«Жүзден жүйрік» отбасылық эстафеталық сайыс.

1
5654
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жүзден жүйрік» отбасылық эстафеталық сайыс.

Спорттық шараның атауы: «Жүзден жүйрік» отбасылық эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата — аналарды балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата — аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Доптар, ленталар, үй жануарларының суреттері, жіптер
Жүру барысы: Береке де осында,
Мерекеде осында
Болып жатыр той думан
Балабақша бағында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр балаңыз
Қатысатын топтарды
Қол соғып қарсы аламыз
(Сайысқа қатысушы ата — аналар балалармен саппен жүріп келіп, қатарға тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата — аналар, тәрбиешілер және балалар. Бүгін біздің балабақшада үлкен мереке, біздің балаларымыздың ата — аналар арасында спорттық сайыс. Сайысқа қатысушы ата — аналар «Жүзден жүйрік» атты көңілді сайысқа қош келдіңіздер!

Отбасылық жарысқа
Әділқазы береді
Жеңімпазын анықтап
Бізге айтып береді — деп әділқазыларды таныстыру.
1. Балабақша әдіскері: Галиева Б.К
2. Балабақша медбикесі: Дузбаева М.Т
3. Балабақша психологы: Қазиева Ж.М
Жүргізуші: Біздің сайысымыз 6 — бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. «Кім жылдам»
3. «Бәйге»
4. «Ептілік»
5. «Тіркесіп жүгіру»

«Гүл жинау»

«Таныстыру»
Өнер қуып өтер дейміз

Бір баспен өнері жетер дейміз
Сайысқа келген отбасы кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз — дей отырып кезекті таныстыруға берейік.

«Кім жылдам»: Әр отбасына доп беріледі, кедергілер арқылы баласы жүгіріп, мәреден айналып келіп, допты анасына берді, анасы кедергілер арқылы айналып келіп, әкесіне допты береді, осылайша межеден айналады.
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жараспай
Сайыстың мәні бола ма — деп келесі сайысымыз

«Бәйге»: Баласы әкесінің арқасында, анасы стартта қалады, анасының қолында әртүрлі ленталар болады, керілген жіпке анасының қолындағы ленталарды жіпке бір — бірден байлау керек, анасы лентаны бір — бірден беріп тұрады. Осылайша сайыс жалғасады.

«Ептілік»: Әкесі допты еденге соғып, межеден айналады, анасының қолында жануарлар суреті болады,  алма кезек жерге қойып, дәл солай межеден айналып, қайту керек, баласы еденде жатқан жануарларды жинап  әкелу керек.
Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа
«Тіркесіп жүру»: Әкесі анасы екеуінің орталарында шар болады, кедергілер арқылы сол шармен бірге тіркесіп, межеден айналып келеді, баласы кедергілер арасымен жүгіріп  межеден айналып келеді.

«Гүл жинау»: Балалар еденде шашылып жатқан гүлдерді  бір — бірден себетке жинап салып межеден айналып жүгіріп келу керек.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылық сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасысы — деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.(ата — аналарды мадақтау)

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса, сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады — дей отырып, бүгінгі «Жүзден жүйрік»отбасылық сайыс аяқталды, сайсқа қатысқан отбасыларға мың алғыс, сау болыңыздар.


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ