Еркін Ахметұлы: «Тәуелсіздік бізге үлкен мүмкіндіктер сыйлады»

0
1923

\r\n

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

\r\n

Н. Назарбаев

\r\n\r\n

 
Ой толғау
 
«Тәуелсіздік!» осы бір сөздің өзін тебіренбей,  марқаймай айтудың өзі мүмкін емес!
Кез – келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп санаймын. Ата – бабаларымыз болашақ ұрпағы үшін ақтық демі қалғанша күресе отырып, бізге егемендік алып берді. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт – азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан – сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізге биыл 23 жыл толмақшы. Тарих таразысынан өлшесек бұл аз да емес, көп те емес. Әрбір жалындаған азамат жиырма үш жасында  қалыптасып та үлгереді. Елін, жерін, отбасын ойлайтын азамат болып жетіледі.
Мен, Еркін Ахметұлы өмірге тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни 1991 жылы 6 маусымда дүниеге келдім. Тәуелсіздіктің арқасында талай жетістікке жеттім. Атап айтар болсам, білім алдым, оқыдым, үйлендім отбасым да бар.
2010 жылы Астана қаласында өткізілген республикалық «Тәуелсіздік ата – баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты конференцияға қатыстым. Конференция соңында алғыс хатпен және тәуелсіздікке 19 жыл медальмен марапатталдым.
2011 жылдан бері СҚО Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылында, Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп – интернатының музыка пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келемін. «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұраңыз»,- деп Джон Кеннеди айтқандай елім үшін мен шәкірттерімді білім нәрімен сусындатуда тамшыдай болса да өз үлесімді қосып жатқанымды мақтан етіп айта аламын. Ұстаздық ету жолында өзімнің де, шәкірттерімнің де республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары екенін тілге тиек ете кетуді жөн санадым. Мұның барлығы, әрине, тәуелсіздіктің арқасы!
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  Қазақстан атты ел бүкіл шетелге танылды. Сондықтан тәуелсіздіктің қадірін түсініп, қолдағы бар алтынды бағалайық құрметті отандастар демекпін!!!
 
GEDC4359
 
 
Untitled-Scanned-01
 
Еркін Ахметұлы
СҚО Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылында,
Тимирязев жалпы
білім беретін
қазақ мектеп –
интернатының
музыка пәнінің
 мұғалімі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ