Тәтіқара  ақын

0
4698
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Тәтіқара  ақын – Абылай  ханның  тұстасы. Қалмаққа  қарсы  жорыққа  қатысып,  сол  жорықтарды  жырлаған  ақын.  Шоқан  Уалиханов  Тәтіқараның  кезінде  ірі  ақын  болғандығын  айта  келіп,  оны  Абылай  қолының  жыршысы  деп  орынды  ескертеді  және  Абылай  қолының  жаудан  сасқан  бір  шағында  айқан  Тәтіқара  өлеңінің  мазмұн  баяндап  береді.

Тәтіқара ақын  Абылайдың  жеңістері  бір  өзіне  байланысты  емес,  халық  ерлігіне  байланысты,  қазақтың  қол  бастаған  сан  батырларының  жанқиярлық  пен  қаһармандық  көрсетулерінің  жемісі, — дейді.  Олжабай,  Бян  сияқты  ерлерінің  жеткізген  жеңісі  деген  ашық  айтады.

Береке  қалмас  қашқанда,

Ақыл  кемес  сасқанда,

Баяндай  ерді  көрмессің,

Бұрылып  жауды  шанышқанда…

 

Қалмақтың  қалың  қолында,

Оқ  жіберіп  бөгеді.

Тұрымтайдай  ұл  еді,

Қайсар  батыр  Олжабай…

 

Тәтіқара  шамамен  1780 жылдары  75  жаста  дүние   салады.

 

Тәтіқара  қартая  келе  мұқтаждықты  көп  көреді.  өзінің  халін  біле  келген  билерге  айтқан  қартайған  кездегі  бір  өлеңінде  Тәтіқара  өз  бассына  түскен  ауыр  жағдайды  баяндайды:

Ассалаумағалайкум  «жайсаң»  менен  «жақсылар»,

Адам  көңілін  жоқтық  шіркін  басқалар.

Түзде  шешен,  батыр  болсақ  та,

Үйге  келсем  пақырмын.

Қара  өзек  шақтың  көжесі,

Қарында  емес,  қуықта.

Қара  торсық  жерде  емес,

Ілулі  тұр  құр  уықта.

Би,  мырзаны  көп  көрдім,

Шіренбей – ақ  аттан  түс,

Айран – шалап  болса  да,

Ойнап – күліп  бөліп  іш.

 

Тәтіқара ішер  асқа,  қонар  қонысқа  зар  болып,  өз  еңбегімен  күнелткен,  қара  лашықты  кедей  болып,  қиындық  көріп  өлген,  сонда  да  ханға  бас  имей  қайсарлықпен  өткен  өткір  тілді  шешен  болған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ