Теңдік және теңсіздік. Теңдеу (математикадан ашық сабақ)

0
1885
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақ тақырыбы

Әріпті өрнек. «Саяхат» ,«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы

3С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік пен теңдіксіздік құру, оқу, жазу және білу

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар:“әріпті өрнек” және “санды өрнек” ұғымдары туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: “әріпті өрнек” және “санды өрнек” ұғымдарын ажыратады.

Кейбір оқушылар :әріпті өрнек құрастырады,оқи алады.

Бағалау

критерийлері

Қосынды және айырма түрінде берілген санды

және әріпті өрнектер мен теңдіктерді

ажыратады.

Қосу мен азайту амалдарына санды және әріпті

өрнектер құрастырады, түрлі тәсілдермен оқиды.

Тілдік мақсаттар әріпті өрнек,санды өрнек,латын әріптері.

Құндылықтарды

дарыту

азаматтық жауапкершілік,еңбекпен шығармашылық құндылықтарын дарыту. Отбасындағы жауапкершілікті түсіндіру

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану ,көркем еңбек пәнімен байланыстырамын.

АКТ қолдану

дағдылары

Суреттер,үлестірмелі материалдар,сандар,ноутбук
Бастапқы білім

Бөліктер мен бүтін.

1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін/ цифрларды /белгісіз санның символын қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ басында:Назарларын сабаққа аударып,келген ұстаздармен амандасу. Оқушыларды пеналдары арқылы 4 топқа бөлу. Блиц –сұрақтары арқылы жаңа тақырыпты ашу.1.Математика пәні не үшін керек?

2.Натурал сандар қай сандар?

3.Сандарды үш тілде айта аламыз ба?5-пять-five.4.7-семь- seven.5.10-десять-ten.6.1 аптада неше күн бар?7.Сағат ненің өлшем бірлігі?8.1жылда неше ай бар?9.Кез-келген санға 0-ді қосқанда неше шығады?10.Массаның өлшем бірлігін ата.11. -ненің белгісі?

ӘРІПТІ ӨРНЕК.

А4 пiшiндегi қағаз парақтары;

әрбір оқушыға арналған маркерлер,кір жайғыш жіп пен қыстырғыш.

Сабақтың ортасы

 

30 мин

 

Әрiпті өрнек дегеніміз құрамында сан,әріп,амал таңбалары болады.

Әрiпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері қолданылады.

Әріпті өрнек пен санды өрнекті салыстырып ,айырмашылығын білеміз. Әріпті өрнекті әртүрлі жолмен оқуға болатынын түсіндіремін.

Кіріспе тапсырма.Топпен жұмысқа әріпті өрнектер құрастырту.

1-қосылғыш 2-қосылғыш Әріпті өрнек

 

4

 

+ а

 

4+а

 

8

 

8 -b
50 -b
Дескриптор:Әріпті өрнектерді құрастыра алады.

Әріпті өрнектерді оқи алады.Не себепті әріпті өрнек екенін біледі. Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. (Оқулық 36-бет)Қай жолмен жүрген дұрыс?Бұл тапсырманы бөлімнің «Саяхат»атты тақырыбымен байланыстыруға болады.

Қарқын арқылы саралауды жоспарладым.

Дескриптор:Өрнектерді санды және әріпті өрнектерге ажырата алады.

2-тапсырма. (Оқулық 37-бет)Әріпті өрнектерді оқы.

а+3 ; 50+b; с-а;

d+c; 16-x; 70-d.

Дескриптор:Әріпті өрнектерді оқи алады.

Сергіту сәті:

3-тапсырма.Жұптық жұмыс.Дәптермен жұмыс.Барлық әріпті өрнектерді қоршап сыз.Қандай өрнектер қалды?Олардың мәндерін тап.

6+a 20-7 100-40 80+b

50-c 5+4 d-40 40+30

Дескриптор:Әріпті өрнектерді қоршап сызады.Санды өрнектерді анықтайды.Олардың мәндерін табады.

4-тапсырма.Дәптермен жұмыс.Жұбын тап.Қолғаптардағы тең өрнектерді тап.Оларды сызықпен қос.

9+а b+10 c+100 y+3 x+7

10+b a+9 3+y 7+x 100+c

Дескриптор:Тең өрнектерді табады.Оларды сызықпен қосады.

ҚБ тапсырмасы.

Аңдарға өз үйін табуға көмектесіңіз.Өрнектерді оқыңыз.

 

латын әріптері транскрипциясының кестесі: а — [а], b — [бэ], с — [ц], d — [дэ], x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парақтары;1 маркер.

Бір-бірін тексеріп,бағалайды.

Сабақтың соңы

5мин

Дескриптор:

санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі;

әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқуды үйренеді.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар,ал сабақ сендерге ұнады ма?Ұнаса соны маған айтыңдаршы.

Егeр сабақ ұнаса саусағыңды сыртылдат,

Егер сабақ ұнаса аяғыңды тырсылдат,

Егер сабақ ұнаса айтайықшы тамаша!

Кері байланыс парақшалары,адам бейнелері.Өз-өздерін бағалайды.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Диалог арқылы қолдау көрсету.Қабілетті оқушы өз бетінше әріпті өрнек құрайды.

— санды өрнекті анықтайды және дұрыс оқиды;

— әріпті өрнекті анықтайды және дұрыс оқиды;

— теңдікті анықтайды және дұрыс оқиды

Сергіту сәті.«Айна ойыны»Таңғы іс-әрекет тізбегін құрастыру.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қандай деңгейде өтті?

Уақытты қалай пайдаландың?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ