Тәуелсіздік тұғыры биіктесін!

0
3491

Тәуелсіздік бағы ғой қазағымның,
Өтеуі бұл сан қырлы азабының
«Қазақпын»-деп бұл күнде айта аламын
Біздер үшін еркіндік-таза ұғым.

Тәуелсізбін, еркінмін, азатпын мен,
Әлем жұрты тамсанған қазақпын мен
Ширек ғасыр ішінде көкке өрледім
Қай істе де алдамын, ғажаппын мен

Елім аңыз жаһанда тамсанады,
Осы едіғой қазақтың аңсағаны
Тыныштық, бейбітшілік, мұратымыз.
Біздер жақтан еседі жан самалы

Байлық толы, қарашы, дала қандай
Тауларыда тұғыр боп қаланғандай
Елбасымыз-кемеңгер, елім-дархан
Болашаққа бет алдық алаңдамай.

Салт-дәстүрін санаған түйіпті шын
Қадірледі Елбасы-сүйіктісін
Ата-бабам аңсаумен өтіп еді,
Тәуелсіздік тұғыры биіктесін!

Қуаныңдар, қарттарым, барша жасым,
Азаттықпен кеңіді арқа-басың,
Әр күніміз-қуаныш, шаттық-думан
Қазағымның тойлары тарқамасын!

Мәлік Мади Арманұлы
Тұран университеті
3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ