«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» республикалық оқушылар байқауы

25
10873

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында республикамыздағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш және 5-11 сынып оқушылары арасында «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» республикалық оқушылар байқауын жариялайды.

Байқау жеңімпаздары мен үздік шығармашылық жұмыстар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушыларына қос мерекенің маңыздылығын түсіндіру, жасөспірімдерді патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 1 қараша мен 30 қараша аралығында  tauelsizdik.baikau@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»

атты республикалық оқушылар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

  • Еліміздің әр өңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау;
  • Шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету;  

 

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқауды өткізу, ұйымдастыру және қорытындысын шығарумен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушылар қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып және 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі

  1. Шығарма немесе эссе номинациясы – қатысушы тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады;
  2. Ақындық номинациясы – қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін жолдайды;
  3. Сурет номинациясы –  қатысушы өзінің төл туындысын сканерлеп ұсынады.

Байқауға қойылатын талаптар

  1. Шығарма немесе эссе номинациясы. Байқауға қатысушы Тәуелсіздік күнінің маңызы мен  желтоқсан оқиғасының тағылымын тілге тиек етіп, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел дамуына қосқан үлесі туралы шығарма жазып ұсынады. Шығармашылық жұмыс келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-5 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).  

Байқауға ұсынылатын тақырыптар:

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»,

«Желтоқсан желі ызғарлы…»,

«Еңселі елім және Елбасым».

Бағалаудың негізгі критерийлері:

-тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;

— идея түпнұсқалығы;

— ойдың дербестігі;

— оқырманға эмоционалды әсері.

  1. Ақындық номинациясы. Қатысушы жоғарыдағы тақырыптарға сай өз өлеңін жолдайды.

Бағалаудың негізгі критерийлері:

— стилистикалық сауаттылық;

— мағыналық толықтыру;

— байқау тақырыбына сәйкестілік;

-эмоционалдық әсер күші;

-өлең көлемі – 8 тармақтан аса және 30 тармаққа дейін болуы тиіс.

  1. Сурет номинациясы.

Бағалаудың негізгі критерийлері:

— суреттің тақырыпқа сай болуы;

— суретші шеберлігі;

— бояу мәнері;

Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға жүлделі орындар және мақтау грамоталары тағайындалады. Байқау жүлдегерлерінің жұмысы жинаққа еніп, жинақ сыйға беріледі.

Бас жүлде – диплом (жинақ)

І орын – диплом (жинақ)

ІІ орын – диплом (жинақ)

ІІІ орын – диплом (жинақ)

Байқауға қатысқан барлық балалар дипломдармен және жетекшісі алғыс хатпен марапатталады. Егер бір мектептен 10 оқушы қатысатын болса, мектепке және мектеп басшысына алғыс хат беріледі.

Байқауға қатысу бағасы — 2000 тг.

Байқаудың қорытындысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы www.martebe.kz сайтында жарияланады.

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Ескерту! Төлемді кез келген банктен жасай аласыздар немесе 24 касса арқылы

Төлем мақсаты: «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»атты республикалық оқушылар байқауына қатысу үшін

Қатысу жарнасын QIWI терминал арқылы төлеуге болады.  87009785922 номеріне «кашелёкті толтыру» батырмасы арқылы «Аты-жөніңізді» жазып, төлем жасайсыз.

Байқау тапсырмаларымен біре төлем жасағандығы туралы түбіртек көшірмесі жіберілуі керек!

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87; 8 727 229 63 69;

 

«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»

атты республикалық оқушылар байқауына өтініш

Мекеме атауы
Оқушының  аты-жөні;
Сыныбы
Байқау номинациясы
Мекен – жайы, индекс телефон нөмірі (Міндетті)
Мекеме басшысының толық аты-жөні, тегі
Жетекшісінің толық аты-жөні, тегі
Эл.поштасы (марапат осы поштаға жіберіледі)
Байланыс номері

 

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.


25 ПІКІРЛЕР

  1. ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»

    атты республикалық оқушылар байқауының қортындысы қашан жарияланады

  2. «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» республикалық оқушылар байқауының қорытындысы қашан шығады.

  3. «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» республикалық оқушылар байқауының қорытындысы қашан шығады.

  4. Қайырлы күн! 30 қараша қабылдау бітті. Қорытынды Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады.

  5. Қайырлы күн! 30 қараша қабылдау бітті. Қорытынды Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады.

  6. 15 желтоқанда мектебімізде мерекеге байланысты іс-шара өтеді. Сол кезде құттықтап марапаттайық деп едік! Ертерек шықса тамаша болар еді. Өйткені, электронныйдан қағазға шығару үшін қалаға баруымыз керек ?

  7. Салеметсіздерме! «Тəуелсіздік-мəңгілік елдің тұғыры» республикалық оқушылар байқауының қорытындысы кашан шығады

  8. Қайырлы таң! Байқау қорытындысы қашан белгілі болады?

  9. «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» байқауының қорытындысы шықпады ғой. Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады деп едіңіздер. Бүгін 15-желтоқсан, ертең мереке сабақ болмайды. Сонда балалар қорытындысын қашан естиді?

  10. Сәлеметсіздер ме? Тәуелсіздік күні де жетті.Қорытынды қашан белгілі болмақ?Оқушыларымыз асыға күтуде.

  11. «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» республикалық оқушылар байқауының қорытындысы қашан шығады? Тәуелсіздік күні шығарылады деп еді…..

  12. салеметсіздерме «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»байқау қортындысы қашан шығады

  13. Тауелсиздик карсанында жарияланатыны кайда?Шыгарма корытындысы али жок

  14. Сәлеметсіздер ме! Қатысқан барлық оқушылар марапаттала ма?Орын алмаған оқушылар тізім шыққан оқушылардың ішінде болмаса бірақ қатысқан болса?

  15. Сәлеметсіз бе! Сіздерге марапаттар жіберілді. Өтініште жазған почталарыңызда. Тек шығарма номинациясында кішкене қателіктер кеткен екен. Соны жөндеп қайта жіберіп жатырмыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ