Тұйық етістік

0
1569
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік

Мақсаты: Оқушыларға тұйық етістік жайлы түсіну, жасалуын меңгеру.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі: тұйық етістіктің ережесін біледі. Жасалу жолын меңгеру. Сөйлемнің ішінен тұйық етістікті табу. Тұйық етістікке жұрнақ жалғағанда қандай дыбыстық өзгеріске түсетіні білу.

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар тұйық етістікті жаылы түсініктері қалыптасады, жасалуын меңгереді.

Әдістер: «Қарлы кесек» әдісі, «Кім жылдам?» әдісі, «Фишбоун» әдісі, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау, смайликтермен бағалау, өзін-өзі бағалау, критериалды бағалау.

Ресурстар: Оқулық, маркер, түрлі-түсті және ақ қағаздар.

Білім

Таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
2 минут

Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.

Қолыма Қ.Р. Мемлекеттік туын ала отырып «Мен үшін кім қымбат» деген сөзді айтамын. Сол сөзді естігенде оқушылар ойына не келетінін сұраймын. Бірінің айтқанын екіншісі қайталамауын ескертемін.

Екі түсті стикерлер арқылы екі топқа бөлемін.

Ата-анам, інім, жерім, отаным, бауырларым, достарым, мектебім, туған жерім, елім, ел тыныштығы деп әр түрлі жауап береді. Екі түсті стикерлерді ала отырып екі топқа бөлінеді.

І. Білу.

ІІ. Түсіну.

5мин.

«Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

  1. Көсемше дегеніміз не?
  2. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  3. Есімше дегеніміз не?
  4. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Топта талқылап, сұраққа жан-жақты жауап береді.
ІІІ. Қолдану

10мин.

«Жигсо» әдісі арқылы жаңа сабақ меңгеріледі.

Мәтінді топтарға бөліп беремін. Оқып танысып болған соң басқа топтарға араласып әр топ мүшелері өздеріне бөлініп берілген мәтін бөліктерін топта талқылайды. Мәтін толық талқыланады.

 

Оқып танысып, топтарда талқылайды.
IV.Талдау

15мин.

Оқулықпен жұмыс

256-жаттығу: Тұйық етістіктерді теріп жазып түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.

257-жаттығу. Тұйық етістіктің астын сызып сұрақ қойыңдар.

«Кім жылдам?» әдісі

259-жаттығу. Берілген тұйық етістіктерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар, тұйық етістіктерге жұрнақ жалғанғанда қандай өзгерістер байқалады?

Жаттығу жұмысын орындайды.

Сергіту сәті

2мин

«Көңілді күн» бейне – ролик Оқушылар бейне – роликті көре отырып, би қимылдарын қайталайды.
V. Жинақтау

10мин.

«Фишбоун» әдісі

Бұл әдіс арқылы оқушылар тұйық етістікті балық қаңқасына жазып, оң жақ қабырғасына заттық мағынадағы сөздерді, сол жақ қабырғасына қимылдық мағынадағы сөздерді жазып шығады. Ал құйрығына тұйық етістіктің ережесін жазады.

Тұйық етістікті ережесін, мысал келтіріп жазады.

VI.Бағалау.

5 мин.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау, смайликтермен бағалау, өзін-өзі бағалау, критериалды бағалау.

Үйге тапсырма: 260 –жаттығу

БББ кестесі арқылы кері байланыс жүргізу.

Оқушылыр бағалау парақшалары арқылы бірін-бірі бағалайды, басбармақ арқылы топтық жұмысты бағалайды, смайликтер арқылы бағаланады, критиалды бағалануы.
Рефлекция
Оқу үдерісінде оқушылар топқа бөлінуді үйреніп, топ ережесін құра білді. оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алды. АКТ- ны пайдаланды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Оқушылар бірін – бірі бағалауды үйренді. Бағалауда барлық оқушылар ат салысты. Сабақта қатыспай шетте қалған оқушылар болмады.
Қорытынды бағамдау

Сабақтың барысында мынадай жетістіктер орын алды.

Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, алған білімдерін өмірде де пайдалана алатынына ықпал еттім. Сабақ соңында оқушылардан «Осындай сабақ үнемі болса, тағы да басқа әдіс-тәсілдер арқылы өтсек» деген пікірлер айтылды.

Мен әріптестеріммен кеңесіп, өткен сабаққа жан-жақты қарап, талдау жасадық. Ендігі сабаққа қандай әдіс-тәсілдерді алу тиімді екенін қарастырдық.

Бағалау критерийі Дискриптор
Білім алушы
Тұйық етістіктің ережесін біледі.

Заттық мағынадағы тұйық етістікті біледі;

Қимылдық мағынадағы тұйық етістікті біледі;

Жасалу жолын меңгереді.

-у жұрнағы жалғанатынын біледі;

Талдау жасай алады;

Сөйлемнің ішінен тұйық етістікті табады.

Түбірі мен қосымшасын ажыратып көрсете алады;

Мысал келтіре алады;

Тұйық етістікке жұрнақ жалғағанда қандай дыбыстық өзгеріске түсетіні біледі. Морфологиялық талдау жасай алады;


ПІКІР ҚАЛДЫРУ