Сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс жұмысы

0
18340
Ұстаз

 

   Мақсаты :     Мектептің  бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс

түсінуі, ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықта

түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға

ретінде дамуына жағдай жасау.

    Міндеті:       Сынып жетекшілерге ата – аналармен  жүргізілетін

жұмысты ұйымдастырудың жаңа формаларын насихаттап,

болашақта нәтижелі жұмыс жасату.

   Әдісі:          Әлеуметтік пікіртерім

Формасы:    Топтық

  Күтілетін нәтиже:   Ата – анамен сынып жетекші ынтымақтаса

байланысу   арқылы қазақстандық ұлтжанды, төзімді,

рухани құнды, рух – жігері шыңдалған белсенді тұлға

қалыптасады.

Барысы: І. Қызығушылықты ояту

  • дөңгелек үстел « Сынып жетекшісінің ата – анамен жүргізілетін  жұмыстары»

ІІ. Мағынаны тану

— ДЖИКСО – 2

  1. Жұмыс түрлері
  2. Ата – аналар мектебі
  3. Ата – аналар топтары

ІІІ.  Ой толғанысы

— « аквариум » арқылы білгенін баяндау

— « сиқырлы қалам » арқылы пысықтау

— « 10 минуттық эссе »   әдісі « Менің ата – аналармен жүргізетін жұмыстарым »

Пікіртерім барысында  ата – аналармен  жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары туралы  сөз қозғалды.

Семинар сабақ барысында « Ата – аналар мектебі » : пікірталас клубы, ата – аналар клубы, психологиялық тренинг, тақырыптық кеңес, ата – аналар  университеті,отбасылық тәжірибе презентациясы, педагогикалық семинар, шығармашылық кештер туралы  сынып жетекшілер жан – жақты талқылады. Осы « ата – аналар мектебі »  арқылы, сынып жетекшілер М.Дулатовша айтсақ, « Мектептің басты мақсаты – жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру » екендігін ұғынды.

Сонымен бірге сынып жетекшінің ата – анамен  жүргізетін жұмысының түрлері ретінде : мектепішілік ата – аналар  жиналысы, ата – аналар үшін педагогикалық оқулар, ата – аналармен жеке кездесулер ұйымдастырып отыру, ата – аналар үшін ашық есік күн, мерекелік кештерге шақыру, ата – аналар конференциясының түрлері және оның өткізілу жобалары туралы жан – жақты ой қозғаған класс жетекшілер пікіртерім барысында өз ойларын  презентациялар арқылы бөлісті. Осындай  нәтижелі жұмыстар арқылы  сынып жетекшілер өз сыныбының ата – аналарын топтарға жіктеді. Нәтижесінде, барлық мүмкіндігі бар, балалары үлгілі отбасылар,  бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарайтын, ішімдікке әуес ата – аналардан құралған, балалары нашар оқитын  отбасылар, балаға  тәрбие берудегі бағыт – бағдары  талапқа сай, бірақ тұрмыс – жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар, баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылығы  бала психологиясына кері әсер ететін отбасылар болып бөлінген.  

Әлеуметтік пікіртерім барысында сынып жетекшілер осындай ата – аналар топтарын жіктеп, олармен жұмыс жасаудың ерекшеліктеріне тоқталды.Сонымен осындай ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың формаларын жасады.Олар: шығармашылық кештер, ата – аналар тренингі,  тақырыптық кеңес, психологиялық тренинг, пікірталас клубы  арқылы  жұмыстар жүргізуге болатындығы айтылды. Пікіртерім соңында  сынып жетекшілер өздерінің  бүгінгі семинардан алған әсерлері төңірегінде ой қозғап  парақ беттеріне түсірді. Мен тәрбие ісінің меңгерушісі ретінде осы әлеуметтік пікіртерім арқылы, « Тәрбие, кең  мағынасымен  алғанда,  қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз екенін » ( М.Жұмабаев)   ұғындыра алдым деп ойлаймын.

Сабақты өткізген: Тасым  Айзада Тобажанқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ