Сынып жетекшілер олимпиадасы туралы қатысушылардың пікірі

4
518

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Qaztest.kz интернет олимпиада сайтында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысында ұстаздардың басым көпшілігі жүлделі орын алып, дипломмен марапатталды. Ең жоғары нәтиже көрсеткен 100 ұстаз құрмет грамотасымен марапатталса, 9 сынып жетекшісі бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Қатысушылардың олимпиада туралы пікірлерін жариялап отырмыз. Сіздердің әрбір ұсыныстарыңызбен пікірлеріңіз сайтымыздың өсіп-өркендеуіне және одан да жоғары тың жобаларды жүзеге асыруына септігі тиері сөзсіз. Барлық жүлдегер болған қатысушыларды біз де жеңісімен құттықтаймыз. 

Абуова Акжунис (Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы №5 мектеп мұғалімі)

Сәлеметсіздер ме? Марапат қағазын алдым. Көп рахмет. Өте ұтымды олимпиада екен. Менің ұсынысым болашақта осылай оқушылар арасында олимпиада болса жақсы болар еді.

 

Фатима  Бекназаровна  (Қостанай   облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектеп мұғалімі)

Сәлеметсіздер ме? Марапатты  алдым.  Рахмет!
Олимпиада  маған  ұнады.  Қағазбастылықпен  жүрген  мұғалімдердің  кітапты  оқуына уақыты  аз,  жоқтың  қасы.  Теорияны  оқып,  еске  түсірдім. Мен  үшін  бұл  білгенімді  пысықтау болды.  Алдағы  жұмыстарыңызға  шығармашылық  табыс  тілеймін.
Өсіңіздер,  өркендеңіздер.  Сайыс,  конкурс,  олимпиадалар  сынып  жетекшілеріне  өте  қажет. Біз  сіздермен  бірге   жұмыс  жасауға  дайынбыз.
игі  тілекпен    бастауыш  сынып  мұғалімі  Фатима  Бекназаровна  «№19 орта мектебі»КММ,  Рудный қаласы, Қостанай   облысы

 

Аманкул Юсупова (Жезқазған қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей мұғалімі)

 Марапат қағазымды алдым. Сіздерге үлкен рахмет. Олимпиада жақсы, шынайы өтілді. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

 

Арайлым Омарбекова (Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, №5 шағын орталықты орта мектеп мұғалімі)

Өте керемет байқау ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз сұрайын дегенім қанша ұпай жинағандарға бағалы сыйлық мысалы мен 19ғана жинай алдым егер болса тағы қатысар едім рахмет жемісті болсын жүргізіп отырған жұмыстарыңыз.

 

Танирбергенова Дана (ОҚО, Кентау қаласы, С.Қожанов атындағы №9 мектеп мұғалімі)

Саламатсыздар ма құрметті Qaztest орталығының қызметкерлері?!Сіздерге үлкен рахмет! Өте тиімді ұйымдастырылған тест тапсырмаларыңыз үшін алғыс айтамын.

 

Әленова Айбала Оқапқызы (Алматы қаласы, № 19 ЖББМ мұғалімі)

Сіздерге көп-көп рахмет!
Тест тапсыру арқылы білімімді шыңдап жатырмын! Осындай олимпиадалар болып жатса қатысудан бас тартпаймын. Жетістікке жетуге әрқашан дайынмын. Сіздерге алғысым шексіз!

 

Сариева Шолпан Сталвекқызы (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп мұғалімі) 

 Саламатсыздар ма! «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасына қатысып, 2-дәрежелі диплом  алдым. Олимпиада ұйымдастырушыларына көп рақмет! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер және сайттарыңыз одан да көркейе беруіне тілектеспін. «Жас маман» сайысына қатысқанмын, енді ол сайыстан да орынға үміттенудемін.

 

Хисметова Зергуль (Атырау облысы, Индер ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп мұғалімі)

Сәлеметсіздер ме! Рахмет алдым.  Жақсы бастама. Жұмыстарыңызга сәттілік. Диплом дизайны ерекше. Өте қатты ұнады. Енди тек олимпиада болғанда бір күннің ішінде бір сағатта болса бүкіл республика бойынша. Сонда нағыз олимпиада болар еді.

 

Битенова Гулназ Муханбеткалиевна (Ақтөбе қаласы, №58 мектеп мұғалімі)

Марапат қағазын алдым. Көп рахмет, Қазтест сайты нәтижесіне көңілім толды. Әрдайым байланыста боламын. Сіздерге рахмет! Енді қандай байқаулар бар, жариялап отырсаңыздар.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Сəлеметсиздерме? Осындай жарыстарға мұғалімдер қатысып, білімдерін шыңдап, жақсы жетістіктерге жетсе, өз басым қатты қуанамын. Ұрпақтарымызды тəрбиелеп, білім нəрін беретін ұстаз жандар гой. Алда келе жаткан мейрам құтты болсын!

  2. Ұжымның жоғары дәрежедегі жұмысына былтыр көзім жеткен еді. Қызметте биік белестерді бірге еңсере берейік. Рақмет үлкен!
    Ұсыныс: кез-келген байқауларыңызға төлемді Qiwi төлем арқылы жасау жолдарын қарастырсаңыздар екен. Себебі, «KASSANOVA» банкі өте сирек, әрі қызмет сапасы көңілден шықпады. Табысты тілеймін!!!

  3. Марапатымды алдым. Жаксы бастама жалғасын таба берсін!Өзіме де Сіздерге де ризамын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ