Тәрбие-тал бесік. (эссе)

0
3298
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Тәрбие-тал бесік.

       Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымының қызметі өте қиын да күрделі болып тұрғандығы бәрімізге  белгілі жағдай. Дегенмен, «жоқтан жонып бар жасауды» қағида қылып алған ұйымның  педагогтары үнемі ізденіс үстінде болу керек. Білікті де білімді маман болу үшін  жаңа дамыту технологияларды толық меңгеріп, педагогика мен психология тұжырымдамаларын өз жадынымыздан шығарып алмауымыз шартты нәрсе деп түсінемін.Осы орайда тәрбиеші-ол ана,ол педагог,сайып келгенде ертеңгі мектеп оқушысы, қала берді, қоғамның бір бөлшегін құраушы тұлғаны тәрбиелеп, оқытып, бағыт-бағдар беруші. Мектепке дейінгі ұйымның педагогі танымы мол, шығармашылығы басым  тұлға болса, жүйелі қызметтің жүретіндігі сөзсіз нәрсе.

«Тәрбие-тал бесіктен» дейді дана халқымыз. Бала алғаш балабақшаға келген кезде, ол алдағы болатын жағдайлардан мүлдем бей-жай тұратындығы белгілі. Ол баланың ертеңгі тіршілігінің бағдарлы ,тәлім-тәрбиесінің мазмұнды болуын, біздер-МДҰ педагогтары жасап,ұсынуымыз керек.

Ол үшін біздің бойымызда іскерлік, ыждахаттылық, адамгершілік, еңбекқорлық, ізденушілік қабілеттері болу керек. Балабақшаға келгеннен кейін балабақша күн тәртібі баланы жалықтырмайтындай болуы керек. Баланы тәрбиелеуде біржақты жағдайлар қалыптасып кетпеу үшін іс-әрекетті түрлендіріп ұйымдастырып отыруымыз керек. Ол дегеніңіз ертеңгі жаттығулардан бастап, серуен,күннің 2-жартысындағы жоспарлы шығармашылық жұмыстар,ата-аналармен,мектеппен сабақтастық шаралары,міне,осылардың барлығы ынталы, сауатты ұйымдастырылса,бала ортасынан оқшауланбайды,өз-өзіне сенімді, жауапкершілікті сезіне алатын тұлға болып өсері,қалыптасары анық. Мен өз іс-тәжірибемде,баланың зейінінің қалыптасуына,қоршаған ортаға деген көзқарасының дамуына, халықтық тәрбиені сіңіре білуге үлкен мән беремін.

Бөбекжайда тәрбиелеп отырған  бүлдіршіндеріміздің ертеңі үшін аянбай қызмет жасау-борышымыз.

Ұрпақ тәрбиесі біздің қызметімізден көрінетіндігін есімізден шығармайық. Бала өмірі үшін жасалынған қызмет,еш нәрсемен салыстырылмайды.

Осыны үнемі есте сақтайық, құрметті әріптестер!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ