«Сыни ойлауды дамытуда сұрақ қоюдың тәсілдері» тақырыбында коучинг

0
6301
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Сыни ойлауды дамытуда сұрақ қоюдың тәсілдері 

Коучинг мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін және сұрақ қоюдың тәсілдерін түсінеді, біледі, практикада қолданады.

Топтық жұмыс негізінде өзінің ішкі жан дүниесін ашып, сол арқылы шығармашылық ізденісі, өзіндік көзқарасы артады, өзіне-өзі есеп беруі мен бағалауы қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

  • Диалогтік қарым-қатынасқа үйренеді;
  • Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға бағыттауды үйренеді;
  • «Мен – ол», «Мен-мен» түсінігі қалыптасады;
  • Меңгерген әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданады.

Ресурстар: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, постерлер.

Модульдер: АКТ,СТО, диалогтік оқыту, өзін және өзара бағалау.

Коучингтің барысы: Бүгінгі коучингті мен Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзімен бастағым келіп отыр.

Коучингті бастамастан бұрын әріптестерді топқа бөліп алайық, ол үшін реттілік бойынша үшке саналайық. Енді біз орнымыздан тұрып психалогиялық ахуал қалыптастырайық қораптың ішіндегі (картинкадағы адам жайында үш жақсы жағын айту) керек.

Қызығушылықты ояту. (5 минут)

Ойды жалғастыр. Тренинг.

А. Мектеп сөзін еске алған кезде, алғаш ойыңызға не келеді? Бес сөз жазыңыз.

  • Ұстаз
  • Бала
  • Қоңырау
  • Үзіліс
  • Оқулық

Б. Сүйікті ұстазыңызды еске алған кезде, алғаш ойыңызға қандай ұғымдар келеді? Бес сөз жазыңыз.

  • сөйлеу мәнері
  • оқушымен қарым — қатынасы
  • адамгершілігі
  • берген білімі
  • мейірімі

В. Проблемалық жағдаят кезінде көмек пен кеңес алу үшін кімге жүгінесіз? (Бес сөз жазыңыз.)

  • жолдасыма
  • ата анама
  • мұғаліміме
  • көршіме
  • заңгерге

Г. «Мектеп – ол…» дегенді қандай сөздермен байланыстырасыз? Бес сөз жазыңыз.

  • мұғалімдер
  • сабақтар
  • бағалар
  • кітаптар
  • мектеп құрал жабдықтары

Енді сіздерге логикалық сұрақ мына әріптер нені білдіреді? Домбырада жетеу,сырнайда алтау, қобызда бесеу.Ол не? (әріп) Бұлда сыни ойлауды дамыту сұрағына жатады.

Енді әдіс тәсілдері талқыламастан бұрын сіздерге сұрақ, жалпы біз сұрақты не үшін қоясыздар?

  • Жауап білу үшін
  • Мақсатқа жету үшін
  • Ойландыру үшін
  • Толықтай жауап алу үшін
  • Тақырыпты ашу үшін
  • Тапсырманы орындағандығын білу үшін

Сұрақ оқушы үшін пайдалы, мұғалім үшін тиімді болу үшін:

  • Сұрақ қояр алдында мақсатты анықтау
  • Түсінікті болу керек
  • Сирек қолданатын терминдер қолданбау
  • Нақты болу керек
  • Қысқа түрде болу керек
  • Ойға қонымды болу керек
  • Бір сарынды болу керек.

Сұрақ қоюдың қандай әдіс тәсілдері бар: ашық және жабық сұрақ (жабық сұрақ иа жоқ деген жауапты қанағаттандыратын, жабық сұрақ дәлелдеудә қажет ететін сұрақ.)

  • Кім жылдам?
  • «Кір жаю»әдісі (Үй тапсырмасын бекіту.Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланады.)
  • Блум түймедағы
  • Алты сұрақ тәсілі (нені бағалау? Неге бағалау? Қалай бағалау? Қашан бағалау? Кім бағалайды? Қайда бағалаймыз)
  • Жеті неліктен? Бұл ширату жаттығулары
  • Ыстық орындық
  • Бинго әдісі
  • Детальдарды қосу
  • Графиктік әдіс
  • Фишбоун
  • Қарлы боран
  • Лездеме
  • Құпия зат

Сіз өз сұрағынызды қалай тиімді сұраққа айналдыра аласыз:

  • Сұрақты алдын ала жоспарлағыз, бұл оны барынша күрделендіре түседі
  • Дүрыс қойылған ашық сұраққа баса назар аударыңыз
  • Сұрақты бір бірден қойыңыз
  • Ойлануға уақыт беріңіз
  • Сұрақ қою әдісін өзгертіп отырыңыз
  • Барлық оқушының жауап беруіне мүмкіндік бергеніңізді қадағалаңыз

Топқа тапсырмалар: Сұрақ қоюдың графиктік тәсіліне тапсырма орындайық.

Ол үшін сұрақ иа деген жауапқа жоқ деген жауапқа

белгілеп отырамыз,соңында бізде график пайда болады.

Компьютердің тұрмыста пайдасы барма? (иа)

Теңдеудің белгісіз мүшесі табылама? (иа)

Y=kx функциясының графигі шеңбер ма? (жоқ)

(5+5)*1+2=12 болама? (иа)

Төртбұрыштың радиусы болама? (жоқ)

Бізде

Осындай график пайда болады

Екінші тапсырма Серпілген сауал әдісі. Бұл әдіс әрі ширату жаттығуына да жатқызуға болады. Ол үшін ортаға екі орындық шығарамыз. Біреуі дұрыс, екіншісі бұрыс тәсіл. Сұрақтар қою арқылы дұрыс бұрыс орындыққа отыру керек.

13 квадраты 169 (дұрыс)

Бағдаршамның үш түсі бар (дұрыс)

Қарға махаббат құсы (дұрыс емес)

Ақтөбеде он төрт облыс бар (дұрыс)

Алмұрт маймылдың сүйікті асы (дұрыс емес)

Хромтау көмірдің отаны (дұрыс емес)

Тангенс, катангенс тригонометриялық функцияға жатпайды (дұрыс емес)

Үшінші тапсырма «Коллаж әдісі» Бұл жерде түрлі түсті суреттер береді.Суреттерді қиып алып жабыстыррады. Шыққан суретті үш төрт сөйлеммен айтып кетеді.Орнында отқан бала бес сұрақ қояды. Бірақ бұл не деген сұрақ қойылмайды.

Қорытындылау

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.

 

Дана Шангереева

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ