Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

0
2948

Қадірлі Martebe.kz ақпараттық порталы мен Qaztest.kz қазақ тілді интернет сайтының қолданушылары!

Сіздерді SKILLS ACADEMY мекемесі атынан оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің қатысушыларымыз үшін биылғы оқу жылы өте сәтті аяқталды деуге толық негіз бар. Сайтымызда көптеген олимпиадалар ұйымдастырылып, республикамыздың үздік педагог мамандары мен дарынды оқушылары жүлделі орындармен марапатталды.

Martebe.kz ақпараттық порталы осы оқу жылында бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырды. Олардың қатарында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Үздік тәрбиеші«, «Үздік жас маман«, «Үздік әдіскер» сынды байқаулар биылғы жылы да жоғары деңгейде өтіп, үздіктер арнайы төсбелгі мен және  сыйлықтармен марапатталды.

Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайты оқу жылында педагогтарға арналған «Үздік педагог«, «Үздік сынып жетекші«, «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері«,  Ермұхан Бекмаханов атындағы тарих олимпиадасы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы, «Педагогика және психология» пәні олимпиадалары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үздіктер бағалы сыйлықтармен, арнайы стипендиялармен және «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар оқушы жастарға арналған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов атындағы тарих олимпиадасы, қазақ әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы және әдебиетсүйгіш жастарға арналған «Әдебиет білгірі» олимпиадасы өтіп, дарында оқушылар «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және республикалық «Ұлан» және «Ақжелкен» басылымдарының алты айлық жазылымын сыйға алды.

Сонымен қатар олимпиада ұйымдастыру комитеті қатысушыларды қайырымды іс жасауға ұмтылдырып, «ДОМ» қайырымдылық қорынақаржылай көмек қолын созды. Соның нәтижесінде Кемелхан Арсен мен Қали Айдана есімді кішкентай бүлдіршіндердің ем-домына жұмсалды.

Олимпиада ұйымдастыру комитеті қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың құрметіне жас тарихшылар атынан Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетіндегі Е.Бекмаханов атындағы кабинетке арнайы экран сыйлады.

Тағы бір ауыз толтыра айтатын жобаларымыздың бірі білікті мамандар мен байқау жеңімпаздарынан сұхбат алып, оларды республикалық басылым беттеріне жариялап насихаттауды қолға алдық. Кәсіби журналист Қарашаш ЕСЕНБАЙДЫҢ сұхбаттарын мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Ұстаздармен сұхбаттарды оқу

Бұл біздің ұжымның осы оқу жылында атқарған жобаларының бір көрінісі. Алдағы оқу жылына жоспарланған жаңалықтар өте көп. Жазғы уақыттарда балабақша қызметкерлеріне арналған олимпиадалар өтетін болады.

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Құрметпен SKILLS ACADEMY мекемесі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ