«Тарих толқынында» атты ақындар мүшәйрасы өтті

0
1757

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар»  факультетінде  Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Тарих толқынында атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Сайыс мынадай бөлімдер бойынша өтті:\r\n\r\n-елімізге белгілі ақындардың шығармашылығын оқу;\r\n\r\n-өз шығармашылығынан және еркін тақырыпта өлең шығару.\r\n\r\nӘділ-қазылар алқаларының шешуі бойынша жеңімпаздар анықталды:\r\n\r\nБас жүлде- Мұнарбай Нұрдәулет;\r\n\r\n1 орын- Әбжаппарова Айжан;\r\n\r\n2 орын- Жағыпар Ақғалым;\r\n\r\n3 орын- Құралай Құрманбекке бұйырды.\r\n\r\nЖеңімпаздар Студенттер Кәсіподақ Комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.\r\n\r\nҰйымдастырған: Жаратылыстану және аграрлық технологиялар факультетінің белсенді студенттері\r\n\r\n \r\n\r\nСіздердің назарларыңызға бас жүлдені иемденген ақын Мұнарбай Нұрдәулеттің шығармашылығын ұсынып отырмыз. \r\n Туған жер\r\n\r\nТуған жер туған далам, туған өлкем,\r\n\r\n Қыста ақ,жазда жасыл жайған көрпең. \r\n\r\nҚай сәтіңді бөліп алып қарасаңда,\r\n\r\nӘр уақытың ғажайып әрі көркем.\r\n\r\n \r\n\r\nТуған жер топырағын ыстық екен, \r\n\r\nЖанымды жадыратар бұл бір мекен.\r\n\r\nШет жырақтап кетсем егер өзіңнен мен, \r\n\r\nҚайталап айтатыным қашан жетем.\r\n\r\n \r\n\r\nТуған жер суың зәмзәм тататұғын,\r\n\r\nТаңым сонда жарқырап ататұғын.\r\n\r\nСамал желің соққанда Теріскейден, \r\n\r\nМайса шөпке мен барып жататуғым.\r\n\r\n \r\n\r\nТуған жер гүлдене бер, өркендегің, \r\n\r\nАунадым топырағыңда еркеледім.\r\n\r\nӨзге елде сұлтан боп қалғанымша,\r\n\r\nТуған жерде ұлтан қып желкелегің.\r\n\r\n \r\n\r\nТуған жер тұнған байлығың,\r\n\r\nЖансын мәңгі, сөнбесін еш,ай-күнің. \r\n\r\nТәңірім берген осынау бір бақытты, \r\n\r\nҚорғауға дайын ержүрек батыл айбының.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ