Брейн-ринг: «Физика және география» (сабақтын тыс шара)

0
1265
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Брейн-ринг тәсілі арқылы оқушылардың география пәнінен алған
білімдерін сынау. Ойлау, топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін
жетілдіру. Кешті ұйымдастыру кезеңі мынандай ретпен жүргізіледі.

1. Залға оқушылар кірерде 2 түрлі конверт қиындыларын тарату.

2. Құрылған екі топты үстел басына шақыру. Топ мүшелері өздерін таныстырады (аты-жөнін,мамандығын). Бұдан соң әрбір топ өз тобына ат қойып, топ капитанын сайлауға тиіс. Топтың аты географияға байланысты болуы керек.

3. Әділқазы мүшелерін таныстыру.

4. Топтардың атын атап, қошемет көрсетіп, қол шапалақталады. Капитандарын таныстыру.

Жүргізуші: Құрметті топ мүшелері, «Не?», «Қайда?», «Қашан?» географиялық брейн-рингімізді бастаймыз! Бүгінгі ойынымызды күрделі де қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді сынаққа алып, күш сынасасыздар.
Ендеше, брейн-ринг ережесімен таныс болыңыздар.

Ойын 8 кезеңнен тұрады.

I тур. Не? Қайда? Қашан?
II тур «Ең, ең, ең, …»
ІІІ тур «Кім жылдам?»
IV тур «Тапқыр болсаң, тауып кӛр»
V тур. «Ойлан, тап»
VI тур. «Бәйге»
VІI тур. Кім картаны жақсы біледі?
VІIІ тур. Капитандар сайысы.

I тур. Не? Қайда? Қашан?

1 топ:
1. Жер шарындағы барлық 4 мұхит жуып жатқан материк? (Еуразия)
2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)
3. Сельвас дегеніміз не? (Оңтүстік Америка экваторлық ормандары)
4. Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты ? (1519-1522)

5. Африка мен Еуропаны бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)
6. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар (Урал)
7. Қай таудың аты, оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)

8. Ұлы көлдер қайда орналасқан? (Солтүстік Америка)
9. АҚШ пен Ресей арасындағы даулы аумақ (Аляска)
10. Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз (Беринг)

2-топ:
1. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер? (үндістер)
2. Анд тауының эндемикті жануары не? (лама)
3. Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі? (Лавразия)
4. Қандай мемлекет бағалы металдың атымен аталған? (Аргентина)

5. Африканы алғаш ашқан кім? (Васко да Гама)
6. Ферралитті топырақ дегеніміз не? (темір + аллюминий топырақ)
7. Чили елтаңбасында қандай құс бейнеленген ? (кондор)

8. Қай материк екі дүние бөлігінен тұрады? (Еуразия)
9. Гренландия аралы қай елге тиесілі? (Дания)
10. Етікке ұқсайтын түбек қалай аталады? (Аппенин)

Физика

1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма?
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма?

4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты
5) Өзі арық, сөзі- әріп
6) 2 санын қандай санға бөлгенде 4 саны шығады?

7) Электр заряды жоқ бөлшек ?
8) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?
9) Іштен жану қозғалтқыштарының неше түрі бар?
10) Күн жүйесіндегі ең ірі планета

II тур. «Ең, ең, ең, …»
1-топ:
1. Ең биік шың? Гималай
2. Ең үлкен түбек? Арабия
3. Ең кіші материк? Аустралия
4. Ең халқы көп материк? Еуразия
5. Ең терең шұңғыма? Мариан

2-топ:
1. Ең үлкен ойпат? Амазонка
2. Ең терең көл? Байкал
3. Ең ірі дүние бөлігі? Азия
4. Ең үлкен арал? Гренландия
5. Ең ұзын бұғаз? Мозамбик

Физика
Сөзтізбек «Физика»

ІІІ тур. « Кім жылдам? »

1. Сахара 2. АҚШ 3. Гималай 4. Танганьика 5. Амазонка 6. Альмади
7. Отты жер 8. Игуасу 9. Мыс 10. Гвинея 1. Скандинавия 2. Мадагаскар
3. Гольфстрим 4. Антарктида 5. Гибралтар 6. Суэц 7. Орисаба 8. Сомали
9. Лондон 10. Аконкагуа

IV тур. « Тапқыр болсаң, тауып көр ».

 Тапсырма: Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі қиындыларды құрап болған соң, кескініне қарап, оның қандай географиялық нысан екендігін және оның маңайындағы нысандарды атау керек. Берілген әріптерден тиісті сөзді шығару керек.

Тапсырмасы:

1. а в з р я и а л – лавразия
2. л а м г е л н а – магеллан
3. т а р к а – карта 4. и а н м е д р и – меридиан
5. м т у з и а – азимут 6. ұ ш ң ы ғ м а – шұңғыма
7. а л л ь л е п р а – параллель 8. с п м а о к – компас
9. ь п л а і — альпі 10. а б к й л а – байкал ІІІ
1. А м е т п е а р т у р
2. Д я р а з
3. Н р о к т е л э
4. Т р е м а р о б
5. О п к с е л т е
6. Қ ы д з ы ғ т ы
7. Н о н ю ь о т
8. Р т е м о м а н д и
9. О м т а
10. Ш к ү

V тур. «Ойлан, тап!».

Сіздердің алдарыңыздағы қара жәшіктің ішіндегі келесі сұрақтардың жауаптары бар.
Қорапты ашпайсыздар! Тек ойланып жауап бересіздер. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

1-топ:
Құрметті ойыншылар! Қораптағы өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Еуропаға бұл
өсімдік 16 ғасырда ғана белгілі болды. Еуропалықтарға бас кезінде бұл өсімдік тек қана дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл өсімдікті жоғары тағамдық құндылығы үшін күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Оның жемісі тамырында орналасқан. Одан өздерің сүйіп жейтін көптеген тағамдар жасалады. Қорапта не бар? (картоп)

2 — топ:
Құрметті ойыншылар! Қораптағы зат өсімдіктен жасалған.
Бұл өсімдіктің отаны – Эфиопия. Басында бұл өсімдікті керуеншілер мен бедуиндер
сергіту үшін пайдаланған. Қазіргі кезде бұл өсімдік бүкіл дүниежүзінің халқы сүйіп ішетін сусынға айналды. Қорапта не бар? (кофе)

Физика
• Топтың тәжірибелері:

1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге?

2. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады ?

3. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге?

VI тур. «Бәйге» (Кім жылдам жауап береді?)

  • Теңіз деген не?
  •  Шығанақ деген не?
  •  Өзен деген не?
  •  Бұғаз деген не?
  •  Молекуланың үздіксіз ретсіз қозғалысы
  • Табиғатты зерттейтін ғылым
  • Заттың үш күйінің бірі
  •  Заттың ең ұсақ бөлшегі

Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны.

Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі.

Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.

Теңіз – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі.

VІI тур. « Кім картаны жақсы біледі?»

1 топ:

Қара теңіз
Жерорта теңізі
Гибралтар бұғазы
Арабия түбегі
Ніл өзені
Каспий теңізі
Балтық теңізі

2-топ:

Қызыл теңіз
Дрейк бұғазы
Камчатка түбегі
Амазонка өзені
Арал теңізі

VІIІ тур. « Капитандар» сайысы

Топ капитандарына төменде көрсетілген географиялық нысандардың ішінен Еуразияға жатпайтынын таңдап алу қажет!

1. Гималай тауы
2. Калифорния шығанағы
3. Гоби шөлі
4. Үндістан түбегі

5. Анд тауы
6. Ұлыбритания мемлекеті
7. Мак-Кинли шыңы
8. Кавказ тауы
9. Пиреней түбегі

10. Лабрадор түбегі
11. Аляска шығанағы
12. Жапон аралдары
13. Рио-де-Жанейро қаласы

14. Қазақстан мемлекеті
15. Виктория көлі
16. Алматы қаласы
17. Амазонка ойпаты

Х тур. Полиглот.
Табиғат туралы жұмбақтар.

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Шым-шытыр, Шидей қотыр. (Жұлдыздар)

Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)

Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді, ұшып өлмейді. (Бұлт)

1) Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.

2) Көп болса алыстайсың
Мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?

3) Бірдей көлемдегі масса,
Кейде аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.

4) Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.

5) Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.

6) Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?

7) Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхитты
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарын

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Қорытындылау: брейн-ринг ойынын аяқтау. Қазылар алқасы мүшелеріне ойын қорытындысын шығарту.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ