Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (ашық сабақ)

0
9936
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету; жaқсы мен жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып, мұғаліммен бірге өлең оқиды

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақтың тақырыбын түсінуге жетелеу мақсатында оқушыларға сұрақ қойып, әңгімелесу.

— Өлең жолдарында не туралы айтылған?

Балалардың жауабы тыңдалады.

— Біз бүгін «жақсы деген не?», «жаман деген не?» сұрақтары төңірегінде, жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, адамды, айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.

Әңгімелесу

Жақсылықты, жамандықтан ажырата білуді үйрету мақсатында әңгімелесу жүргізу.Сұрақ-жауап:

-Жақсы деген не?

-«Жаман» дегенде ойларыңа не түседі?

Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытынды жасау.

Нақыл сөзбен жұмыс

— «Жақсы болу — өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы болуды басқа біреуден іздеп керегі жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге, ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылардан үйренуі өзіне байланысты. Сондай-ақ жаман әрекеттерден де қашық болуы — өзінің қолында.

Суреттермен жұмыс

Суреттерге қарап, жақсы іс пен жаман істі ажыраттырып, әңгімелету.

Ойын-жаттығу «Жұмбақ өлең»

«Жұмбақ өлең» ойын-жаттығуында балалардың жақсы мен жаманды ажырата алуларына мүмкіндік беру.

— Балалар, мен сендерге С.Оспановтың «Не жақсы, не жаман?» өлеңін шумақтарға бөліп оқимын. Сендер әр шумақ соңында, сол шумақта не жақсы, не жаман туралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса, «жақсы» деп, жаман туралы айтылған болса «жаман» деп жауап беріп отырасыңдар.

Биязы мінез тіл алғыш,

Бал-бұл жанып жүретін,

Баурмалдық сол — ? жақсы

Үйдің ішін тазалап,

Үстіңе де қарайлап,

Үлгере алсаң сол — ? жақсы

Ашу деген пеледен,

Алшақ жүріп жанаспай,

Ақылды болсаң сол — ? жақсы

Беті қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап,

Бейбастық өссең сол — ? жаман

Ұшып-қонып жүретін,

Шегірткедей жеңілтек,

Ұшқалақ болсаң сол — ? жаман

Ата-ананың ақылын,

Ала білмей кезінде,

Ақымақ болсаң сол — ? жаман

Тапсырма

Жақсылықтың не екендігін білдіретін сөздерді балаларға ұғындырып, олардың өз ойларын бекіту мақсатында, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, оқиды.

адалдық

мейірімділік

Жақсылық — қамқорлық

көмек

қайырымдылық

Әңгіме оқу «Әйнек адам» В. Сухомлинский

Әңгіме мазмұнын сұрақтар бойынша талдау.

— Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

— Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?

Қорыту

А. Асылбековтың «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін хормен айту

Жақсы болу — өзіңнен,

Жаман болу — өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ