Гуморальдық реттелу (сабақ жоспары)

0
2152
Freepik.com

Сынып: 8. Биология.

Сабақтың жалпы мақсаты: Гуморальды реттелу ұғымын түсінеді. Эндокриндік аппарат бездерінің, ішкі секреция бездерінің қызмет ету ерекшеліктері мен сыртқы секреция бездерінен айырмашылықтары және гормондардың адам тіршілігіндегі рөлі туралы білімін қалыптастырады.

Оқушылар үшін нәтижелілік: Ішкі секреция және сыртқы секреция бездері, гормондар және олардың қасиеттері және адамның тіршілігіндегі маңызы туралы анатомиялық-морфологиялық түсініктерді қалыптастырады. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды.

Шығармашылық қабілеттері байқалады. Топта бірлесіп жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар: Ішкі және сыртқы секреция бездері гормондар мен олардың қасиеттері және адамның тіршілігіндегі маңызы туралы анықтайды.

Сабақта қолданылатын материалдар:
1. А – 4 ақ бет парағы
2. Флипчарт
3. Стикерлер
4. Оқулық, адам торстары, жеке мүшелер
5. Слайдты көрсетілім

Оқыту әдістері: АКТ, СТО

Пәнаралық байланыс: математика, информатика

Оқыту үшін бағалау:
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасы. Қайталау – оқу анасы. Тест, суретпен жұмыс
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Үйге тапсырма

Сабақ бастамас бұрын оқушыларды жасуша, ұлпа, мүшелер суреттерімен 3 топқа бөліп алу. Бөлінген топтар тапсырмалар орындайды. Топбасшы сайлайды. Оқушы жауаптарын тексеріп отырады. Бағалау парағы үлестіріледі.

Окушының аты-жөні:
Үй тапсырмасы: Жаңа сабақ
Тест 10 ұпай Суретпен жұмыс 5 ұпай Баға

14-15-«5»

12-13-«4»

10-11-«3»

Ауызша баяндау 5 ұпай Тест 15 Баға

19-20-«5»

17-18-«4»

15-16-«3»

Қорытынды

1. Адамның шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы мен оның ағзасының құрылысы, қызметі және дамуы туралы ғылым:
а) адам анатомиясы ә) адам биологиясы б) адам физиологиясы в) адам морфологиясы.

2. Ағзаның құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым

а) адам анатомиясы ә) адам биологиясы б)адам физиологиясы в) адам морфологиясы.

3. Ағзаның және оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметі туралы ғылым:
а) адам анатомиясы ә) адам биологиясы б)адам физиологиясы в) адам морфологиясы.

4. Аурулар мен дене кемістігінің болмауы ғана емес, дене, рухани және әлеуметтік саулықтың толық болу жағдайы дегеніміз:
а) денсаулық ә) салауаттылық б) гигиена в) ағза

5. Адам ағзасының жеке даралық, жасына байланысты жыныстық және экологиялық
өзгергіштігін зерттейтін:
а) адам анатомиясы ә) адам биологиясы б) адам физиологиясы в) адам
морфологиясы.

6. Медицинаның атасы:
а) Гиппократ ә) Клавдий Гален б) Уильям Гарвий

7. Суда ерімейтін күрделі органикалық заттар:
а) майлар ә) нәруыздар б) қышқылдар в) су

8. Тіршілік негізі, аминқышқылдары мономерлерінен тұратын күрделі биополимерлер: а) майлар ә) нәруыздар б) қышқылдар в) су

9. Көміртек, сутек және оттектен тұратын
а) нәруыздар ә) көмірсулар б) майлар в) су

10. Құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы:
а) мүше ә) ұлпа б) жасуша в) нәруыз.

Интербелсенді тақта арқылы тексереді.
Жауабы:1Ә,2А,3Б,4А,5В,6А,7А,8Ә,9Ә,10Ә

ІІ. І топ. Жасуша органойдтарының жеке суреттері бойнша орнын табу. ІІ топ ұлпа ІІІ топ мүшелер жүйесін суреттері бойынша сипаттау тапсырмасын орындайды.

Жаңа сабақ жоспары:
а) Эндокриндік аппарат құрылысы ә) Гуморальдық реттелу

Мағынаны тану. Эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «krino» – бөлемін, бөліп
шығарамын) кейде эндокриндік жүйе, қарапайым тілмен айтқанда, ішкі секреция бездері деп аталады. Эндокриндік аппарат жануарларда (омыртқалы жануарларда) және адам ағзасында жақсы дамыған. Көпжасушалы жануарлар мен адамда шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін (ас қорыту, тыныс алу, қан айналым т.б.) құрайды, ал кейбір мүшелер жүйесі атқаратын қызметінің ұқсастығына сәйкес өзара бірігіп аппарат құрайды.

Эндокриндік аппарат құрамындағы мүшелердің құрылысы мен атқаратын қызметін
олардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар гормондардың ағзаға әсерін, олардың қызметінің ауытқуынан болатын аурулардың алдын алу жолдары мен оларды емдеу тәсілдерін зерттейтін  ғылым эндокринология деп аталады. Эндокриндік аппарат құрамындағы ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық гормон деп аталады.

Гормон грекше «harmao» — қоздырамын, қозғалысқа келтіремін деген ұғымды білдіреді. Гормондар арқылы кез келген мүшенің қызметі реттеледі. Ағзадағы жеке мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу деп атайды. Жалпы гармон терминін ғылымға алғаш рет 1905 жылы ағылшынның физиолог
ғалымы Эрнест Старлинг енгізді.

Ой-толғаныс. Топтарға тапсырма беріледі. І топ. Гормондардың ерекше қасиеттерін сипаттайды. Гормондар белгілі бір жасушаларға, ұлпаларға немесе мүшелерге ғана әсер етеді. Бездер үшке бөлінеді.

Сыртқы секреция бездері Ішкі секреция бездері Аралас бездер
Олардың секреті (сөл) қуыс мүшелерге (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бӛлінеді (тер, жас, май, сүт бездері) Сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды Ішкі де сыртқы да бездердің қызметін атқарады.
Бауыр, сілекей, қарын, ұйқы және ішек Гипофиз, эпифиз, қалқанша без, тимус, қалқанша маңы бездер, бүйрек үсті безі Ұйқы және жыныс бездері. Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық қызметі – жыныс жасушаларын түзу және шығару

 

ІІ топ. Аса маңызды ішкі секреция бездері туралы хабарлама. ІІІ топ. Өсу гормоны, өсу
көрсеткішін баяндайды.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» — өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г жетеді.

Гипофиз – безді  және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады.  Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсақ артериялардың жиырылуын күшейтеді, артериялық қысымның жоғарылауына септігін тигізеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары жыныс бездерінің дамуы мен өсу
процестерін реттейді, қалқанша бездің дамуы мен бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының өсуіне әсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің басқа гормондары өсу гормонын түзеді де, көмірсулар, майлар мен нәруыздарды қарқынды синтездеу арқылы өсуді реттейді.

Гипофиздің гормондары:

1. Вазопрессин
2. Окситоцин
3. Пролактин
4. Меланотропин
5. Соматропин
6.Гонадотропин
7. Кортикотропин
8.Тиротропин

ІІІ топ.1921 жылы американдық ғалымдар гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы ең алғаш пікір айтқан. Өсу гормонының жеткіліксіздігі шеміршектің сүйектенуінің баяулауына, кейде ергежейлілікке апарып соғады. Осы гормонның артық мөлшері алыптыққа себепші болады.

Адамның бойы жасына байланысты өзгереді. Бой 18-23 жасқа дейін өседі де, шамамен 50 жасқа дейін сақталады, содан кейін әрбір 10 жыл сайын 1-2 см кемиді. Өсу көрсеткіші өзгеріп тұрады. Әйелдердің орташа бойы шамамен 160 см, ал ерлерде 170 см деп қабылданған. Бойы 140 см-дан төмен адам ергежейлі, ал 195 см-дан жоғары адам бойы биік деп саналады.

Оқушылар баяндап болғасын өсу көрсеткішінің өзгеріп тұратыны туралы график құрастырады. Ол үшін сыныптағы оқушылардың бойлары күні бұрын анықталады. Сол бойынша 13 оқушының бойының графигі шығады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендеуі өсудің тоқтауына себепші болады. Кейбір адамдардың бойы мысалы 60 см-дан 1 м-ге дейін болады оларды гипофиздік ергежейлілік деп атайды.

Египеттік ергежей Агибаның бойының биіктігі 38 см ғана болған. Алып адамдар да бар. Рим императоры Максимелианның бойы 2,5 м, ал орыс шаруасы Махновтың
бойы 2,85 м болған. Ең биік әйелдің бойы 2, 35 м болғаны тіркелген.

Есейген адамда өсу гормонының артық синтезделуі акромегалия ауруына – дененің кейбір бөліктерінің өсуіне (қол, аяқ басы, тӛменгі жақ сүйек, мұрын т.б) себепші болады.

Бекіту тест тапсырмасы. Тестілеуші.

1. Ағзадағы гормондардың түзілуіне не әсер етеді?
а) тағам ә) жарық б) ауа,су в) ағза

2. Акромегалия ауруы қай бездің қызметінің өзгеруіне байланысты?
а) қалқанша безі ә) бүйрек үсті безі б) гипофиз в) эпифиз

3. Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатпайды:
а) сілекей, бауыр ә) бүйрекүсті безі б) гипофиз в) ұйқы безі

4. Бүкіл гормондар қызметін реттейтін ішкі секреция безін атаңыз:
а) гипофиз ә) ұйқы безі б) қалқанша маңы безі в) қалқанша безі

5. Ішкі секрециялық та, сыртқы секрециялық та бездердің қызметін атқаратын бездер:
а) ұйқы,жыныс ә) ұйқы, тимус б) бүйрек үсті безі, ұйқы в)қалқанша маңы безі, жыныс безі

6. Ішкі секреция бездері дегеніміз не?
а) олардың ағзаның ішкі ортасына ашылатын өзектері болады ә) ӛзектері болмайды б) дененің қуысына ашылатын өзектері болады.

7. Биологиялық белсенді заттар – гормондардың организмге әсерін, олардың қызметінің ауытқуынан болатын аурулардың алдын алу жолдары мен оларды емдеу тәсілдерін зерттейтін ғылым:
а) эндокринология ә) урология б) микология в) гистология.

8. Гормон термин ғылымға енгізген ағылшын физиологы:
а) Ч.Дарвин ә) Эрнест Старлинг б) И.Мечников в) И.Ивановский

9. Гипофиздің гормондары:
а) 2 ә) 5 б) 8 в) 7

10. Ішкі де сыртқы да бездердің қызметін атқаратын бездер қалай аталады?
а) сыртқы ә) ішкі б) аралас в) гормон

Тақтадан бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып тексеру, баға қою.

Үйге тапсырма: 8-тақырыпты оқып білу. 37-бет дәптерлеріне кесте толтыру.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа  материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ