Оқушының құқықтары мен міндеттері (сынып сағаты)

0
19770
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сынып сағаты

Тақырыбы: Оқушының құқықтары мен міндеттері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
  2. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
  3. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Қолданылатын көмекші құралдар: Бейне-ролик, слайд-презентация

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

Ұйымдастырушылық кезең

Презентация «Оқушының құқықтары мен міндеттері»

Видео-ролик: Адам құқығы туралы

Бүгін біз ертегілер еліне шағын саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз.

Бірде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуды ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей елдерден келіпті. Онда ер азаматтармен қатар әйелдер де болыпты. Олардың бір-бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және де әр түрлі тілді сөйлеуімен ерекшеленіпті.

Көпшілігі соғыс жүріп жатқан жерлерден кейбіреулері өз діндерін және саяси көзқарастары үшін қадалайтын мемлекеттерден келді.

Барлығын біріктіретін бір ғана тілек:ешқашанда соғыстың болмауы, ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз кінәламау.

Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның оның ішінде балалардың да құқық тізімдері көрсетілді. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар бірігіп Заң құжатын жазды.

Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

Конституция дегеніміз не?

Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

  • Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/
  • Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады.

Оқушының құқығы бар:

1. Ана тілінде тегін оқу, медициналық қызмет, өмірінің қорғау, оқуға жақсы жағдай жасау, еңбек пен демалыс, мектепте уақытымен сапалы тамақтануға.

2. Жеке тұлғасын құрметтеу, керек жағдайда мұғалімдерге немесе басқа мектеп қызметкерлеріне өзіне қарату, олардан көмек алу.

3. Мектептен тиісті жағдайда қаржылы көмек алу.

4. Оқуда

— мемлекеттік және басқа бағдарлама бойынша сапалы білім алу, мектепішілік оқулықтар, құралдармен пайдалануға;

-оқушының аурып қалған және басқа жағдайда мұғалімдерден қосымша көмек алуға;

-сабақ арасындағы және басқа ұйымдастырылған демалыс, жексенбі және каникул күндерінде, сабақтан босатылған жағдайда;

5. Өз қабілетін және талантын жан-жақты дамыту, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды таңдауға.

6. Өз ұйым өмірінің сұрақтарын шешу кезде қатысуға

7. Өз қабілеті, білімі және мүмкіндігіне  қарай байқау, жарыс, сайыстарда өз сыныбын, мектебін таныстыруға.

8. Кез келген кезде бос орын болса, басқа сынып, мектепке ауысуға.

Оқушы міндетті:

1. Мектеп Жарлығын орындау, сонымен қатар:

—  мектеп жарлығына сәйкес жағдайда, мектеп қызметкерлер және кезекші оқушылардың айтқанын орындау, мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер, қауіпсіз техникасын және тазалықты сақтау;

— мұғалім және өз ұжымының тапсырысын орындау, сынып кезекшілікте және өз-өзіне қызмет жасауға қатысу;

— оқушылар, басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешу;

— мектеп, сыныпта тыныштық, сабырлықты сақтау:

— темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы, сабырлы, киімін таза ұстау, өз-өзіне қарау

2.Оқуда:

— ынталы оқу,оқу процесіне кедергі жасамау,үйде және сыныпта мұғалім тапсырмасын өзіндік орындауға тырысу;

— уақытында сабаққа келу,оқу орнын таза ұстау;

— сабаққа мектепішілік формамен келу;

3. Мектеп ғимаратын, оқу құралдарын, мүліктерін сақтау, басқалардың еңбегін құрметтеу, өз және басқалардың заттарына, ағаштарға ұқыптылықпен қарау, егер зиян келтірген жағдайда ата-аналармен өтеу.

4. Су және электроэнергияны,тағамдарды үнемдеу.

5. Өз ұстау мәдениеті, еңбек және сөйлеу ережесін сақтау.

Әр түрлі сұрақтар?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ