Талайды таңқалдырған тележоба

телешоу

Қазақстандық көрермендердің жүрегін жаулаған музыкалық «Маска» телешоуының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті.

фото ғаламторТалайды тәнті еткен шоудың финалына Аққу, Арыстан және Арқар маскалары жеткен болатын. Жеңімпаз Арқардың маскасын киген әнші Ерден Жақсыбеков атанды. Жобаға барлығы 14 маска қатысты. Әрбір маска өз алдына ерекше, қазақи болмысымызға сай етіп тігілген. Сол ерекше маскалардың астында халық алдында жүрген танымал тұлғалар өнер көрсетті. Олар осы жобада өздерін мүлдем басқа қырынан көрсете білді.

Жобадағы әрбір масканың өзінің жанкүйерлері табылды. Көрермендер масканың ішіндегі адамның кім екенін білмесе де, оларға отбасымен қолдау білдірді. Әр бөлім сайын бір-бір маскадан жобадан шығып отырғаны өкінішті-ақ. Бірақ, бұл жоба талабы болатын.

Барлығымыздың назарымызды аударған жобаның тарихы қай елден бастау алғанын білесіз бе? Аталмыш жоба Оңтүстік Корея елінде пайда болған. Ең алғашқы көрсетілімі 2015 жылдың сәуір айында шыққан. Сол уақыттан бастап атышулы шоу әлемнің 30-дан астам елінде өткізіліп келеді.

Осы жылы біздің елімізде «Хабар» арнасында алғашқы маусымы өткені барлығымызға белгілі. Көрерменнің көңілінен орын таба білген сәтті жоба өз жалғасын табады деген үміттеміз.

Гүлманат Райымбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ