Балабақшаға арналған жаңа жылдық ертеңгілік

0
5097

«Жаңа жылдық ертегі»

Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады.

Уәзір: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері! Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бөбекжайымыздың мәртебесі одан әрі арта берсін!

Балалар музыкамен залға кіреді.

 

                        Уәзір:   Келіңдер бәрің қараңдар,

                                             Ертегімді тыңдаңдар.

                                             Ертегімізде сан қилы,

                                             Қызық-қызық сырлар бар.

                                             Осынау зәулім сарайда,

                                             Жаңа жыл кеші өтпекші.

                                                                                        

Хабаршы:          Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

                                      Карнавалдан қалмаңыздар!

                                      Ханзада мен Ханшайым.

                            Сіздерге сәлем жолдайды,

                                      Бұл кештеріңді қолдайды.

Уәзір:  Осынау зәулім сарайға, мерекені тойлауға Ханзада мен Ханшайым жолға шыққан екен.

 

Музыка әуені ойналып залға Ханзада мен Ханшайым келеді.

 

Ханзада: Бұл зәулім сарайда бізсіз болып жатқан қандай той – думан!

Уәзір: О, Ханзадам мен Ханшайымым! Бұл зәулім сарайдағы төр өздеріңіздікі, төрге барып жайғасыңыздар. Сіздердің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауыңыз бар?

Ханшайым: Мен бұл кештің басталуын Жаңа жылдық әнмен көргім келеді.

 

Ән: «Жаңа жыл» (жаңа жылым келді еліме)

 

1-бала: Жүзімізде күлкі ойнап,

             Қанаттанды жанымыз.

             Жаңа жылды біз тойлап,

             Шаттанамыз, бәріміз!

 

2-бала: Дала нұр, қала нұр

             Құтты болсын, жаңа жыл!

             Жасыл шырша жанында

             Билеп барлық бала жүр!

 

3-бала: Әдемілеп біз ілген

             Ойыншықтар тізілген

             Қандай жақсы шыршамыз

             Ән шырқайық, баршамыз!

Ханзада:  Бұл зәулім сарайда, шыршаның шамдары неге жарқырап тұрмасқа?  Ханшайым, осы думанды кештің сәнін келтіріп балаларға шырша шамын жағып берсек қалай болады?

Ханшайым:  Әрине ханзада, мына зәулім сарайдағы шыршаның жарқырап жанғанын мен де тамашалап көргім келеді.

Ханзада мен Ханшайым, балалар бәрі бірге айтады:

1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф, деп үрлейді.

Ханзада:  Ой, шырша шамы жанбады ғой, балалар тағы да қайталап айтайық?

1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф, деп үрлейді.

Музыкамен шырша шамы жанады.

Уәзір:  Балалар міне, қандай тамаша! Шыршамыздың шамдары жарқырап, зәулім сарайымыздың сәні кірді? Шыршамызға арнап ән орындап берейік?

Ән: «Шырша жыры» (оңға қарай адымда)

Балалар орындарына барып отырады.

 

Уәзір: Уа, Ханзадам сіздің әміріңіз бойынша барлық тілегіңізді орындаймыз, тағыда қандай әміріңіз бар?

Ханзада:  Мен бұл думанды кеште биші ұлдарды көріп отырмын, осы мерекенің сәнін келтіріп билейтін биші жігіттерің бар ма?

Уәзір:  Ия Ханзадам, осы зәулім сарайға өздерінің өнерлерін көрсетуге «Мексикалық» жігіттер де келген екен, солардың биін тамашалаңыз?

Би: «Мексика жігіттерінің биі»

Балалардың тақпақтары

 

Уәзір: — О, менің Ханшайымым сіз не қалайсыз?

Ханшайым: — Ммм….. (басын ұстап ойланып) мен үнді ханшайымдарының биін көргім келеді.

Ханзада: — Айтқаныңыз болсын Ханшайым!

Уәзір: — Айтқаныңыз болсын әміршім, тілегіңізді орындаймыз.

Би: «Үнді биі»

Ханзада: — Қолын соғып 3рет, тамаша өте керемет би болды. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл думанды кеште сен неге мұңайдын?

Ханшайым: — О ханзадам бәрі тамаша керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді ме?

Уәзір: —  Балалар біздің ортамызға кім жетіспей тұр?

Балалар жауабы: — Аяз ата мен Ақшақар.

Уәзір: — Ендеше балалар бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық?

Бәрі бірге: — Аяз ата Ақшақар а – уу, а-уу.

 

(Бір кезде қатты жел тұрып, музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп мыстан кемпір келеді)

 

Уәзір: — Бұл Аяз ата емес қой балалар?

Мыстан кемпір: — Бұл зәулім сарайда менсіз өтіп жатырған қандай мереке той думан, мен де бұл мерекеге қатысып көрейін? Қадірменді Ханзадам мен Ханшайым ханым мен де бұл мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдарды қайтадан жасартып, армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын алмамды ала келдім. Осы алманы Ханзада мен Ханшайымға сыйлаймын! Мына алманы жеп өмірде жасарып, армандарың орындалып жақсы ғұмыр кешіп жүріңіздер. Ой, ой ұмыттым мені басқа да балалар күтіп отыр еді, мен соларға қарай ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп, жасара-сыңдар, жасарасыңдар!!!)

Ха,ха ха.. — деп алмасын беріп, залдан шығып кетеді.

(осы кезде жарық сөнеді)

Ханзада мен Ханшайым: — Ммм……ым………қандай тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске ааа……..

(залдың светі қайта жанады. Ханзада мен Ханшайым ұйықтап қалады)

Уәзір: — (таңғалып,басын шайқап) — жоқ, жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Сіздерге не болды Ханзада мен Ханшайым? Мыстан кемпір сіздерге алманы сиқырлап алдап берген екен, енді не қыламыз?

Уәзір: — Ендеше балалар біз аяз атаны шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын шығар?

Балалар бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, деп дауыстап шақырады.

Музыкамен залға Аяз ата сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді.     (Балалалар орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)

Аяз ата:                    Амансыңдар ма ұлдарым!

                                   Амансыңдар ма қыздарым!

                                   Қандай солғын жүздерің,

                                   Неге сонша мұңайдың.

                                   Бізді күтіп алаңдап,

                                   Шаршадыңдар ма балаларым!

Сендерге не болған балаларым? Неге көңілсізсіңдер?

Ақшақар: — Балалар, біз атамыз екеуміз сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді көтереміз!

Уәзір: — Ой, ата сіз бізге көмектесіңіз, Ханзадамыз бен Ханшайымымызды жаңа сіздің алдыңызда Мыстан кемпір келіп, сиқырлы алмасымен алдап екеуін ұйықтатып тастады.

Аяз ата: — Жарайды ендеше мен мына қолымдағы сиқырлы таяғымның күшін пайдаланып көрейін? Таяқшасын әрлі, берлі айналдырып, Оф,Оф, сим-салябим, абрака-дабра-уф-уф — деп таяғын сілтеп оларды қайтадан өз қалпына келтір, сиқырлы таяғым!  деп айтады. (Ханзада мен Ханшайым оянады)

Ханзада мен Ханшайым: — Рахмет ата көмектескеніңізге!!

Уәзір: — Балалар, біз Аяз атамызға арнаған жұмбақ әнімізді айтып берейік?

Ән: «Аяз ата» (Аяз ата қараңыз)

Уәзір: — Балалар, енді Аяз атамен ойын ойнаймыз ба?

Аяз ата балаларға ойын ойнатады.

Ойын: «Үсіру», «Байпақпен ойын»

Уәзір: — Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, отырып демалып, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!

Би: «Аққала биі»

Ханзада: — Уа уәзірім мына залда жиналған балалармен  маған тамаша бір ойын көрсетіңдер!

Уәзір: — Айтқаныңызды екі етпей орындаймыз, ханзадам.

Ойын: «Шырша безендіру»

Жылқы жылы: — Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.

Уәзір: — Рахмет саған жылқы жылы! Сенің жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетті. Олай болса бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?

Музыкамен Жаңа жыл кіреді. Шыршаны бір айналады.

Балалар жылқы жылы мен жаңа жылды ортаға алады.

Ән: «Жаңа жыл» (Дала аппақ)

Жаңа жыл: — Балалар мереке думандарың құтты болсын!

Жылқы жылы: — Жаңа жыл, мен енді өзімнің мекеніме қайтадан ораламын, Сенің жылың да сәтті жыл болып кірсін, балалар ешқашан мұңаймасын!  Мына менің мойнымдағы жыл белгісін саған табыстайын. Мені ұмытпай естеріңе ала жүріңдер. Сау болындар!-  деп залдан шығып кетеді.

Уәзір: —  Балалар, осы келген жылымызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік.

Балалардың жаңа жыл туралы тақпақтары.

Би: «Шығыс сұлтандарының биі»

 

Ханзада мен Ханшайым: — Балалар, біз сендердің тамаша өнерлеріңді көріп, көңіл күйіміз керемет болды, рахмет бәріңе! Енді біз басқада сендер сияқты балаларға барып, олардың да өнерлерін тамашалайық! Сау болыңдар балалар!-деп кетіп қалады.

Ән: «Потанцуй со мной»

Уәзір: Аяз ата, біздің балалар сізге манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығың қайда?

Аяз ата: — Ой балалар, өнерлі екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.

Мыстан келеді: Иә-иә, ұмытшақ шал. Сыйлықтарыңның қайда екенін білмей отырсың ба? Енді балаларға не бересің. Олар болса сенен сыйлық күтіп отыр.

Аяз ата: Қап, мына мыстанды ма, қазір мен оның сазайын берейін. «Қане мыстан, биле» – деп таяқын жерге бір ұрады.

Мыстан билей жөнеледі: «Аяз ата кешір, Аяз ата мен енді қойдым, мен шаршадым, маған көмектесіңдер, айтам-айтам, сыйлықтарыңды мен жасырып қойдым қазір әкелем –(деп билеп жүріп айтады.)

Аяз ата: Тоқта-деп таяқты бір ұрады.

Мыстан тоқтап қалады:  Мені кешіріңдер балалар, аяз ата кешір мені, енді мен жамандық жасамаймын. Қазір әкелем сыйлықтарыңды, деп жүгіріп барып бір қап сыйлық алып келеді.

Аяз ата мен ақша қар балаларға сыйлықтар үлестіреді.

Аяз ата: Балақандарым, сендер менің сыйлығыма ризасыңдар ма?

Балалар: Иә.

Уәзір: ендеше балалар, Аяз атаға рахметімізді айтайық.

Балалар: Рахмет!

Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді.

Уәзір: 

                          Келді міне Жаңа жылым елімізге!

                                           Жаңа жылым құт әкелсін жерімізге!

                                           Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

                                           Шуақ шашып баршамызға тарайды.

Осымен ортаңғы «Тұлпар» тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда  аман-есен кездескенше!  Сау саламатта болыңыздар!

 

Утеулиева Самал Беркиновна

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Екпетал мектеп-балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ