Аялайық алтын жүрек аналарды!

0
832
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы:  Аялайық алтын жүрек аналарды!

Мақсаты:     Аналар күніне орай мерекелік көңіл-күй сыйлау;

Көктем мерекесі- аналар күнімен әйел-аналарды,қыздарды құттықтап,аналар үшін ыстық ықыласымызды көрсетіп, аналарға құрметіміз  бен сүйіспеншілігімізді білдіру,үлкенді құрметтеуге,ата-ананы сыйлауды дәріптеу;

Көрнекілігі:  плакаттар, шармен безендіру, слайд.

Барысы мен құрылысы:

I жүргізуші:    Армысыздар, аяулы аналар, ардақты ұстаздар!

II жүргізуші:    Көктемдей құлпырған қыздар! Көктемнің алғашқы

күндерімен келіп  жеткен 8 наурыз Халықаралық

әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.

I жүргізуші:    Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор

денсаулық, ұзақ ғұмыр, көктемдей күлімдеген көңіл-күй

тілейміз!

Көктеммен сәлемдесу.

Ортаға  көктемдей құлпырып киінген  оқушы  қыз шығады.

1-оқушы қыз «Сәлем,Көктем» өлеңін жатқа айтады.

(музыкалық сүйемелдеумен)

Сәлем, Көктем,

Мен қайтадан туылдым

Көк аспанның күмісімен жуындым

Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің

Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.

Сәлем, Көктем,

Таңғы самал ескенде,

Бұлт гүл болып өскенде

Дәл мен сынды,көңілмен де, еспен де

Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

Сәлем, Көктем,

Өрнек қандай су салған,

Жасыл қырат-жасыл сағым бусанған

Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың

Жұпар иісін жұта берем жусаннан

Сәлем, Көктем…

II жүргізуші: Өзімен бірге 8 наурыз аналар мерекесін және халқымыздың сан ғасырлардан бері тойлаған әз Наурыз мерекесін,Ұлы Жеңіс күнін ала келетін табиғаттың тамаша мезгілі көктемді бәріміз асыға күтеміз.

I жүргізуші:            Кеудеңде мені тербеттің

Жас шыбық енді көктеді.

Мінеки мен де ержеттім

Еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын

Аяулым сенсің анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

Мен үшін бірақ данасың.

II жүргізуші:          Мейірім төккен нұр жүзің

Тұрғандай сезем жанымда

«Адал бол-деуші ең,-жұлдызым»

Сақталар сөзің жадымда

«Игі еңбек түбі осы-ау» дер

Көргендер жеміс ағашын

Қартаймай мәңгі жасай бер

Мәңгілік күндей анашым.

2 -оқушы  М.Мақатаевтың «Анашым» өлеңін мәнерлеп оқиды.

I жүргізуші: Жүрегімізді жарып шыққан бар ізгі тілектеріміз-өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан –аналар, өзіңізге арналады.Мейірім мен махаббаттан  жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін ешнәрсе де жоқ, ана!

Ендеше аналар үшін ән-жырымызды аямайық!

Сахнаға  «Анашым» әнімен  3-оқушы шығады.

I жүргізуші:          Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін.

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

 

II жүргізуші:       Ана жаным,жүре берші қасымда

Сен өтпеген,бәлкім осы асу ма?

Әркез маған,бата беріп жол нұсқап

Айтатынсың құлыным-ау жасыма!

Аналардың құрметіне 4- оқушының  орындауында «Бақытты әйел» әні.

I жүргізуші:  Аналарға арнап қандай жақсы лебіздер,тілектер айтсақ та артық болмайды.Дегенмен кейбіреулеріне тоқталып кетейік.Аналар күн сияқты — ізгіліктің,мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.Сіздер өмірді нұрландырып,шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер.Сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,қажымас қайрат тілейміз!

II жүргізуші: Нәзіктік атаулының жиынтығы-ананың алақаны,сондықтан ол-сәби үшін ең жылы ұя.

( В.Гюго)

I жүргізуші: Ана-тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

II жүргізуші: Дүниеде жақсылық жасасаң анаңа,тек қана анаңа,тағы да анаңа жаса.

5-оқушы  М.Мақатаевтың «Арулар –асыл жандар» өлеңін мәнерлеп оқиды.

I жүргізуші:    Анасыздар, кең байтақ даласыздар,

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңіліңде,қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

II жүргізуші:  Сіздер-Күнсіз,аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен,тау асып сарқыраған,

Сіздер ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар

Сіздер-жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

I жүргізуші:     Мағынасы болдық  таң мен кешіңнің
Бізді аялап мәпеледің,өсірдің.
Ер жеткенбіз саясында алаңсыз
АНА деген құдіретті есімнің.
II жүргізуші:  Ыстықсың сен бізге де,елге-қауымға,
Сен екенсің байлығым да,барым да!
Самайыңда бар ғой менің «үлесім»,
Өтінемін, мама, ешқашан ауырма

I жүргізуші:   Тіл жетпейтін біздерге асыл,бағаң дүр,
Бар көңілің балаң үшін алаң бір.
                          Шамшырағым болдың мына тірлікте,
Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр.

II жүргізуші:  Өзіңменен перзентіңнің бағы бар,
Келер күндер үміт болып жағылар.
Қуанышты,толқынысты сәтіңде
Ұл- қызыңның ақ тілегін қабыл ал!

Сахнаға 6 оқушы шығып, «Еркесылқым» күйін орындайды.

I жүргізуші:                Уайым жеп біз үшін алаңдады,
Болсын дейді өмірде саған бәрі.
Сенде болсын дейді ол бар жақсылық,
Қандай жақсы өмірде анаң бары.
Мейірімі оның ұқсайды таң нұрына,
Ерітетін әлдиі жанды мына.
Күлкісінде шаттық бар сәби көрсең,
Қуан, Адам, анаңның барлығына

Анамен шаңырақта болар-ды бақ,
Перзент те ол бар жерде табар мұрат.
Есейіп кетсе-дағы ұл мен қызың,
Бәрібір Ана-жүрек алаң бірақ

II жүргізуші:            Өмірден өссе бөбек алар гүлін,
Шықса да, мейлі, шыңға олар бүгін.
Әлі де еркелейді баяғыдай,
Тәңірден тілеп Ана амандығын.
Жанына ұл-қызыңның үңілесің,
Бәйек боп болса нала жүгіресің.
Әр жанның жүрегінде Ана деген-
Жазылып қалған мәңгі ұлы есім!

«Анаға хат» әнін   барлық оқушы бірге орындайды.

I жүргізуші:       Бұл күні сіздерге  жүрек түкпірінде әрдайым тербетіп  жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді.Аяулы  аналар мерекелеріңіз  тағы да құтты болсын! Ешқашан қабағыңызға кірбің, көңіліңізге мұң түспесін, отбасыңыз аман болып,шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Сау болыңыздар!

Қорытынды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ