Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.

0
2162
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы, музыка, дүниетану.
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , видеожазба,
Тілдік құзыреттілік

Жалау-флаг

Жеміс – фрукт — fruit

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3мин

Шаттық шеңберін құрып, «Тұлпарым» әнін ата отырып, жердегі шөп тәріздес қағаздарға топтасып тұрып қалуы керек. Сол бойынша топқа бөлініп, отырады. Шаттық шеңбері
Өткенді қайталау — Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)
— Әріп дегеніміз не? ( көреміз, жазамыз)
— Дыбыстар неше түрге бөлінеді? ( дауысты және дауыссыз дыбыстар)
— Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
— Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Үй тапсырмасын, кубизм әдісі бойынша, шаршының әр қырында жазылған, соңғы өткен әріптер бойынша сөз құрау.

Г, Ғ, Ө, З, Ә, ң.

Сұрақ-жаап әдісі

Кубизм әдісі

Сабақтың ортасы

8 минут

— Бұлар неге жатады?
— Жеміс — жидектерге жатады.
— Жеміс – жидектер сөзінің басында қандай дыбыстар естіледі?
— Ж дыбысы
— Ол қандай дыбыс?
— Ж дауыссыз дыбыс
— Неліктен дауыссыз дыбыс?
— созылмайды, кедергіге ұшырайды.

Ж- әрпі мен дыбысын таныстыру. Ж әрпінен келетін сөздер айту, буынға бөлу.

Ж дыбысы тіл алдының таңдайға жуықтауынан жасалатын ұяң дауыссыз дыбысын белгілейтін әріп.

№1 Оқылым. Жж дыбысына берілген сөздері оқыту. Мағынасын түсіндіру. Оқушыларға тізбектей оқыту.

жа ға мұқ таж

жа са жа сыл

ә же жақ сы

Ай жан жа рық

о жау

Топтық тапсырма

1 топ — «Кластер» әдісі арқылы Ж әрпі кездесетін сөздеді сурет арқылы табу.

2 топ- Берілген сөздерді буынға бөлу.

3- топ- Дыбыстық талдау жасау

4- топ – Кодтау әдісі арқылы жасырынған мақалды табу.

5-топ- сурет бойынша әңгіме құрау

Отшашу әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті

Видеоролик «Жарыс»

Аудиожазба «Жарыс»

(Аудиожазбадан соң, оқушыларға оқыту).

Жарыс

Жарыс, жарыс! Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

Сұраққа жауап бер.

1)Жайлауда не өтіп жатыр?

2) Желден де жүйрік кімнің аты?

3)Жарастың жорғасы қандай?

4)Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

Таныстырылым.

оқулықпен жұмыс

Кластер әдісі

Кодтау әдісі

Сергіту сәті

1 минут

Тамшылар әні Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

Дәптермен жұмыс
Әріп элементерімен таныстыру.
«Ж» әрпінің жазылуын көрсету.
Бірінші элементі — үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламымызды қойып, солдан оңға қарай доға сызықты үлкен жол ортасынан айналдырып, төмен тартамызда, жазу жолының төменгі сызығына тигізе доға сызықты сәл көтереміз.
Екінші элементі – жазу жолының жоғары сызығының доға сызықпен қиылысқан тұсына қаламымызды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз де, бұрыш жасай отырып, сызықты төмен қарай жазу жолының сызығына дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының үстіңгі сызығына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – бастапқы нүктенің тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға қарай жүргіземіз.

Кіші әрпінің жазылуы.
Бірінші элементі – жазу жолының ортасынан қаламыңды қой. Солдан оңға қарай жоғарғы сызыққа тигізе доға сыза отырып, төмен тартамыз да сызықты астыңғы сызыққа тигізе солға қарай иеміз.
Екінші элементі – доға сызықтың ортасына қаламыңды қойып, жоғары сызыққа дейін көлбеу сызық жүргіземіз. Сызықты төмен астыңғы сызыққа жеткіземіз де оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының ортасына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – енді осы сызыққа қосылатындай етіп, солдан оңға қарай жолды толтыра тағы да доға сызық сызамыз.
Ауада жазу.

Дәптерге жазу.

Жұптық тапсырма

Жаңбыр тамшыларынан сөз құрау.

Жаға, жаңғақ, жаға,жара, жусан, жылқы,Жарас.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Ж дыбысынан басталатын сөздер айту.
Ж дыбысы сөздің басында, ортасында, қазақ тілінің байырғы сөздерінің аяғында өте сирек кездеседі, лаж, мұқтаж

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Ж дыбысынан басталатын сөздер (30 сек)
Ең ыстық мезгіл (жаз)
Төрт түліктің бірі (жылқы)
Күзде сарғайып түсетін не? (жапырақ)
Жазда жапырақтың түсі қандай болады?
Адамның аты (Жанар)

Сөздік диктант: Жаға,жарыс,жалау,жыра,жол

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ