Технологиялық революцияның — білімдегі беталысы.

0
998
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау
Технологиялық революцияның- білімдегі беталысы.

Еңбекшіқазақ ауданы,
Шелек ауылындағы «Бәйтерек»
 балабақшасының меңгерушісі К.К.Карагулова

21 – ғасырда Қазақстан ғылыми, дүниетанымдық, тәрбиелік парадигмалардың алмасуы жағдайында, қазіргі уақыт қажеттіліктеріне жауап бере алатын, құзыретті педагогтар мәселесі өзектілікке ие болуда.Жаңа талаптарға сай білім – тәрбие берудің формалары мен әдістерін іздеу, солар арқылы тәрбие ісін жүзеге асыру педагог қауымының басты қағидасы. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»- демекші өзін алуан қырынан аша білетін, үнемі ізденіспен шығармашылықты ұштастырып, бала дамуына,оның тұлға болып қалыптасуына нәтижелі еңбек көрсете алатын кәсіби педагогтің  бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі ерекше.        Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің қанымызда бар қасиет. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге  аяқ бастық, бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді адамдар ғана табысқа жетеді», – деген өткір сөздерінің рухымен жігерленіп, күннен – күнге өзгеріп отыратын жаңа заманның көшінен қалмауға тиіспіз. Осы орайда білім саласындағы реформаларда аз емес, жаңашылдық,жасампаздық күн санап шарықтап келеді. Бала тәрбиесі саласына тың еңбек пен шығармашыл ізденісте білек сыбана кірісу, педагогтың өз қызметіне деген жауапкершілігі мен адалдығы болмақ.                                                       

Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек аулындағы  «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы жаңа технологияларды игеру мен тәжірбиеде қолдануда үзіліссіз жұмыс жасап келеді.  Соның бірі 2018 – 2019 оқу жылынан бастап қолданысқа енгізілген «Робототехника» кабинеті. Жаңа заман талабына сай жабдықталған робототехника кабинеті – маңызды, қызықты оқу үрдісімен бірге тиімді оқыту болып табылады. Креативтік жиһаз, түрлі – түсті қабырғадағы безендірулер және ең маңыздысы алуан түрлі;  «Робот тышқан» программа енгізудің алғы шарттарын дамыту, «Конструктор UARO», «Планета STEM» ойын комплексі, «BOTLEY» робот машинасы балаларға робототехника әлеміне саяхат жасауға үлкен мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілер комплектің детальдарын қызықпен зерттеп, роботтарды бөлшектеп жинап, автоматтандыру, команда беруді, басқаруды,түрлі тетік қызметтерінің маңыздылығын, мазмұнын үйренеді. «Робототехника» балаларға аптасына бір сағат вареативтік компанент негізінде енгізілген.Балалардың қызығұшылықтары жоғары, әрі белсенділікке, логикалық ойлау қабілетіне, жылдамдыққа, түрлі қимыл – қозғалыстарының артуына зор септігін тигізетіндігі сөзсіз.

Робототехника  — мектепке дейінгі балаларды қазіргі заманға, жоғарғы технологияларға толы өмірге балаларды дайындау тәсілі. Сонымен қатар, бұл заманның қажеттілігі. Робототехниканы білу – заман талабы, балаларға шексіз мүмкіндіктер береді және технологиялардың әрі қарай дамуына жол береді.

Бүгінгі күде балалардың танымдық, физика, ақпараттану, робототехникаға деген қызығушылықты артты . Шығармашылық қызметінің дамуы, оңтайлы шешімдер қабылдау, дербестік, зейін, жедел жады ойлауы қалыптасты. Баланы сонымен қатар жоғары мәдениеттілікке, ұқыптылыққа,коммуникативтік қабілеттілікке тәрбиелеуге жете назар аударылуда. Робототехниканы қолдану арқылы бала белсенді, жігерлі, өзін – өзі қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен құрметі басым жеке тұлғаға айналары сөзсіз.

Технологиялық революцияның- білімдегі беталысы анағұрлым қарқынды болса,бала тәрбиесі көшбастары анық.Білімді, өз-өзіне сенімі қалыптасқан, адамгершілігі мол,жігерлі,ұтқыр ойлы, қабілетті жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеп өсіру барша Қазақстандықтардың басты міндеті.

Басқа жариялымдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ