ТӘУЕЛСІЗДІГІМ — МӘҢГІЛІК

0
2906
Тәуелсіздік – ел тілегі

 \r\n\r\nБиікте туы самғаған тұғыры биік елденмін,\r\n\r\nКуәсімін өтіп жатқан мына бейбіт күндердің.\r\n\r\nШирек ғасыр болса да, тәуелсіз елдің барына,\r\n\r\nҚойнауы кенен, тарихы терең «қазақ» деген өлкенің.\r\n\r\n \r\n\r\nӨткен күннен қалса да сызат «қазақ» деген жүректе,\r\n\r\nТәуелсіз күннің тәтті сәті жазып өтті бір сәтте.\r\n\r\nОсы күнге жеткізген алғыс арман еткенге,\r\n\r\nҚазіргі таң жайлы өмір, шүкір дейміз тәңірге.\r\n\r\n \r\n\r\nМақтанамын, жар саламын бүкіл алып әлемге,\r\n\r\nЕл туралы жыр тұнып тұр мына менің кеудемде\r\n\r\nТәуелсіз елім жасай бермек, баса бермек тек алға,\r\n\r\n«Қазағым» деген жалынды ұран сайрап тұрар тілімде.\r\n\r\n \r\n\r\nХандарымның жалғасы Нұр аға болды бүгінде,\r\n\r\nКөпұлтты халық, Отаны бір,тіпті тілер тілекте.\r\n\r\nБақытты қазақ, мәңгі өлмейтін қазақ деген ел барда,\r\n\r\nАлты алаштың көк туы жайқалып тұрар төрімде.\r\n\r\n \r\n\r\nТәуелділіктен арылып,қол жетті Тәуелсіздікке,\r\n\r\nБейбіт елдің құшағында керемет күндер өтуде.\r\n\r\nЕгемен елдің келешегі-ұландары тәуелсіз,\r\n\r\nЖарқын күнді бағалай білу-басты парыз біздерге.\r\n\r\n \r\n\r\nЖерімде мәңгі болсыншы тек, жеңіске толы сәттілік,\r\n\r\nБүкіл әлем орын бергей қазақ десе қақ тұрып.\r\n\r\nОтанымның ешқашан ортаймасын қазаны,\r\n\r\nТәңірдің берген тәуелсіздігі баянды болғай мәңгілік!\r\n\r\nТЕМІРБАЙ ӘСЕМ\r\n Қызылорда облысы, Қазалы ауданы                                                                                         №249 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ