Табиғат – туған анамыз

0
1287
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Сабақ арқылы Табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру. Ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту;

Туған табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, мультфильм.

Барысы.

Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.

Суретпен жұмыс (слайдтан көрсету).

Балалар,  наурыз көктемнің  алғашқы айы. Сонымен қатар қар астынан қылтиып шығатын бәйшешек гүлі бүршік жарады. Көктемнің көркі – бәйшешек. Ол ең алғаш гүлдейтін гүл. Басқа гүлдерден ерекшелігі де осында. Қырда өскен бәйшешекті алғаш сіздер көрсін деп, мен бәйшешек гүлін теріп әкелгенмін. Сол гүлдерді мен ортаға шашайын, сіздер әрқайсыларын біреуден теріп алып, артында жазылған топ бойынша орнымызға отырайық.

Ертегі (слайдтан көрсету)

Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты.  Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі  сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейін құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.

Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған.

Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Осы Табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? (Оқушылардың ойлары тыңдалады).

ТАБИҒАТ

 

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады.  Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы – бұл экологиялық мәселе. (табиғат сюжеттерін көрсету)                                                                 Жұмбақ                                                                        

Қиналмай тауларды, орманды,

Теңізді, дария, аңдарды,

Ауылды, қаланы, халықты

Ойлап тап көтерген алыпты. (Жер)

Мұғалім: Жер саған не  болған, неге сенен тіршілік белгісі білінбейді?

Жер:      Кім жоқтайды даланың

Тобылғы мен жүзгенің?

Таппай жүрме жұртыңнан

Теріскен мен изенін?

Жатады қыр күйзеліп.

Оттан қорға орманды,

Алау жақпа ен онда,

Қоршаған сені айнала,

Бүлдіріп алма абайла.

Сен де өмірдің гүлісің,

Ақыл қойып соны ойла.

Мұғалім: Балалар, біз жерге көмектесуіміз қажет. Қыс кетіп , көктем келіп, айналамыздағылардың бәріне жан ене бастайды. Гүлдер шығады, жәндіктер оянады, құстар ұяларын салады, балық уылдырық шашады, бәрі де оянады. Біздің жеріміз көктеммен бірге оянып, жақсы күйге енуі үшін не керек?

Оқушылар: Ауа, су, құстар, жәндіктер, т.б. керек.

Мұғалім: Дұрыс, алдымен ғаламшарымызға ауа берейік. Бірақ барлық ауа тіршілік үшін жарай бере ме?

Оқушылар: Жоқ, таза ауа ғана.

Мұғалім: Улы ауа адамдар, жануарладың ағзасына, топыраққа, өсімдіктердің тамырларына түседі. Не істеу керек? Бұны қалай шешуге болады?

Оқушылар: Ағаштар, гүлдер мен шөптер отырғызу керек. Ол көмірқышқыл газын жұтып, біз үшін таза ауа оттегін бөліп шығарады. Ал түтіндеп жатқан мұржаларға тазалағыш сүзгілер  орнату керек.

Мұғалім: (тренинг) Өте жақсы, балалар! Қазір бәріміз орнымыздан тұрайық, қолдарымызды жоғары көтеріп, Күннен жарық, жылу, мейірімді шуағын алайық. Жерімізге жақсы тілек тілейік. Сіздердің тілектерін қабыл болып Күн – ана жерге шуағын төгіп, Жер – Ана оянып, өсімдік пен талдар гүлдене бастайды. Жерімізге таза ауаның болуына өсімдіктер көп қызмет атқарады. Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы «Табиғат – туған анамыз» деп аталады. Ал, енді балалар, ертең күн  жылығасын мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлесімізді қосамыз. Солай емес пе, балалар?

Мультфильм көрсету. Табиғатқа байланысты. Бетбақдала

 Жапырақты сөйлету.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар – жәндік тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.

Сабағына арнайы байланыс құралдарын орнатып, өздері жапырақты жұлуға қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш діріл пайда болған. Одан әрменгі оқиға былайша өрбіген.

  • Қауіп – қатер төнді!
  • Тірі қаламын ба, жоқ па?
  • Жарақат салды!
  • Құрыдым!

Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған. Яғни бір ғұмыр үзілді. Міне, көрдіңдерме? Яғни, біз бір жапырақ жұлғанның өзінде табиғатқа қасірет әкеледі екенбіз. Ал, біз өзіміздің табиғатымызды көркейте білуіміз қажет. Табиғатты көркейту үшін не істеуіміз керек, балалар? (Оқушылардың ойын тыңдау)

Ой толғау.

Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі. Әр топ берілген сұрақтарға жауап жазады.

І топ: Табиғаттың адамға деген пайдасын жаз.

ІІ топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?

ІІІ топ: Табиғатты қоректендіру үшін не істейсіңдер?

Мұғалім: Өте жақсы айтылған жауаптар болды, рахмет!

Табиғаттың суретін құрастырып, өздері қорғап шығу

Оқушылар  көгалдандыру жұмысын өз үйіміздің,  мектебіміздің ауласынан, сыныбымызды гүлдендіруден бастайық. Сіздерге мен «Гүл – өмірдің сәні» атты тәрбие сағатында гүлді отырғызудың әдіс – тәсілдерін, гүлдерді қалай баптап – өсірудің жолдарын айтып өткен болатынмын. Қалай отырғызатыны туралы кім айтады?

(Гүл отырғызудың әдіс – тәсілі, гүлдерді қалай баптап өсірудің жолдары оқушылардан сұрау). Әр топқа гүл отырғыздырту.

Айзия:

Күн сәулесі төгілгені әдемі!

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі!

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі!

Биік – биік шыңдарымда әдемі!

Сүңқар құстың самғағаны әдемі!

Даланы әнге бөлеген,

құстарым қандай әдемі!

Мөлдіреген көздері,

киігім қандай әдемі!

Аппақ қарға оранған,

қысым қандай әдемі!

Масатыдай құлпырған,

көктем қандай әдемі!

Асыр салып ойнайтын,

жазым қандай әдемі!

Сары түске боялған,

күзім қандай әдемі!

Осылайша табиғатқа бір қарап,

Табиғатпен сырласуда әдемі!

Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,

Боларсыңдар, сендерде дүниедегі ең әдемі! (слайд көрсету)

      «Сиқырлы қалам?»

Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда сіздер табиғат туралы біраз мағлұмат алдыңыздар. Білімдеріңізді жақсы деңгейде көрсеттіңіздер.

Әрқашан өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортадағы табиғат нысандары мен тірі ағзаларды қорғап, қадірлеп, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға міндетті екенімізді ұмытпайық.

 

 Садықова Сәнімкул Серікбайқызы

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі    


ПІКІР ҚАЛДЫРУ