Байырғы қазақ қоғамының саяси өміріндегі билік жүйесі (сабақ жоспары)

0
1288
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;

— қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау.

Зерттеу сұрағы
Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?

Оқулық
Байырғы қазақ қоғамының саяси өміріндегі билік жүйесі. 215–220 беттер.

Тірек сөздер
— Хан
— Сұлтан
— Би
— Билер алқасы
— Батырлар
— Тархан

Ресурстар
Дауытбекова М., Исаева Ә. Қазақ халқының батырлық дәстүрі. Алматы.
Қазақ университеті. 2015.

Көрнекілік
Фотослайд. Фотоклип, Каталог, фотоальбом кітаптар.

Мақсатты айқындау
Хандық билік құзыры туралы баяндау. Сұлтандардың саяси қызметі мен олардың қоғамдағы орны туралы айту. Билер қызметі, олардың қоғамдағы орны мен маңызы туралы түсіндіру.

Сабақтың деректік материалдары
Саяси билік жүйесі топтарының қоғамда алатын әлеуметтік орындарына анықтама беріп, деректермен негіздеуге тырыс.

Дерек. “Батырлардың ерекше әлеуметтік жік ретіндегі басты ерекшелігі —олардың тек қана әскери кәсіппен айналысуы. Әскери қызмет қазақ батырларының қоғамдық монополиясы болды да, басқа кәсіппен шұғылдануы олар үшін ар саналды.

Әскери кәсіп батырлар әулетінде атадан балаға мұраболып қалатын ата кәсіп болған. Батырлар әулетінде туылған бала жастайынан жауынгерлікке, батырлыққа дайындалып, соғысқа қатысып, әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды.

Сондықтан қазақ батырларының бар өмірі соғыста өтті. Әскери кәсіп жолына түскен жас батыр тәжірибелі батырға нөкер болып, соғыс мектебінен өткен” (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 1 том. Алматы, 2011, 437 б.).

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас сабақ. Сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында —панорамалық сабақ; оқушылар шығармашылығын дамыту мақсатында сахналау сабағы.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабаққа мектеп орналасқан аймақтағы тарихи-өлкетану бағытындағы мұражайда тарих бөлімі қызметкерлерінің бірін қатыстырып, хан, сұлтан, батыр, би тұлғаларына қатысты жәдігерлермен таныстыруды, сондай-ақ, тарихшы ғалымдарының бірімен кездесу ұйымдастыруға болады.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушылар арасынан билер тобын құрып, бағалау мүмкіндігін солардың құзырына беруге болады.

Қосымша тапсырмалар
Хан, сұлтан, батыр, би тұлғаларына қатысты қандай деректі және көркем фильмдер, мультфильмдер біледі. Олардан алған әсері туралы өз ойларын айтуын тапсыру.

Білімін шыңдауға берілетін тест
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!

1. Ханның билік атрибуттарын белгілеңіз:
А) Арғымақ Е) Алтын сия сауыт
В) Атан түйе F) Байрақ
С) Жүйрік тазы G) Асатаяқ
Д) Өткір қылыш H) Тақ

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Байырғы қазақ қоғамының билік жүйесіне кірген лауазымдарды
анықтаңыз:

А) Ауылбасы, ақсақал
В) Қарапайым халықтың барлық тобы
С) Жауынгер, батыр
Д) Сұлтан, тұтқындағы жауынгер
Е) Елші, күң
F) Батыр, тархан
G) Хан, сұлтан
H) Би, ру басы

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ