«Түрлі –түсті шарлар» атты танымдық сабағы

0
6766
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

«Түрлі –түсті шарлар»

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта,Таным,Шығармашылық

Ұйымдастыру оқу қызметі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Түрлі- түсті шарлар»

Мақсаты:  Білімділік: Балаларды шарлардың түстерімен,пішіндерімен таныстыру.

Дамытушылық: Баланың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды достыққа,әдемілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі- түсті шарлар,фетрадан жасалған түрлі түсті шарлар.

Көрнекі құралдар: Бейне таспа,тақта,сиқырлы қорапша, сиқыршы кейіпкер.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәті,дидактикалық ойындар,тақпақ.

Билингвальды  сыңары: Шарлар-шарики,қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-зеленый.

Оқу әрекет кезеңі:   Мотивациялық қозғаушылық.

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме балалар?

Бaлалар: Сәлеметсізбе!

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біздің топқа көптеген қонақтар келіпті,қане  қонақтармен сәлемдесейікші?

Балалаp.Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңбері.

«Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар»

-Жарайсыңдар,балалар көңіл-күйлерің қалай жақсыма?

Балалар: Жақсы!

-Осындай көңіл-күймен орнымызға отырайық.

Ұйымдастырушық ізденістік

(Балалардың көңілін сиқырлы қорапшаға аудару)

-Балалар бізге хат келіпті,бұл хат сиқыршыдан келген екен.Хатта жазылыпты балалар тақпақ айтса, сонда ғана сиқырлы  қорапша ашылады екен.Әуелі сиқырлы қорапшаны ашпас бұрын тақпақ айтып берейікші, сонда ғана сиқырлы қорапша ашылады.

 Тақпақ. Дарын.

«Қызыл,сары,көк шар,

Қолымызда көп шар»

-Ал енді сиқырлы қорапшамыз ашылды. (қорапшаның ішінен түрлі-түсті шарлар ұшып шығады)

-Балалар бұл шарлар екен.

-Шарлардың түстері:

-Бaлалар: Қызыл,сары,жасыл!

-Пішіндері:

-Балaлар: Дөңгелек!

-Қане шарларды санайықшы?

-Балалар: 1,2,3.

-Шарларды үрлейміз,шар жеңіл болады,түстері әртүрлі болады екен.

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Түрлі -түсті шарлар» болмақ.

Билингвалды сыңары: Шарлар-шарики,қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-красный.

Бaлалар: Бірге қайталайды!

-Балалaр бейне таспаға назар аударайықшы? Балалар қараңдаршы,бізге қонаққа кім келе жатыр?

Бaлалар: Сиқыршы!

-Балалар бізге қонаққа сиқыршы келе жатыр екен.

Тосын сый:

Сиқыршы келеді: (музыка әуенімен)

-Сәлеметсіңдерме балалар?

Балалар: Сәлеметсізбе!

-Мен сиқыршымын.Мен «Түрлі -түсті  шарлар»  әлемінен келдім. Сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көруге келдім.

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе сиқыршы! қош келдіңіз, төрлетіңіз.

Сиқыршы: Менің сендерге беріп жіберген сиқырлы қорапшам ұнадыма?

Балалар: Ұнады!

Тәрбиеші: Сиқыршы!бүгінгі біздің оқу қызметіміз «Түрлі-түсті шарлар» еді.

Сиқыршы: Өте жақсы олай болса мен сендердің білімдеріңді сынап көрейін.

Бой сергіту  жаттығуы

       «Шар үрлейміз»

Балалар тыныс алу жаттығуын жасаймыз.(Шеңбер бойымен тұрып,ауада қолдарын шарды бейнелеп,көздеріне иелестете үрлейді)

   Ұжымдық жұмыс.

   Жапсыру сабағы «Сиқырлы қағаз»

(Жапсыру кезінде орындалатын қауіпсіздік техникасына тоқталу)

Тәрбиеші: Балалар орнымызға жайғасайық. Балалар жапсыру сабағында сендермен түрлі-түсті шарларады жапсырамыз.Жапсырмас бұрын тақтаға назар аударайық.Бірінші шардың суретіне желім жағып,сосын аққағаз бетіне жапсырамыз.

Қане балалар кім бірінші болып жапсырады екен.

Сиқыршы:Қандай әдемі шардың суретін жапсырдыңдар.

(Әр баладан сұрап өту)

Тәрбиеші: Ал, балалар көрдіңдерме?сиқырлы қағаздан неше түрлі-түсті шарлардың суреті шықты. Ал енді жұмыстарыңды мына сиқырлы қорапқа салып,сиқыршыға сыйлайық.

Балалар: Жапсырып жасаған шардың суретін  сиқыршыға сыйлайды.

Сиқыршы:Рахмет балалар, меніңде сендерге арналған сыйлығым бар,соны сендерге табыстайын.

-Сабақтың соңында тәрбиешілерің үлестіріп береді.Балалар сендерге көп-көп рахмет,

меніңде қайтатын уақытым болды.Қош сау болыңдар.

(Сиқыршы қоштасып кетеді)

Дидактикалық ойын:

«Түсіне қарай орналастыру»

Шарты:Балалар тақтада тұрған түстерге қарап шарларды түсіне қарай орналастырамыз.

Балалар: Түсіне қарай орналастырады.

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

Балалaр: Сиқыршы!

-Балалар қандай түсті шарлар мен таныстық?

Балaлар: Қызыл,сары,жасыл.

-Сендерге оқу қызметі ұнадыма?

Бaлалар:Иә,ұнады!

-Балалар жарайсыңдар бүгін сендер оқу қызметіне  өте жақсы қатыстыңдар.

мен сендерге сиқыршының берген сыйлығын табыстайын.

-Балалар қонақтармен қоштасып, сау болыңыздар дейміз.

Балалар: Сау болыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ