Сынып жетекшілер олимпиадасының аяқталуына 2 күн қалды.

9
1915

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Президент қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында І республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастырылуда. Олимпиаданың аяқталуына 2 күн қалды.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.

Олимпиаданың мақсаты: Үздік сынып жетекшілерін тек мектеп қабырғасында ғана емес, республикалық масштабта насихаттау және оларды марапаттау.

Өткізілу уақыты: 15 қаңтардан 15 ақпан аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Олимпиада жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) табысталады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы олимпиаданың ақпараттық демеушісі және ұйымдастырушылары болып табылады.

Олимпиадаға қатысты қосымша ақпараттар

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 700 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1300 теңге, үш реттік мүмкіндік –1800 теңге.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 18 ақпан күні сайтта жарияланады.

І орын – 25-22 ұпай

ІІ орын – 21-19 ұпай

ІІІ орын – 18-15 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада аяқталғаннан кейін, яғни 15 ақпаннан кейінгі бір апта ішінде электронды түрде почталарына жіберіледі.

Бас жүлде алған ұстазға арнайы статуэтка және ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) тағайындалады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Төлем киви терминал арқылы  (Басқа қызметтер→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.


9 ПІКІРЛЕР

  1. Сәлеметсіз бе? Мен «үздік сынып жетекші» байқауына қатысып 19 ұпай алған едім. Бірақ маған тек қатысқан үшін сертификат берілді. Ал сайтыңыздың түсіндірілімінде 21-19 ұпай алғандар ІІ орынға ие болады делінген. Бұны қарастырып бересіз бе? Рахмет!

  2. Сəлеметсіздер ме, мұғалімдерге арналған кандай байкаулар бар?
    Егер акылы болсада, төменде көрсетілген электронды почтаға жиберсеңіздер.

  3. Сәлеметсізбе! Дәл қазір бізде осы олимпиада жүріп жатыр. Қатысуыңызға болады

  4. Сәлеметсізбе! Ия,диплом беріледі. Байқау қорытындысы біткеннен кейін 18 ақпан сайтта жарияланады. Одан кейін барып дипломдар берілетін болады

  5. Сәлеметсіздер ме? Бейннұсқауды таппадым. Қалай төлем жасаймын?

  6. Саламатсыздарма ! Дене тәрбиесіне арналған қандайда бір байқаулар болса, оқушыларға , мұғалімдерге арналған, төмендегі көрсетілген поштаға жіберуіңізді сұраймын . Алдын ала рахмет!

  7. Сәлеметсіздер ме, «Мәртебе кз» ұжымы! Мен ылғи да пән бойынша олимпиадаларға қатысатынмын. Кеше сіздердің сайттарыңыздағы «Ең үздік сынып жетекшісі» олимпиадасына қатысып, өзімнің сынып жетекшілік деңгейімді нақты анықтай алдым деп ойлаймын. Алған ұпайым 18.
    Сіздерге осындай мүмкіндік беріп, олимпиада ұйымдастырғандарыңызға рахмет. Олимпиада тапсырмалары сауатты әрі түсінікті құрастырылыпты. Істеріңізге сәттілік, шығармашылық табыстар тілеймін.

  8. Қайырлы күн! Жылы лебізіңіз үшін рақмет! Алдағы уақытта да жобаларымыз өз жалғасын табатын болады. Олимпиада біткен соң сізге диплом жіберілетін болады

  9. Qaztest.kz сайтына кірсеңіз, ең жоғарғы бөлігінде Видеонұсқау деген бөлім бар. Сол жерді қарасаңыз, барлығы жақсы түсіндірілген

ПІКІР ҚАЛДЫРУ