«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны

0
3779
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: білімгер жастарымыздың білімін, тапқырлығын арттырып, мәдениеттілікке, адамгершілікке, өнерпаздылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: «Аман» — сөздің атасы демекші, армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және колледж білімгерлері!

Екпінімен еңбектің жарасқан ән,

Құлақ түріп даңқына алыс ғалам.

Достық туы желбіреп алаңдарда,

Даламыздан сан тағдыр табысты адам.

Бостандықтың нұрымен арайланып,

Болашаққа алаңсыз қарыштаған,

Ұлы достық отауы – Қазақстан!

Қатысушыларға сәттілік тілей келген, достық туын биікке желбіретер адал достар ардақты ұстаздар ажарланып, арайланып ортамызға  қош келдіңіздер! Олай болса «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Қара жерден қар кетпей,

Жердің сәні келмейді,

Үйрек ұшып қаз қонбай

Көлдің сәні келмейді,

Қызылды-жасыл киінбей

Қыздың сәні келмейді,

Қыз – боз бала жиналмай!

Сахна сәні келмейді — десем қате айтқаным болмас, қанеки ендеше  қыз-боз балалардан құрылған ойыншыларымызды  ортаға шақырайық:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаңа жаздай жайраңдаған,

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!

Ортаға бой жеткен сұлу қырмызы қыздарымыз «Бойжеткендер» тобын шақырамыз! (Қошеметпен «Бойжеткендер» тобы шығып, өз орындарына жайғасады).

Жүргізуші: Кел екеуміз досымау осы лайық,

Бәрін жеңіп ортаға қосылайық,

Бекер қарап бекерге отырғанша

Бозбалаға болмайма осы лайық! – дей келе жас жігіттер «Бозбалалар» тобын қошеметпен қарсы аламыз! (Қошеметпен «Бозбалалар» тобы шығып, өз орындарына жайғасады).

Жүргізуші: Құрметті қатысушылар бүгінгі «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойынымызда сіздерге тек қана сәттілік тілеймін! Ойын барысында әділ баға беріп, әділ шешім қабылдайтын әділ қазылар алқасын таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:

  1. «Үздік өнерпаз» студент – Үкмет Нұрлыбек
  2. Студенттер кеңесінің мүшесі: Урманова Амина
  3. Редколлегия — Жұмабекқызы Ақбота

Құрметті білімгерлер енді ойынымыздың шартымен таныс болыңыздар. Ойын 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең – «Тапқыр болсаң, тауып көр». 3 минут уақыт ішінде сұрақтарға жауап беру.

2 кезең – «Ұтқыр болсаң, ұғып көр».  Берілген суреттерді мимикамен дыбыссыз түсіндіру.

3 кезең – «Мықты болсаң, шауып көр». Экранда берілген ұяшықтарды таңдау арқылы тапсырманы орындау.

4 кезең – «Ой қорыту»  2 минут ішінде санға байланысты мақал-мәтел немесе нақыл сөздер дайындау.

Көрермендер сайысы «Ой жарыс».

5 кезең – «Үй тапсырмасы». Өз мамандығын таныту.

Олай болса, 1-кезең «Тапқыр болсаң тауып көр». Әр ойыншының алдында жеке-жеке әріптер берілген, сол әріптер арқылы қойылған сұрақтарға жауап бересіздер. Ендеше, Алға, қарсыластан қалма.

1) Нені өлшеу мүмкін емес?

2) Қазақ хрестоматиясының авторы кім?

3) А.Құнанбаевтың қанша қара сөзі бар?

4) 5-ке қарама-қарсы сан?

5) Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

6) Қазақ алфавитінде неше дыбыс бар?

7) Қазақ деген қандай халық?

8) Жамбылдың өнердегі ұстазы

Өте жақсы, әділ қазы алқасы өзінің әділ  бағасын қойып отырған болар,   енді дәл осы сұрақтарды қарсылас топқа қойямыз тек бұл жердегі өзгеріс бұл топтың әріптері өзгеше, сонымен дайын болсаңыздар ойынымызды ары қарай жандандыра түсейік.

Осымен бірінші кезеңіміз тамамдады әділ қазылар алқасына назар аударыңыздар.

Керемет, келесі 2-ші кезең «Ұтқыр болсаң, ұғып көр» яғни, бұл кезеңде  ортаға суреттер қойылған сол суреттерді, ыммен немесе іс-әрекетпен көрермен қауымға түсіндіресіздер.

Ескерту: суреттің не екенін анық  тапқанда ғана жауап қабылданады. Ал таппаған жағдайда сіздердің жинаған ұпай сандарыңыз кемітіледі. Бұл кезеңде ең жоғары бал 5 бал болып саналады және оған 1 – минут уақыт берілген.

Сонымен командалар дайын болса бастаймыз…уақыт шектеулі екенін естен шығармаймыз,

Тамаша, әділ – қазы алқасына құлақ түре отырамыз.

Жақсы келесі 3-ші кезеңіміз «Мықты болсаң, шауып көр» деп аталады мына ұяшықтарда сұрақтар жасырылған, әрбір дұрыс жауап берген ұяшықтың бағасы сол топтың қоржынына түспек.

 

10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40

 

10-тіршіліктің, яғни дамудың негізгі формасы, биологиялық тұрғыда? (жасуша)

10-бос уақыт дегеніміз не? (адамның жұмыстан тыс уақыты)

10-Мәдениет мекемелерін ата? (кітапхана, саябақ, т.б)

20- Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Жеті дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Ақшам жетпей дүкеншіге

1 дәптерді қайтып беріп

Қалғынының барлығын да,

Қол дорбама салып алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары?    /10/.

20 — Қандай қалалар астана болған?  /1. Орынбор,   2. Қызылорда     3. Алматы
 4.Астана/.                                                                         

10 — «Менің атым — Қожа» әңгімесін кім жазды?  /Б.Соқпақбаев/

20 — аксиология дегеніміз не? (құндылық туралы ғылым)

20 -Үйде кім, елде кім қадірлі? /Үйде — қонақ, қарт, бала,

                                               Елде – хан, әкім, ұстаз қадірлі/.

30 — Қ.Р-ның тұңғыш кәсіби суретшісі?    (Ә. Қастеев)

30 — Адамға ақыл беретін кімдер?     /ата-ана, ұстаз, дос/.

30 — Шараның орнын басқан қазіргі биші қыз?  /Шұғыла Сапарғалиқызы/

30 — Жерден ауыр не?    /ақыл, білім/.

40 — Шығыс елдерінің Жаңа жылы?    /Наурыз/.

40 — ер жігіттің неше жұрты бар?  / өз жұрты, нағашы, қайын/

40 — Судан терең не? /оқу, ғылым/.

40 — Үйдегі алтын қазық кім? /АНА.    Ана ақылды болса, бала дана болады.Оның тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана- ақылшың, әке — қамқоршың/.

Осылайша біз үшінші кезеңніңде соңына келдік, әділ қазы алқасы бағасын бере отырса.

Ойынымыздың 4 кезеңі «Ой қорыту» . Бұл кезеңнің шарты берілген  сандарға байланысты мақал-мәтелдер құрастырасыздар. (Мыс. «Жігіт болаң, жеті елдің тілін біл». «Қызға қырық үйден тию». «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар».Қыздың 40 жаны бар). Сіздерге 2 минут уақыт беріледі.

Ал келесі тапсырма жанкүйерлер сіздерге арналады. Ол  «Ой жарыс». Берілген сұрақтарға қол көтеріп жауап берулеріңізді сұраймын. Белсенді қатысқан көрермендерімізге де аздаған сый-сыяпатымыз бар. Олай болса, бастаймыз:

  1. Аптаның қасиетті күні /Жұма/
  2. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды. (жарықты)
  3. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көремізбе, жоқ әлде күркіреген дыбысты естимізбе. (найзағай)
  4. «Мен жастарға сенемін» өлеңнің авторы? /М.Жұмабаев/
  5. Массалары бірдей мақта мен ағаштың қайсысы ауыр. (2 тең)
  6. Спидометр нені өлшейді. (жылдамдық)
  7. Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды. Қай заңға сәйкес келеді. (Ньютонның 1 заңы)
  8. Суға толы стақанға 100г жүкті батырғанда, нені байқаймыз. (су төгіледі)
  9. Ең көп таралған сұйық? (су)
  10. Нені тоқтатуға болмайды. (уақыт)
  11. «Еңлік-Кебек» пьесасының авторы /М.Әуезов/
  12. Үш арыс /С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров/.
  13. Өзеннің басталатын жері /Бастау/.
  14. Елтаңбамызда күннің неше шуағы бар? /32/

Өте керемет, Сіздерге үлкен рахмет!

Ал енді ойыншыларымыз дайын болса берілген тапсырма бойынша санға байланысты дайындаған мақал-мәтелдерді ортаға салайық.

Әділқазы алқысы соңғы кезеңнің бағасын берсеңіздер! Ал енді әділқазыларымыз жеңімпаздарды анықтағанша тамаша әнді қабыл алыңыздар!

Құрметті қонақтар, ұстаздар және колледж білімгерлері Сіздерге көптен көп рахмет, Егемен еліміздің көк туы желбіреп, Отанымыздың оты сөнбей, жарқырап жана берсін!

Келесі кездескенше сау сәлеметте болыңыздар!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. «Тапқыр достар» сайысының сценарийі
  2. Тапқыр достар (бастауыш сыныптарын арналған ашық сабақ)
  3. Шешендер турнирі (сабақтан тыс шара)
  4. «Жас қаржыгерлер» сайысы
  5. «Алтын сақа» сайысы (8-9 сынып оқушыларына арналған)
  6. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  7. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  8. «Білімді информатик» сайысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ