Табиғат — ана

1
4809

Менің қиялымдағы табиғат ұғымы-ерекше сезім,мол шабыт,көркем дүние,қайталанбас туынды,көрінісімен көңілімізді көтеріп,ерекшелігімен есте қалар,әсем де келбетті пейзаж іспетті.Кейде ұстаздарымыз «табиғатқа қарап-ақ біраз нәрсені жарыққа шығаруға болады» дейтін.Өйткені,сарқылмас шабыттың басты діңгегі-табиғат.     Адам мен табиғат қатар ұғым.Себебі,табиғатсыз адам болмайды,адамсыз табиғат болмайды.Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сынды табиғатсыз да өмірдің мәні жоқ.       Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы қашан да «табиғат» ұғымын ұлықтап,тағзым еткен. «Адам табиғаттың патшасы» деген ұғым сондықтан айтылса керек.Құндылығын жоймаған бұл ұғымды өзгеше түсініп, «өз жерім өзім қожа» деп білгенін істеп,немқұрайлылықпен қарап,табиғатты қорғаудың орнына жағымсыз іс-әрекеттер жасау нағыз ақымақтың ісі.Сонау заманның қырат-қырат белестерінен байқасақ, еліміз шұрайлы өлкеге,әсем де сұлу табиғатқа,тіпті орасан зор құдіретті күшке ие екендігі тайға таңба басқандай анық байқалады. Ендеше,ата-бабаларымыздан аманат болып,ұрпақ сабақтастығының бірі саналар табиғатты қорғау әрбір перзенттің міндеті екендігін естен шығармайық.


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ