Төменгі сөре 60 метрге жүгіру және эстафеталық жүгіру

0
4640
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Дене тәрбиесі сабағынан 9- сыныпқа арналған сабақ жоспары
Уақыты: 40минут
Сабақтың мақсаты:
1. Жеңіл атлетикада қысқа қашықтыққа қашықтыққа жүгіру әдіс-тәсілдерін,техникасын үйрету.
2. Эстафеталық жүгіруді үйрету.
3. Оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т.б. қасиеттерін дамыту.
Өтетін орны: спорт алаңы
Керекті құралдар: секундомер, ысқырық.
Сабақ бөлімі Сабақ бөлімі Уақыты Әдістемелік нұсқау

I

Ұ

Й

Ы

М

Д

А

С

Т

Ы

Р

У

 

Б

Ө

Л

І

М

І

— Сапқа тұру. Сәлемдесу.

— Түзел! Тік тұр!

— Оңға, солға, кері айнал!

— Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру

— Алаңды айналып жүру

Жүру жаттығулары:

1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру

2. Қол желкеде өкшемен жүру

3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру

4. Қол алда жартылай отырып жүру

5. Қол белде толық отырып жүру

6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

  1. Қол желкеде аяқты артқа лақтырып жүгіру
  2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру
  3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру
  4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру
  5. Қол белде жанымызбен жүгіру

Ж.Д.Ж

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа серменйміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.

9. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа отырамыз. 2 – Б.қ. 3 –сол аяққа отырамыз. 4 –Б.қ

10 мин

Спорттық кимдеріне көңіл бөлу

Дұрыс бұрылуын қадағалау

F:\сабак1\20160526_112418.jpg

Тіземізді барынша жоғары көтереміз

F:\сабак1\20160526_112547.jpg

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау

Алақан жайылған күнінде

Қолымызды аяғымызға тигіземіз

Шынтақты бүкпейміз

Тізе бүгілмейді

II

Н

Е

Г

І

З

Г

І

 

Б

Ө

Л

І

М

1.Қысқа қашықтыққа жүгіруде төмені сөрелік қалып қолданылады. Мұндай сөрелік қалып жүгіруді шапшаң бастауға және қысқа қашықтық бөлігінде 60 метр жоғары шапшаңдыққа жетуге мүмкіндік береді.

Төменгі сөрелік қалыптағы көпіршені (аяқ тірегішті) мынадай ретте орналастырған тимді болады: жүгіруші өзінің күшті деп есептеген аяғын сөре сызығынан 35-40 см кейін тұрған алдыңғы көпіршеге, ал екінші аяғын сөре сызығынан 70-85см кейін тұрған екінші көпіршеге қоюы керек.

«Сөреге!» деген команда бойынша жүгіруші аяқтарын көпіршелерге тіреп, кейінгі аяқтың тізесін бүгіп жерге тигізеді. Екі қолының жзылған саусақтарын сөре сызығының бойына иық кеңдігіндей етіп тірейді.

«Дайындалыңдар!» деген команда бойынша жүгіруші жамбасты көтеріп, иықты ілгері шығарады. Бұл кезде жамбас иықтан біршама жоғары юолуы тиіс.

Дене салмағының едәуір бөлігі қолға түсетініне қарамастан, табанда көпіршеге тіреу жеткілікті болуы қажет. «Дайындалыңдар!» командасы бойынша жүгіруші терең тыныс алып жүгіруші дәл уақытында әрі дұрыс бастауға өзін жинақтап, дем шығаруды кідірте тұрады.

«Жүгір!» деген команда бойынша жүгіруші жүгіреді.

25минут

F:\сабак1\20160526_112742.jpg

F:\сабак1\20160526_112814.jpg

F:\сабак1\20160526_113008.jpg

III

Қ Б

О Ө

Р Л

Ы І

Т М

Ы

Н

Д

Ы

— Сапқа тұрғызу.

— Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру

5минут Сапқа дұрыс тұруын, тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасауды қадағалау.

 

Жақсыбаев Ерген Жасқайратұлы

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ