«Тәңіртаудың Мұзбалағы» (М. Мақатаев оқулары, 5-9 сынып оқушылары)

0
1970

Түйіндеме: Қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай мектебімізде дәстүрлі өткен «Тәңіртаудың мұзбалағы» атты 5-9 сыныптар арасында жыр-дода өтті. Аталмыш додада бірнеше номинацияларды қамтылды.

Чтение Мукагали Макатаева проходило в 5-9 классах, посвяшенный дню рождения казахского поэта Мукагали Макатаева. Чтение Мукагали Макатаева включали несколько номинации.

The poetry of the Kazakh was arranged in 5-9 th grades by the Mukagali Makataev reading 6 which is a traditional dedicated to the birthday of M.Makataev. The competition took place in several nominations.

  1. Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Қара өлең» шығармасы (сабақ жоспары)
  2. Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
  3. Мұқағали – жастардың жүрегінде поэзия кешінің сценариі

Мақсаты:

-Мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев шығармаларын насихаттау;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау;
-Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең құдіретін сезіндіруге үйрету;

Барысы:
Мұғалім:

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көреміз бәрін оның пешенеден.
Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе,
Көшеді өлең, немесе өшеді өлең

М.Мақатаевтай алыптың ақындық жарқын жүзіне, миллион адам түрлі пікір пайымдаса да желмен желпіп қаншама жылдар өтсе де, ешбір кіреуке түспей келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің
аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын жайлы ой өрбітіп, өлеңдерін жатқа оқимыз. Тәңіртаудың мұзбалағы егер де тірі болса бүгінде …….. жасқа толар еді. Мектебімізде дәстүрлі өтетін М.Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Тәңіртаудың мұзбалағы» атты жыр додаға қош келдіңіздер!

М. Мақатаев оқуларының шарттары:

1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бұл айдарда үміткер М.Мақатаев
шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізбесін алын-ала әділ- қазы алқасына ұсынуы керек. Әділқазылар тізбенің кез-келген жерінен 2-3 өлең ұсынуы мүмкін. Үміткердің өлеңді мәнерлеп, көркемдеп жатқа оқуына баға қойылады.

2. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» айдарында оқушы өз шығармашылығынан ақынға арнау ұсынып жатқа оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, тақырыптың ашылуы, оқу мәнері ескеріледі.

3. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер берілген поэмалардан үзінді жатқа оқиды. 1. «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау», «Ару Ана».

4. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» -сұрақ-жауап ойыны. 10 сұрақ беріледі, 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауапқа- 1 ұпай беріледі.

Бүгінгі жыр-додаға әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.______________________________________________________________
2.________________________________________________________________
Мұқағали оқуларына қатысушы оқушыларды таныстырып өтейін.
(Аты аталған қатысушы орнынан тұрып сахнаға келуі керек.)

Құрметті Мұқағали оқуларына қатысушы оқушылар барлығыңызға сәттілік тілейміз. Үстелдегі нөмірді суырып реттік нөмірлеріңізді анықтап алыңыздар.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін…

1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарын бастайық.
Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп оқып береді.
Келесі кезекте әділ-қазылар алқасынан 1 бөлімнің әділ бағаларын сұраймыз.

Білемін керемет бір күн келеді,
Жайнайды , жасыл бағым гүлденеді.
Көремін керемет бір күн кешемін,
Болашағым сенімен бірге өсемін,- деп өз заманымен ғана емес, болашақпен бірге өмір сүретінін ақын білді, ол жырларының болашағына сенді.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» айдарында оқушылар өз туындыларын жатқа оқиды. Әділ-қазы алқаларынан 2 бөлімнің әділ-бағаларын сұраймыз.

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.
Сел-жырым ақтарылса арнасынан
Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар,
Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар,-деп Келесі кезекте 3 бөлімге берелік. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер берілген поэмалардан үзінді жатқа оқиды.
1. «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай Атырау», «Ару Ана».
Әділ-қазы алқаларынан 3 бөлімнің әділ-бағаларын сұраймыз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елендестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Келесі кезекте 4 бөлім «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?»- сұрақ-жауап ойыны. 10 сұрақ қойылады, 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай беріледі.

1-реттік нөмірдегі оқушы:___________
1. Мұқағали Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? ( 1931 жылы, Алматы обл, Нарынқол ауд, Қарасаз ауылы)
2. Мұзбалақ деген не? (Қыранның қырағысы, өжеттігі мен қайраты бойында, діттегеніне жетпей қоймайтын)
3. М. Мақатаев неше жасында шаңырақ көтерді? (18)
4. Жарының есімі (Лашын)
5. Мұқағалидің әкесі кім болған? ( Қарапайым шаруа адамы)
6. Ақын қай жылдары ҚазМУ-дың фиолология факультетінде оқиды? (1948-1949)
7. Ақынның «Қарлығашым келдің бе?» атты кітабы қай жылы жарық көрді? (1967)
8. М.Мақатаев қазақ тілінен басқа қай тілді жетік меңгерген? (орыс тілі)
9. Мұқағалидың кітаптарын ең қымбат қазынадай қастерлеп оқы! кімнің естелігі?
(Т. Молдағалиев)
10. Ақын анасының есімі? ( Нағиман Бапанқызы)

2-реттік нөмірдегі оқушы:____________
1. «Мұраты мықты Мұқағали,
Қуаты құтты Мұқағали» кімнің сөзі ? (М.Әлімбаев)
2.Мұқағали Мақатаев Ұлы отан соғысы кезінде қанша жаста болады? (10 жаста)
3. Лашын Әзімжанованың мамандығы? (мұғалім)
4.Мұқағалидың қанша баласы бар? 5
5. Алғашқы жыр жинағы шыққан уақытта ақын қанша жаста болады? 33
6.Ақынның әкесінің аты? Сүлеймен
7.Лашынмен қай жылы шаңырақ көтереді? 1949
8.Ақын қай жылдары «Жулдыз» журналында қызмет атқарады? 1965-1972
9. «Райымбек, Райымбек» поэмасын қай жылы аяқтайды? 1971
10. Ә.Тәжібаев М.Мақатаев туралы қандай мақала жазды? (Шынай талант)

3-реттік нөмірдегі оқушы:_______________
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі? (Мұхамедқали)
2. Мұқағали үйінің нешінші баласы (бірінші)
3. Ақиық ақын неше жасында дүниеден өтеді? (45)
4. Мұқағали кімнің тәрбиесінде болады? (әжесі Тиын)
5. Ақын қай жылы Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады? 1957
6. Ақын қай жылы жазушылар одағына мүшелікке кіреді? 1970
7. Мұқағали Мақатаевтың қанша поэмасы бар? (19)
8. Аққулар ұйықтағанда поэмасы қай қалада қашан жарық көрді? (Алматы, 1974 ж)
9. «Мұраты мықты Мұқағали,  Қуаты құтты Мұқағали» кімнің сөзі ? (М.Әлімбаев)

4-реттік нөмірдегі оқушы:___________________
1. Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба? Өлеңінің атауы қалай? (Автограф)
2. Ғасыр ақыны атағы берілген ақын? (Мұқағали Мақатаев)
3. «Сәби болғым келеді» өлеңінің авторы? (М.Мақатаев)
4. Ақынның 70 жылдық мерейтойына орай қандай жинағы үшін лауреат атағы берілді?
(Аманат)
5. Мұқағали Мақатаев қай қалада дүниеден өтті? (Алматы)
6. 1964 жылы шыққан тұңғыш поэмалар жинағының атауы? (Ильич)
7. Мұқағали Мақатаев өлеңді неше жасынан бастап жазады? (10-11жастан )
8. Мұқағали Мақатаев дос болған ақын қыз? (Фариза)
9.Әкесі қай жылы Калининград майданында қаза табады? (1941)
10. 1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте қай пәннен сабақ береді? ( орыс тілі)

5-реттік нөмірдегі оқушы:_____________________
1. Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған поэмасы? (Қашқын)
2. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жарық көрді?(1975жылы)
3. Мұқағалидың мұражайы орналасқан жері? (Қарасаз)
4. Мұқағали шығармаларының үздіксіз басылған жылдары? (1960-1970жж)
5. Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтармын,-деген ақын кім? (Мұқағали Мақатаев)
6.Ақынның шынайы туылған күні қай күн? 13 наурыз
7. Ақын қай жылдары советтік шекара газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет ақарды? 1960-1962
8. Ақынның 1966 жылы қандай өлеңдер жинағы жарық көреді? (Армысыңдар достарым)
9. Мұқағали ақынның балаларының есімдері? Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл.
10.Лашын Мұқағалимен қосылғанда жасы қаншада болған? 21

6-реттік нөмірдегі оқушы:______________
1.Ақынның екі інісінің есімдері? Тоқтарбай мен Көрпеш
2.Мұқағали орта мектепті қай жерден бітіреді? Нарынқолдағы мектеп-интернат
3.Ақынның өлеңдері республикалық басыдымдарға қай жылы жариялана бастады? 1950
4.1964-1976 жж ақынның қанша жинағы жарық көреді? 8
5. Мұқағали кімнің тәрбиесінде болады? әжесі Тиын
6.Ақын қай жылдары Данте Алигерьидің құдіретті комедиясының Тамұқ бөлімін аударады. 1965-1966
7. М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалған жыл? 2008 жылы
8.1999 жыл ақынның қай кітабы мемлекеттік сыйлыққа ие болды? Аманат
9. Мұқағали Мақатаевтың қанша поэмасы бар? (19)
10.Ақын дүниеден өтер алдында қандай толғау өлең жазды? Реквием

7-ші реттік нөмірдегі оқушы:______________
1. Мұқағали Мақатаевтың суреті бейнеленген пошта маркасы жарияланған жыл? 2006
2. Ақын шығармалары қай тілдерге аударылған? Өзбек, қырғыз
3. Ақынның Аманат кітабы қай жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болды? 1999 ж.
4. Ақынның Аққулар ұйықтағанда поэмасы қай жылы жарық көрді? 1974
5. Ақынның азан шақырып қойылған аты кім? (Мұқамедқали)
6. «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңінің авторы? (М.Мақатаев)
7. Мұқағали Мақатаев қай қалада дүниеден өтті? (Алматы)
8. Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған поэмасы? (Қашқын)
9. Мұқағали шығармаларының үздіксіз басылған жылдары? (1960-1970жж)
10. Мұқағалидың мұражайы орналасқан жері? (Қарасаз)

8-ші реттік нөмірдегі оқушы:______________
1. 1964 жылы шыққан тұңғыш поэмалар жинағының атауы? (Ильич)
2. Мұқағали Мақатаев үйінің нешінші баласы? (бірінші)
3. Мұқағалидың кітаптарын ең қымбат қазынадай қастерлеп оқы! кімнің естелігі?
(Т. Молдағалиев)
4. Ақиық ақын неше жасында дүниеден өтеді? 45
5. Лашынмен қай жылы шаңырақ көтереді? 1949
6. Әже тәрбиесінде өскен Мұқағали өмір бойы шешесін қалай атаған? Нақа
7. Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмір жайлы не түсінем, не білем.
Ол  жайлы білгің келсе қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген деп жырлаған кім? Мұқағали
8. Мұқағалидің әкесі кім болған? ( Қарапайым шаруа адамы)
9. Ақын анасының есімі? ( Нағиман Бапанқызы)
10. Аққу, ана, бала кездесетін ақынның поэмасы қалай аталады? Аққулар ұйықтағанда.

Мұқағали,Еленбедің қатарыңнан шет қалдың,
Сырларыңды дәптеріңе ақтардың.
Дәл бүгінде сайрап жатқан секілді
Бұлбұлдары сен дем алған бақтардың.

Сен тірісің мәңгілік, мәңгіліксің.
Білемін керемет бір күн келеді,
Жайнайды, жасыл бағым гүлденеді.
Көремін керемет бір күн кешемін,
Болашағым сенімен бірге өсемін,-деп өз заманымен ғана емес, болашақпен бірге
өмір сүретінін ақын білді, ол жырларының болашағына сенді.

Жылдар өтер… әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек деп келесі сөзді қазылар алқасына береміз

Қорытынды:
… Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, — деп Айт ақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ