту барысында туған тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ тілі-оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттың салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматтарын тәрбиелеген болып табыламыз.

Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Технология-грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мақсатты білім беру- технологияның басты белгілері. Ахмет атамыз «Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек»-деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау.

Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз- мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жүзеге асырылып жүрген әлемнің он сегіз елінде сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Қазақстанда бұл технология 1997 жылдан бастап етек жая бастады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмауы керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Осындай әдістеме негізінде шәкіртттерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осы технология бойынша 2013 жылы арнайы семинар-курстан өттім.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

Шындалған ойлау, кез- келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі: Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. «Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім – білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.

«Орташа мұғалім- айтып береді,

Жақсы мұғалім -түсіндіреді,

Үздік мұғалім- көрсетеді,

Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. М. Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

Ақыл көріністері, ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің,

қайрат көріністерінің дамуы – сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру  емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығыушылықты ояту.

Үйрену үрдісі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету. Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Осы кезенде топтау, түртіп алу, ой шақыру әдістері бар.

Мағынаны тану (түсіне білу) Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады. Стратегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі.

V Білемін.

— Білмеймін.

+ Мен үшін жаңалық.

? Мені толғандырады.

Ой толғаныс

Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.

Бес жолды өлең

Венн диаграмма

Еркін жазу

Сол сияқты стратегиялар ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.

«ИНСЕРТ», «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.

«Екі жақты күнделік» стартегиясы арқылы оқушының қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.

Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді.(жаңа сабақ кезеңінде)

«Концептуалдық кесте» стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.

«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.

«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)

Тақырыпты жан-жақты талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады.

«Синку-эй» немесе « 5-жолды өлең» деп аталатын бұл стратегияда берілген сөзге тиісті сын есім, іс-әрекетті білдірер етістік табу шеберлігі анықталады.

Оқушылардың өз ойын айтуға, еркін сөйлесуге талпындыратын әдістердің бірі – «Еркін жауап» стратегиясында оқушыларға ерік беріліп, олардың қалаған жұмысын орындауға құқылы.

«Егер де мен…» әдісі оқушыны қиял әлеміне самғатып, шығарма соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.

«Түсініктеме күнделігі» стратегиясында оқушылардың сөздіктермен жұмыс жасауын талап етеді, сөз мағынасын жете түсінуге талпындырады.

Осы кезендердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:

Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

Басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;

Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;

Өз бетінше ізденуге үйретеді;

Еркін ойлауға мүмкіндік береді;

Тіл байлығы жетіледі;

Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;

Шығармашылық белсенділігі артады;

Ақыл ойын дамытады.

Ең бастысы сабаққа қызығуы артып, балалардың белсенділігі жоғары болады.

Қорыта келе, «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқтала кетейін.
Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.

Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:

СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе- білім» деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке апарар жолының бастауы – мектеп. Ал «Мектептің жүрегі- жақсы мұғалім»,- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім — тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі..
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»-деп, Ян Амос Коменский айтқандай,өзімді бақыттымын деп айтуға лайықты ұстаз болуға әлі талай көптеген ізгілікті  істер атқаруым керек деген тұжырымдамын.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы

«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ- нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бұхарова Анаркүл Оразқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ