МЕН- ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

0
2480

Сынып сағаты

МЕН- ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

Мақсаты: Егемен еліміздің келешек ұрпағын білімді, мәдениетті, отаншыл, алғыр болуға, Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілділікке, болашаққа үлкен үмітпен қарауға тәрбиелеу. Ой-өрісін дамытып, жастық болашағымен бақытты екенін түсіндіру, білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер, тақырыбы, нақыл сөздер, буклет.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

Біз тағыда біргеміз,

Сөгілмесін іргеміз.

Құшып күннің шуағын,

Көрісеміз қуанып. (Бір-біріне тілектер айтады)

Ата-аналарды, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау

 

Сабақтың эпиграфы: « … Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты – толыққанды, тәуелсіз мемлекетқұрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын …»

Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ойланайық, пікірлесейік»

-Жарайсыңдар, балалар! Енді мында назарымызды аударайық. Бұл карта.

-Көріп тұрғанымыздай жердің пішіні қандай екен?

-Біздер тұратын мемлекет қалай аталады?

Ендеше Қазақстан Республикасының картасына назар аударайық.

— Балалар, елордамыз қалай аталады?

— Елбасымызды білесіңдер ме?

— Біздің туған өлкеміз қалай аталады?

— Балалар, біздің ауылымыз қалай аталады?

— Ауданымыз, облысымыз ше? 

— Рәміздерді кім атайды?

— Бала бақытты болу үшін не керек?

«Елу жылда – ел жаңа» дегендей, осындай биік жетістіктерге ел үшін, жер үшін күреске түскен ата-бабаларымыз, аға-апаларымыздың арқасында бірлігі жарасқан кең байтақ жеріміз бар. Міне сондықтан біздің еліміз көп ұлтты, ынтымағы жарасқан тату халықпыз.

Биыл «Ата Заңымызға» 20 жыл толып отыр.

 

Сергіту

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылдым,

Егеменді ел көрдім.

(Ата Заңдағы бағыттар бойынша түсіктеме беру).

-Балалар, отан туралы, туған өлкеміз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

-Біздің балалар Отан туралы, оқу, білім туралы көптеген мақал-мәтелдерде біледі. (тыңдау)

Отан – отбасынан басталады.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңнің ұлтаны бол. …

Қорытынды

   — Балалар, осының барлығы сендердің болашақтарың үшін жасалып жатқан дүние.

Бүгінгі Қазақстан — әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан — әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет.

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін.

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін, — дейтін жас жеткіншек ертеңгі күнге үлкен үмітпен қарайды.

Сол үмітіміз бізге қуаныш пен бақыт сыйласын деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

«Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Мектепалды дайындық сынып

Динбаева Алуа Кабидулловна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ