«Табиғаттың жаңаруы» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі

0
1816
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Білім беру  саласы: «Коммуникация», «Әлеумет»
Біріктірілген  оқу қызметі: Драма, Қоршаған  орта
Тақырыбы: «Табиғаттың  жаңаруы»

Мақсаты: Балаларға  табиғат  жайында  білім  бере  отырып,соның  ішінде  көктем жыл  мезгілінде  табиғаттың  ерекшеленіп,тірі  жәндіктердің  оянып,өзгеше  құбылысқа  бөленетіні  жайлы білімдерін  дамыту. Ертегі  арқылы сөздік  қорларын  жаңа  сөздермен  толықтыру. Әдеби  тілде  еркін ауыз  екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ертегіні  дауыс  ырғағына  келтіріп  сахналау арқылы, балаларды  ертегі  кейіпкерлерін  ойнауға  деген қызығушылықтарын  арттыру. Балаларды достыққа тәрбиелеу.

Сөздік  жұмыс: Орман дәрігері, тоқылдақ, көгершін, аққу, торғай, әтеш,
бұлбұл, терек, қарлығаш, сауысқан.

Көрнекіліктер: Қоржын, асықтар, кеспе  ертегі  кейіпкерлерінің  суреттері.

Қолданылған  әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, қайталау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, музыкалық киіз үй.

Шаттық  шеңбер:  Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қолдаймыз.
Біздің топта, ұл қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.

Таңғы жиын

Сөйлейтін қабырғамен жұмыс

Тәрбиеші:
Балалар  бір жылда  неше  мезгіл?
Жылдың  қай  мезгілі? (көктем)
-Көктем айларын атап беріңдерші?  (Наурыз, Сәуір, Мамыр)
-Көктем   екенін  қайдан  білдіңдер? (күн  жылынды, қар еріді, жаңбыр  жауады)
Көктем,көктем,көктемде,
Көктем  келіп  жеткенде.
Қуанады  балалар,
Ән  салады  бар  құстар.

-Бір  аптада  неше  күн? (апта күндерін атайды)
-Тәулік  атауларын  есімізге  түсіреміз? (таң, күн, кеш, түн)
Бүгін канша ұл, қыз келді? (Санау, санмен белгілеу)
Балалармен сөздерді хормен және жеке қайталау

Балаларды мадақтау: дұрыс, күнделікті айтып жүрген сөздерімізді қайталадық.


Әуен  ойналады.Интерактивті  тақтадан  Алдар   шығады.
(Мен  Алдармын  Алдармын, Сақалымды  талдармын)


«Сәлеметсіңдер ме, «Айналайын»  тобының  бүлдіршіндері!
Мен  атақты  Алдар көсе, сендердің білімді, өнерлі, алғыр  балалар  екендеріңді  біліп,мына  сыйқырлы ғажайып  қоржынымды    жіберіп  отырмын.Қоржынымда  сендерді қызықты тапсырмалар  күтіп  тұр.. Егер  сендер тапсырмаларымды  орындасаңдар, менің  сендерге  арнаған  сыйым  бар.Сендерге  сәттілік! »


Тәрбиеші  балаларға  қоржынды  жақынырақ  көрсетеді. (Балалар  қоржынды қарап  түсін,қандай  ою-өрнекпен  безендірілгені  жайлы  әңгімелеп зерттейді)

Тәрбиеші: Балалар  менімше  қоржынның  ішінде  бір  нәрсе  бар?
Әр  бала ұстап көреді.
Тәрбиеші  бір  балаға  қоржынды  аштыртады.
Қоржынның  ішінде әр  түсті   асықтар.

Тәрбиеші: — Балалар  мынау  не?
-Түстері  қандай?
-Канша екен, санайық?
-Балалар, бұл  жай  асықтар  емес,  Алдар  көсе бізге  сиқырлы  асықтарды  жіберіпті.

Ендеше  тапсырмаларын  орындауға  кірісейік!

Интерактивті  тақтадан:

1.Тапсырма: «Балалар , мына  қызыл  түсті  асықта  менің  бірінші  тапсырмам. Сендер  табиғат  жайында  не  білесіңдер?»

Балалардың  жауабы.
(Табиғат  дегеніміз қоршаған орта.Табиғат  екіге   бөлінеді:Жанды  табиғат  және  жансыз  табиғат  болып  бөлінеді.
Көктем  мезгілінде  қар  ериді,күн жылынады.тірі  жәндіктің  бәрі  оянады, құстар  жылы  жақтан  ұшып  келеді).
Көктем  мезгілінің  айларын  есімізге  түсіріп  қайталайықшы-Наурыз, Сәуір, Мамыр) — балаларды  мадақтап  өту.

— Ал  көктем  мезгілінің  бірінші  айы Наурызда  қандай  мереке  болды?
Балалардың  жауабы.(Аналардың  мерекесі)


— Ал алда қандай  мейрам  келе  жатыр?


— Наурыз  мейрамы.
— Наурыз  мейрамы  келгенде,сендердің  отбасыларыңда  қандай  дайындық  болады?
Балалардың жауабы:
— Ата  әжелер  әдемі  киімдерін  киіп,бір-біріне  қонаққа  барады. Әр  үйде Наурыз  дастархан  жайылады. Дастарханда  ақтан  жасалған көп  тамақтар  болады. Наурыз  көже  жасайды. Дастарханға  Наурыз  батасы  беріледі. Адамдар  бір-біріне  жақсы  тілектер  айтады. Ренжіскен  адамдар  сол  күні  бір-бірінен  кешірім  сұрайды. Наурыз  мейрамы  үлкен  той.

Тіл  ұстарту  жаттығулары:
Ға-ға-ға,
Тал  басында  қар-ға.

Қан-қан-қан,
Ұшып  кетті  сау-ыс-қан.

Ғай-ғай-ғай,
Қар  үстінде  тор-ғай.

Қу-қу-қу,
Көлде  жүзді  ақ-қу.

2.Тапсырма:

«Менің  екінші  тапсырмамды   мұқият  тыңдаңдар.Табиғатқа  байланысты  қандай  тыйым  сөздерді  білесіңдер?
1.Көкті  жұлма. Көктей  соласың  дейді.
2.Суға  түкірме.Су  қасиетті.Су  тіршіліктің  нәрі.
3.Құстың  ұясын  бұзба.
4.Ағаш  сындырма. «Бір  тал  ағаш  сындырсаң,он  тал  ек»

3.Тапсырма:

Ал  балалар  менің  соңғы  тапсырмам:
«Көтем  мезгіліндегі  орманды  көз  алдарыңа  елестетіңдер.
Құлақпен  тыңдаймыз».
(Желдің,жаңбырдың,ормандағы  аңдардың  көктем  мезгіліндегі  оянуы,сайраған  құстардың әндері.
Балалардың  жауабы.
(Интерактивті  тақтадан  Алдар  көсенің  дауысы)
«Балалар ,сендер  менің  барлық  тапсырмаларымды  орындадыңдар.
Енді  сендерді тосын  сыйым  күтіп  тұр.
Бірақ,  тосын  сыйды  көрмес  бұрын  мен  сендерге  бір  жұмбақ  жасырғым  келіп  тұр:
Орманда   мекен  етеді,
Күні  бойы  еңбектеніп,тіршілік  етеді
Тамаша  балалар,ендеше  осы  еңбекқор  Тоқылдақ  туралы  ертегі жіберіп  отырмын.Сау  болыңдар  балалар!»

Ал  балалар , Алдардың ертегісін тамашаламас бұрын, қимылды  жаттығуларымызды  еске  түсірейік.

Сергіту  сәті:
                      Құстар  қанат  қағады,
Көкте  самғап  ұшды.
Барлық  құстар  қосылып,
Шиқ-шиқ  деп  ән  салады. (Қимыл-қозғалыспен  көрсету )
 

«Орман  дәрігері»  атты  ертегіні  балалардың  сахналауы.
-Ал  балалар   айта  қойыңдаршы:
-Балалар ертегі  қалай  аталады?
-Сендерге   ертегі  ұнады  ма?
-Қай  ертегідегі  кейіпкер  сендерге  ұнады?
-Неліктен  ұнады?
-Ендеше  балалар  қазір біз өз  қолымыздан  ертегі  кейіпкерлерінің  кеспе суреттерін  алып,мына  орман  көрінісін «Ғажайып  құстар  мекеніне   айналдырамыз.
Әуен  ойналып,балалар  шығармашылық  жұмыс  жасайды.

Қазақстан Республикасы Президенті  Іс Басқармасы
Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК

Тәрбиеші: Б.К.Жасимбекова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ