Табысты адамдар қандай кітаптар оқиды?

0
2972

Кітап — табысты адамдардың ең сенімді досы. Табысқа жеткен адамдардың өмір жолына қарап отырсаңыз, олардың кітаппен жолдас болғанын көресіз. Сіз де табысты адам болуды қалайтын боларсыз. Ендеше, бүгіннен бастап табысты болуды үйреніңіз! Бизнесмендер ұсынатын ең негізгі кітаптарды назарларыңызға ұсынамыз.

1. Робин Шарма «Монах, который продал свой Феррари» — өзіндік дамудың қуатты құралы. Бір орында қатып қалып, бағытыңызды таба алмай тұрсаңыз, осы кітапты оқуға кеңес береміз. Кітапты оқып болған соң, жағымды әсер әлі көп уақыт жібермей тұрады.

2. Олег Тиньков «Как стать бизнесменом» — өзін-өзі жасап шыққан Тиньковтың туындысымен танысып көріңіз. Жанды әрі практикалық кітап, көптеген қарапайым, күнделікті заттарға басқа көзбен қарауға итермелейді. Нәтижесінде, ішкі потенциалыңызды ашып, бизнестің нағыз дүниесін түсінуге көмектеседі.

3. Роберт Кийосаки «Богатый Папа, Бедный Папа» — табысты адамдардың қаржылық сауаттылығын анықтайды. “Табысты адамдар ақшаға жұмыс жасамайды, олардың ақшалары өздеріне жұмыс жасайды.” Кітаптың ерекшелігі — ойыңызды бағыттап, қабілеттеріңізді дұрыс бағалауға үйретеді.

4. Эндрю Мэтьюз «Живи легко! или Счастье в трудные времена» — түсінікті тілмен жазылған кітап, көбінесе шынайы адамдардың өмірінде болған оқиғаларды сипаттайды. Сондықтан, оқырманда “сол адам мұндай қиыншылықтан шыққан болса, мен де жетістікке жете аламын” деген ой тудыру — кітаптың басты мақсаты.

5. Джордж С. Клейсон «Самый богатый человек в Вавилоне» — бұл кітап, ақшамен қарым-қатынастың ерекшеліктерін меңгергісі келетін, бірақ қаржылық мәселені оқуды қаламайтын жандар үшін таптырмайтын зат. Ақшаны қалай жинап, қарқынды арттыруға болатынын сипаттайды, әрі үйретеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ