Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси байланыстардың дамуы (сабақ жоспары)

0
954
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау.

Зерттеу сұрағы
Неліктен А. Левшин Тәуке ханды “Дала Ликургі” деп атады?

Оқулық
Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси байланыстардың дамуы. 211–214 беттер.

Тірек сөздер
— Елшілік
— Хиуа
— Бұқара хандықтары
— Цебан-Рабдан
— Қарақұм жиыны

Сабаққа дайындық:
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстарын түссіндіру аса маңызды. Себебі бұл мәселе, оқушылардың Тәуке ханнның өмірінің соңына таман хандықтың сыртқы саяси жағдайының күрделен түсуін, бұл жағдайдың жалпы ішкі саяси өмірдід де шиленістіре түскендігін түсінуіне көмектеседі.

Сондықтан, Тәуке хан тұсындағы Ресеймен қарым-қатынасының сипатын және қазақ-орыс байланыстарындағы басты мақсатын ашып көрсету маңызды.

Сонымен бірге, Хиуа, Бұхар хандықтары және қарақалапақ, қырғыздармен байланыстарының сипатына тоқтала отырып, қазақ-ойрат қатынастарының күделене түсуін 1710 жылғы Қарақұм жиынының мазмұнын талдау арқылы көрсетуге ұмтылу қажет.

Сабақтың деректі материалдары:
ХVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының сыртық саяси жағдайын  көрсететін карта, Қазақ хандығының Ресей, Хиуа, Бұхара, Жоңғар хандықтарымен, қарақалпақтар, қырғыздармен саяси байланыстарының сипатын көрсететін арнайы кесте.

Сабаққа әдістемелік нұсқау:
Аралас сабақ түрін қолданып, тарихи сараптау, интербелсенді тапсырмалар,картамен жұмыс түрлерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер.
Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайын талдау барысында орын алған саяси оқиғалардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екендігін көрсе отырып, жалпы осы кезеңдегі дүниежүзілік дамудың жаңа сипатқа бет бұрғандығымен байланыстыру маңызды.

Сабақтың барысы.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу арнайы дайындалан кесте бойынша мұғалім
Қазақ хандығының Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси байланыстарын талдайды. Білімді одан әрі игеру үшін оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді.

Олар Ресеймен, Хиуа, Бұхара хандығымен, Жоңғарлармен, қарақалпақтер және қырғыздармен қарым қатынастардың сипатын талдайдын мәліметтерді дайындайды. Оқулық, сабақ барысындағы көрнекілік құралдар арқылы төмендегі кестені толтырады:

Топтың аты Білдік (нақты фактілер, оқиғалар жәнет.б. нақты мәліметтерді толтырады) Сараптау (оқиғаларға қатысты пікір білдіру, баға беру, сұрақтар қою және т.б.)

 

Білімді бағалау мүмкіндіктері:
Сабақты қорытындылау кестенің толтырылуы, әсіресе екінші баған бойынша оқушылардың түсіну, қодана білу, талдау, қорытындылау дағдылары жоғарғы бағалануы тиіс.

Қосымша тапсырма:
Оқулықтағы тапсырманы орындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ