Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі (ашық сабақ)

0
2078
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаты

 Әріпті тану, ажырату, көлбеу жазу, дыбыстық талдау жасау.

Оқудың түрлерін қолдану.(буындап оқу, түсініп оқу)

Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Қарамен жазылған сөздерді буындап немесе тұтастай оқиды.

Көбі: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Буынға дұрыс бөледі.

Кейбірі: Адасқан буындардан сөз құрап, жолжелкен сөзінен бірнеше сөздер ойлап табады.

Бағалау критерийлері

Қарамен жазылған сөздерді буындап немесе тұтастай оқи алады.

Әріп элементтерін каллиаграфиялық талапқа сай жазады.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.

Буындардан бірнеше сөздер құрайды.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба,АКТ пайдалану, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Табиғатқа саяхат- путешествие по природе- journey through nature
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы:

Сергіту сәті

2 минут

Раппорт орнату 30сек

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін,

Сәттілікке толы болсын.

Сәттілік.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Тақырыпты жариялау.

Оқушыларға жаңа тақырыпты ашу үшін жұмбақ жасырылады.

Тышқанға өзі ұқсайды.

Күндіз тіпті ұшпайды.

Жауабы: Жарғанат

https://i.imgur.com/PHU5MMM.png

-Жарғанат сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ж дыбысы.

«Не білемін?»

-Оқушылар ж дыбысы туралы не білетінін айтады.

«Не білгім келеді?»

-Оқушылар ж дыбысы туралы не білгісі келетіні туралы айтады.

Мысалы:

-Ж дыбысынан келетін бірнеше сөздерді білемін боламыз.

— Ж әріпінің қалай жазылуын білетін боламыз.

-Буындардан сөз құрап үйренеміз.

Осы кезде тақтаға оқу мақсаттары ілінеді.

Оқу мақсаттары толықтырылып айтылады.

Жарғанат сөзі буынға бөліп, дыбыстық талдау тақтаға жасалады.

Айнаға қарап Ж әріпінің қалай айтылатынын білеміз.

Ж әріпінің айтылу ережесі айтылады.

Оқушылар біздің ортақ тақырып қандай тақырып?

— Табиғатқа саяхат.

-Қай жаққа саяхаттап баруға болады?

-Паркке,музейге т.б

-Ендеше орманға саяхатқа аттануға дайындыңдар ма?

-Саяхатқа немен аттанамыз?

-Автобуспен.

Алдымыздан ең бірінші ЖОЛБАРЫС шықты.

Жолбарыс сөзі буынға бөлініп, дыбыстық талдау жасалады. Тақтаға жолбарыстың суреті ілінеді. http://clipart-library.com/images/8iGbkpGaT.jpg

1.Жолбарыстың тапсырмасы: (кітаппен жұмыс)

Қарамен жазылған сөздерді тізбектеп оқыңдар.

Оқушылар қарамен жазылған сөздерді тізбектеп оқып шығады.

Дескриптор:

Қарамен жазылған сөздерді оқиды.

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсінеді.

Екінші жылан шығады. Жылан сөзі буынға бөлініп, дыбыстық талдау жасалады. Тақтаға жыланның суреті ілінеді.

2. Жыланның тапсырмасы:(дәптермен жұмыс)

Жылан сөзі буынға бөлініп, дыбыстық талдау жасалады.

Ж әріпін дәптеріңе әдемі етіп жазып ал.

Ауада жазу.Тақтаға жазу.

http://clipart-library.com/data_images/513724.jpg

Хормен:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтан қашықтайық.

Әдемі етіп жазайық.

Дескриптор:

Ж әріпінің бас әріпін талапқа сай жазады.

ж әріпінің кіші әріпін талапқа сай жазады.

Үшінші жапалақ шығады. Жапалақ сөзі буынға бөлініп, дыбыстық талдау жасалады. Тақтаға жапалақтың суреті ілінеді.

3. Жапалақтың тапсырмасы:

http://www.animalist.ru/images/khasay/01072005094547.jpg

-Ал енді балақай сергіту тапсырмасын орындап жіберсек қалай қарайсыңдар?

-Сергіту сәтін орындайды.

Қара жорға биі.

Советбек Арайлым Асқарқызы

Аяқталуы

Қызықты тапсырма

8 минут

Топтық тапсырмалар

1-топ тапсырмасы:

Түсіп қалған әріптерді жазыңдар.

Дескриптор:

Түсіп қалған әріптерді жазады.

Түсіп қалған әріптерді пайдаланып сөз жазады.

Тапсырманы түсіндіріп, оқып береді.

2-топ тапсырмасы:

Ж әріпі кездесетін бірнеше сөздер жаз.

Дескриптор:

Ж әріпі кездесетін бірнеше сөздер жазады.

Ж әріпі кездесетін сөздерді қатесіз жазады.

Тапсырманы түсіндіріп, оқып береді.

3-топ тапсырмасы:

Адасқан буындардан сөз құра.

Дескриптор:

Адасқан буындардан сөз құрайды.

Сөздерді қатесіз жазады.

Тапсырманы түсіндіріп, оқып береді.

4-топ тапсырмасы:

Жолжолкен сөзінен бірнеше сөздер ойлап тауып жаз.

Дескриптор:

«Жолжелкен» сөзінен бірнеше сөз құрайды.

Сөздерді қатесіз жазады.

Тапсырманы түсіндіріп, оқып береді.

Таныстырылым, топтық жұмыс;

А3 форматтағы қағаз

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Рефлексия

Тақтаға жануарлардың астына жасыл,сары,қызыл жапырақтар ілінеді.

Егер сабақты жақсы түсінсе, жасыл жапырақ;

Орташа түсінсе сары жапырақ;

Мүлдем түсінбесе қызыл жапырақты іледі.

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=53d7d807f1a01e6a6eec100d3ce2c782&n=13

-Оқушылар сендерге сабақтың қай тұсы ұнады?

-Қай тапсырма қызықтырақ болды?

-Сабақ мақсаттарына жете алдық па?

-Қандай тапсырмада қай мақсатқа жеттік?

Жапырақтың суреті
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

Советбек Арайлым Асқарқызы

Басқа материалдар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ