Тәуелсіздік -ел тірегі

0
2190
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Гилманова Жанар 4 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы Тәуелсіздік -ел тірегі
Сілтеме

Бастауыш сынып журналы. Өзін –өзі тану кітаптары

Слайд ; Интернет желісі;.google.kz.

Жалпы мақсаттар Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.
Міндеттері
  • Тәуелсіздік мағынасын ұғындыру;
  • өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
  • Патриоттыққа тәрбиелеу;
Оқыту нәтижесі
  • Тәуелсіздік мағынасын ұғынды;
  • өзара сыйластық қарым қатынастары дамыды;
  • Патриоттыққа тәрбиеленді;
Тапсырма-лар

«Бейнеролик және суреттермен жұмыс»

«Айқындық сұрақтар

«Постермен жұмыс»

«Көрініс»

«Көрмеге саяхат» баяндама

«Бес жолды өлең»

Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушы іс — әрекеті

2 мин

1мин

5мин

5 мин

2 мин

1 мин

Психологиялық дайындық

Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы, сәттілік тілеу

 

«Ту» , «Елтаңба» арқылы топқа бөлу

«Ақ тілек. Әсем күлкі».
— Көңіл – күйлеріңіз қалай?
— Керемет! (Қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
— Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
— Ынталарыңыз ше?
— Ғажап! (Қолдарын көтереді).
— Ендеше бастайық!

Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

«Қызығушылық ояту»

Бейнеролик

(суреттер көрсету, бейнеролик арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

E:\Users8\IIIbIHAP\Documents\yeoiv16ZsdY.jpg E:\Users8\IIIbIHAP\Documents\F5VEWtwM3b4.jpg

Айқындық сұрақтар

  • Бұл бейнероликтен көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыздар?
  • Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?
  • Желтоқсан құрбандарынан кімдерді білесіздер?

(Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы , Сабира Есімбекқызы)

Мұғалім сөзі:Дұрыс айтасыздар!

Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,

Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның

дей келе , бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы

«Тәуелсіздік –ел тірегі» Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады. 17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.

Хор:«Желтоқсан желі» 4-сынып оқушылары

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

Постермен жұмыс

1 топ «Тәуелсіздік алғанға дейінгі жағдайымыз»

2 топ «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жағдайымыз»

 

«Басбармақ арқылы формативті бағалау»

Басбaрмақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Бaсбармақ көлденең = Мен түсінген-деймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Көрініс: « Сол бір күндер…» Қайраттың өмірінен үзінді

 

Мұғалім сөзі: Президиумның шешімімен 1988 жылдың 28 сәуіріндегі Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.

(Сырттан Қайраттың хаты оқылады)

Қайраттың хаты: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғаным жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйе тамырым жұқарды. Әбден шаршадым, сол себептен 20 жыл бойы өз- өзімді қинағым келмейді.»

Мұғалім сөзі: Қ.Рысқұлбеков 21 мамырда семей түрмесінде

21-інші камерада қаскөйлікпен қаза болды.

Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасы, ондағы  халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор» деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991 жылғы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы Республика Президентінің жарлығы шықты.

1991 жылы 16 желтоқсан 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Біз бақыттың есігін аштық!

Көркем сөз Нурланова Махаббат

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

Сергіту сәті

Сөз құрастыр…

Мақсаты: Берілген сөздерден сөздер құрастыру

1 топ Тәуелсіздік

2 топ Қазақстан

Көрмеге саяхат

«Артық болмас білгенің»

Мұғалім сөзі: Келесі кезекті Нұржау ауылдық кітапхана меңгерушісі Нүргүл Анесқызының баяндамасына берейік!

 

Ата –анамен жұмыс

«Бес жолды өлең»

Мұғалім сөзі: Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан аға –апайларымыз Қайрат, Ляззат, Сабира , Ербол секілді ержүрек жандардың арқасында тәуелсіз ел болып отырмыз. Олай болса тәуелсіздікке өз өлеңдерін шығару.

Формативті бағалау

«қол шапалақтау»

Өлеңдер оқылады

1. Есігі ашық төрі кең,

Жылап өттік өткен өмір өрінен.

Жетер енді желпінейік, қарайық.

Мына өмірге егемендік көзімен.

 

2. Қуаныштан қалай кеуде көрмесін

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны міне, жарылды.

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

3. Кім мақтасын, армансыз құр жатқанды.

Көп аңсадық, армандадық ақ таңды.

Киелі ғой, тәуелсіздік, дербестік,

Егеменді елімізге мақтандық. (хормен)

Т — тәуелсіздік

Ә – әділеттілік

У — уайымсыздық

Е – егемендік

Л — лайықтылық

С — сыйластық

І — ізеттілік

З — зиялылық

Д— достық

І — ізгілік

К-кеңпейілділі

 

Қорытынды: -Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 26жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,

дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!

Тойланып мың мереке,ұлыс күні

Құйылған шаңырақтың ырыс нұры

Халқымның бақыты үшін аз байлық па?

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы

Кері байланыс

Өте жақсы, жақсы , орташа смайликтерінің суреттері ілінеді.

(Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, үш смайликтің біріне іледі.)

Мұғаліммен сәлемдесу

Оқушылар туғ елтаңба бойынша топқа бөлініп, өз үстелдеріне жайғасады.

Өз көңіл-күйлерін бет-әлпеттері арқылы көрсетеді

Оқушыларға сурет бойыншаөз ойларын айтады.

Сұраққа жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады

Топ оқушылары өз ойларын ак плакатка жазып , жеткізеді.

Басбaрмақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Бaсбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ