Тәуелсіздік – ел тілегі

0
1707
Тәуелсіздік – ел тілегі

«Тәуелсіздік»… Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.

Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе! Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары.

Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс.

Осыған орай №177 жалпы білім беретін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған төмендегідей іс-шаралар өткізілді. 14 желтоқсанда «Жайнай бер менің Қазақстаным» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сурет байқауын көркем өнер пәні мұғалімдері Акылбекова Ш., Абдраманов Н. ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, бейнелеу өнеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, болашақ қылқалам шеберлерін анықтау. 7 «Д» сынып оқушысы Болатова Альфия, 8 «Г» сынып оқушысы Исатай Сабинаның туындылары үздік деп танылып, әлеуметтік желіге жарияланды.

14 желтоқсанда «Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында» атты патриоттық шығармаларды мәнерлеп оқу бойынша жастар акциясы мектебіміздегі жас мамандардың қатысуымен өтті. Байқауды жас мамандардың жетекшісі Якияева А. жастардың елімізге деген патриоттық ынта-жігерін шыңдау мақсатында ұйымдастырды. Аталған іс-шараға мектебіміздің жас мамандары белсенділікпен қатысты.

15 желтоқсанда 2-4 сыныптар арасында «Мәңгілік ел – біздің күш-қуатымыз» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа Отан туралы, еліміздің өткені мен бүгіні туралы мағлұмат беру, туған елін, жерін құрметтеуге баулу. 2 «А» сынып жетекшісі Тулепбаева Б., 2 «В» сынып жетекшісі Байтулеева Н., 3«И» сынып жетекшісі Жұмаева Н., 3 «З» сынып жетекшісі Жұмабекова Э. бірыңғай сынып сағаттарын жоғары деңгейде өткізді.

5-11 сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне орай «Табысқа жету жолы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында оқушыларға ата-бабамыздың Тәуелсіздік жолындағы күресі, батырларымыздың ерен ерлігі, жастарымыздың қайтпас қайсарлығы жайлы тарихи деректер, тың мәліметтер айтылды. 8 «В» сынып жетекшісі Ахметкалиева А., 7 «А» сынып жетекшісі Крамова А., 7 «З» сынып жетекшісі Онгарбаева Д. бірыңғай сынып сағаттарын өте жақсы ұйымдастырды.

15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында 5-сыныптар арасында «I LOVE KAZAKHSTAN» атты онлайн флешмоб ұйымдастырылды. Бұл шараға оқушылар белсенділікпен қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар 5 сынып оқушылары арасында «Асық ату» жарысы өткізілді. Мақсаты: жас жеткіншекті ұлттық ойынға баули отырып, ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Аталмыш іс-шараны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жаркен Б. ұйымдастырды.

Жоғарыда аталған іс-шаралар мектебіміздің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып отырды. 1 «А» сынып оқушысы Таңат Ә., 2 «А» сынып оқушысы Мухамедұлы Ә., 3 «А» сынып оқушысы Таңат А., 3 «З» сынып оқушысы Асаин А. 4 «Б» сынып оқушысы Таңат Н. Тәуелсіздік күніне орай нақышына келтіре орындаған жыр жолдары, жүрекжарды туындылары, құттықтаулары да әлеуметтік желіде жарияланып, желі оқырмандарының сүйіспеншілігіне ие болды. Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған іс-шаралардың мән-мағынасы мен мазмұны да тақырыбына сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бүгінгі ұрпақ кешегі өткен тарихымызды жадында сақтап, ата-бабаларымыздың, батырларымыздың ерлігін, Желтоқсан оқиғасында құрбан болған жастарымыздың батырлығын ешқашан ұмытпауы тиіс. Болашақта егемен еліміздің туын әрқашан биікте желбіретіп, елтаңбасын құрметтеп, әнұранын асқақтата шырқататын азамат болуы үшін мектеп ұстаздары патриоттық тәрбие беруде аянып қалмауы қажет. Біздің мектеп ұжымы да Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралардан қалыс қалмай, асқан белсенділікпен атсалысты.

Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Молдаханова Мейіргүл Ысқаққызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ