Тәуелсіз ел (ашық сабақ)

0
4554
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында бастауыш сынып оқушыларына жете түсіндіру; Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу; оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Оқушыларды елін, жерін, туған өлкесін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарымен жинақталған суреттер, нақыл сөздер, рәміздер, сызба, кестелер, карта.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасы әнұранын орындау.

2. Кіріспе Мұғалім:

Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,

20жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.

Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің

Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.

3. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Сабақтың эпиграфы: « … Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты — толыққанды,

тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қыз-мет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қай-рат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге бара-мын …»

Нұрсұлтан Назарбаев.

4. Ой шақыру. Мұғалім:

Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, эко-номикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заман-ның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

5. Ой қозғау.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін тақтадағы кесте,сызбалар арқылы талдау.

6. Сергіту сәті. Ой саларлық әңгіме де пайдалы болмақ. «Тарих өткелдері»

Немересі: Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді.Оның өткен өмірі қандай?

Әжесі: Е, балам, атаң, ата-бабаң не көрмеді дейсің?! 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы…

1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәубә. Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.

Егеменді ел болудың белгісі –

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егеменді деген сөздер естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

7. Мұғалім: Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң та-рихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымын-дағы тер кеппеді.

1986 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің небәрі 18 минутқа созылған қысқа уақытта өткен пленумы болды. Сол пленумда Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хат-шысы,Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатты. Оның орнына саяси бюроның шешімімен Григорий Колбинді сайлады.

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Сол отты оқиғадағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы болды. Қазақ жастары өз Отанын, жерін, ар-намы-сын қорғай алатындығын көрсетіп, «Ел намысын аяқ асты етпеймін» деп бей-біт шерудің алдыңғы сапында болды. Қ.Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Л.Асанова сияқты біртуар ұл-қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті.

8. Ән: «Қарабауыр қасқалдақ» (хормен)

9. Мұғалім: 1991 жылғы желтоқсан айында Қазақстанда Президенттік сайлау болды. Оның қорытындысында Н.Назарбаев президент болып сайланды.

Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,

Биіктерден естіледі үнім де,

Тұңғыш рет Президент сайланып,

Мойындады барлық әлем бүгінде.

1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен

оның халқы үшін ерекше жыл. Республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз Туы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. (Буклет)

1995 жылы 30тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

Бұл күн көп ұлтты республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік, бостан-дық пен еркіндік әкелді.

10. «Отан – отбасынан басталады» Отан әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым – Отан.

(Оқушыларға Отан туралы өлең, мақал-мәтелдер айтқызу)

11. «Сезім кітабы» тапсырмасын орындау. Қатысушы ата-аналарға жауқазын гүлінің әсемдігі мен нәзіктігі айтыла келе, ұсынған жауқазынға өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айту қажет.

Оқушылар өз Отанын қалай жақсы көретіні туралы баяндайды. (Оқушының қолына жүрекше ұстатылады, тілек жазып, ол жүрекшені Қазақстан

картасына жапсырады).

12. Жұмбақ жасыру

Оқушы болсаң жақсы жылдам, зерек,

Ондайлар Отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ата-аналар,

Оқушы, келіп-кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қабылданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

(Қазақстан – 2030)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі тіпті. (Екі)

13. «Тәртіп орнат» ойыны

1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.

3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4. Азамат Г – Тәуелсіздік.

5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.

6. Президент Е – Заң шығарушы орган.

7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.

8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.

1-д, 2-а, 3-в, 4-з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г.

Оқушыларға «Менің Қазақстаным» тақырыбына сурет салғызып, сол тақырыпты қорғап шығу тапсырылады.

14. Қорытынды

Сөзжұмбақ «Қазақстан» шешу

Ой толғау: «Мен Президент болсам»

Бұл тақырыпқа оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар өздеріне ұнаған, жақсы пікір айтылған озық ойлы оқушыны президентке лайық деп бағалайды.

Ант қабылдау:

Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.Отанымның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын.

Жоғары мәдениетті азамат боламын.Туған халқымның ата дәстүрін құр-меттеймін. Конституция мен заңдарын бұлжытпай орындаймын.Елімнің Туын,Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеймін деп Ант етемін!

(Барлығы бірге, хормен Ант етеді)

Жүректен-жүрекке: Тізбек бойынша бір-бір тілектен айтып шығу.

Мұғалім:

Бүгінгі Қазақстан — әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан — әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет.

Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы тұғырлы, баянды болсын!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ