Теориялық ұғымдарды қалыптастыру және образ талдау

0
11707

Сабақтың жоспары:

1.Мінездеме жасау жолдары.

2.Шығарманың композициясы мен сюжетін талдау.

Сабақтың мақсаты:Мінездеме жасау жолдары.

Көркем шығарманы талдау алдымен образдарын топтастырып,оларға дара,салыстырмалы,топтамалы түрде текстологиялық мінездеме беруден басталады.Бұл-талдаудың басты бір буыны.Жоғары сыныптарда образ мінездемесі әдіс,стиль,тарихи шындық,типтілік,жанрлар табиғатына сай жүргізілуі керек.Ол-әрбір образ табиғатын тақырып пен проблемадан,шындықтан туғызып,олардың әрбір повесте,әңгімеде,романда,поэмада қалай көрсетілгенін шығармадан мысал келтіре отырып талдау,мінездеу.

Әдеби кейіпкер мінезін шығарманың сюжеті мен құрылымын бөліп қарастыру мүмкін емес.Мінез,сюжет,құрылым-үшеуі туындының бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы көркемдік формалар.

«Сюжет»-кейіпкер мінезінің қыр-сырын айқындайтын іс-әрекеті,мінезін толығымен сезіндіретін тұтас жүйе,бірегей құрылым.

«Мінез»-туындының құрылымдағы сюжеттік оқиғалар жүйесінің,басқада көркемдік бейнелеуіш құралдар түрлерінің мазмұн-мақсатын ашуға үлесін қосатын желі іспетті.

Сабақтың тақырыбы. Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың жоспары

1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту

2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теориялық ұғымдар

3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары

Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.

Әдістемелік нұсқау:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын.

Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру — оны оқытуды басты міндеттерінің бірі. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:

І. 5-с ы н ы п.

  1. Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме.
  2. Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғым.
  3. Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік.
  4. Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе әңгіме.
  5. Әнгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы сөз.
  6. Әдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы.
  7. Лирика, табиғат вирикесы туралы алғашқы ұғым.
  8. Гипербола, эпитет, тенеу, кейіптеу туралы түсінік.
  9. Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме.

10. Монолог, повестъ, баллада туралы алғашқы ұғым.

ІІ. 6-сынып.

  1. Шыншыл ертегілер, аңыз,әңгімелер, жаңылтпаштар туралы түсінік.
  2. Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.
  3. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.
  4. Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым.
  5. Сюжетті өлеңдер турал түсінік. Лирика туралы алғашқы ұғым.
  6. Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру.

ІІІ. 7-с ы н ы п.

  1. Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету.
  2. Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік.
  3. Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету.
  4. Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, гипотеза жайында хабар беру.
  5. Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғымдар.
  6. Публицистика жанры, көркем шығарма тілі, поэтикалық тіл туралы түсінік.
  7. Суреттеу, баяндау, әнгімелеу жайындағы білімдерін жетiлдiру.
  8. «Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру.

ІV . 8-с ы н ы п.

  1. Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.
  2. Сюжет, композиция, Көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.
  3. Тип, прототип туралы алғашқы ұғым.
  4. Ұйқас түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
  5. Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы ұғым.
  6. Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік.

Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі. Мысалы, 6-сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерінен «Керқұла атты Кендебай» ертегісі беріледі. Мұғалім ертегіні оқыту үшін, сабақ дайындығы кезінде осы шығармаға байланысты қандай әдеби-теориялық ұғым беру керек, оны қандай әдіс-тәсілдермен оқушы санасына жеткізеді — соны ойластырады.

І. «Керқұла атты Кендебай» ертегісін оқыта отырып, мынадай әдеби-теориялық ұғым беріледі:

 

  1. Фольклор, ауыз әдебиеті туралы алғашқы қарапайым түсінік.
  2. Ертегiлер, оның ішінде қиял-ғажайып ертегілер жайында әңгіме.
  3. Ертегі оқиғалары, сюжет, эпизод, кейіпкерлері туралы алғашқы ұғым.
  4. Әсірелеу туралы түсінік.

«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі басты оқиғалар:

1-оқиға. Кендебайдың тууы, алып болып, тез өсуі,

2-оқиға. Кендебайдың Көкжалды өлтіруі.

3-оқиға. Еркек құлынды үйге әкеп асырауы. Одан Керқұла аттың өсуі.

4-оқиға. Керқұламен аң аулауы. Халықты асырауы, атының әлемге таралуы.

5-оқиға. Жетім балаға кездесуі. Жетімнің басынан өткендері.

6-оқиға. Керқұла атқа тіл бітуі, ақыл беруі.

7-оқиға. Кендебайдың сапарға аттануы.

8-оқиға. Кендебайдың аралға тап болуы.

9-оқиға. Хан жарлығы. Екі баласына берген тапсырмесы.

10-оқиға. Күзеттегі оқиға. Хан тапсырмасының орындалмауы.

11-оқиға. Кендебайдың алтын құйрықты қолға түсіруі.

12-оқиға. Кендебайдың дәулермен соғысы. Арыстанмен соғысы.

13-оқиға. Құлынды тауып, ханға оралуы, өтініші.

14-оқиға. Ханның жаңа шарты.

15-оқиға. Хан шартын орындап, жетімді де, халқын бақытқа бөлеуі.

Осы мәселелерді кесте-плакатқа жазып, ертегіні талдауда оны көмекші, әрі көрнекілік ретінде пайдалану да тиімді. Мұғалім осыған қарай отырып, оқушыларға оқиға деген не екенін түсіндіреді, ертегілердің оқиғалардан тұратынын әңгімелейді. Енді ертегі деген не, оның қиялғажайып түрі қандай болады, содан хабар беру үшін, жоғарыдағы кесте-плакатты назарға ала отырып, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды, тапсырма орындатады:

  1. Балалар, бірінші оқиғаға қараңдар, әр кітаптен оқиғаны еске түсіріндер. Кендебай туа салысымен, қалай өседі?
  2. Кендебайдың алты жасында алып болып өсуі шындыққа сәйкес пе?
  3. Керқұла аттың тіл бітіп, сөйлеуі қай оқиғада еді?
  4. Биенің алтын құйрықты құлын табуына сенуге бола ма?
  1. Жеті басты дәулер, алып арыстандар қиялден туған ба, әлде ондайлар бар деп есептейсіңдер ме?

Міне, осы сұрақтар талқыланғаннан кейін, мұғалім ертегі жайында, оның қиял-ғажайып түрі туралы қорытынды пікір айтады. Яғни ертегінің халық арманы, қиялынан туатыны, халықтың Кендебай деген алып қамқоршымыз болса, ол халық ұлы боп, халыққа еңбек етсе, жетім-жесірлерге пана болса деп, армандауы, сол арманның қиялға жол ашуы туралы әңгімелейді. Ертегідегі ғажайып, қиялға байланысты оқиғаларды бөліп ала отырып, қиял-ғажайып ертегілер туралы алғашқы түсінік береді. Ертегілердің көпшілігі «Ерте, ерте, ерте екен» деп басталатынына, оның қарасөзбен айтылатынына назар аудартады. Әдеби-теориялық ұғым мұнда оқушылардың өзін қатыстыра, ертегіні талдаумен бірлікте беріліп отыр. Әдеби-теориялық ұғымды берудің ең тиімді әдісі оны көркем туындыдан бөліп алып қарастырмай, бірге беруіне болып табылады.

ІІ. Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы — салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері. Мысалы: осы 5-сыныпта ертегілерден кейін әдеби ертегілер беріледі.

Әдеби ертегінің авторы болатыны;

Оның қарасөзбен де, өлең, поэма түрінде де жазылатыны, халық арасындағы аңыздарды негізге алатыны, соған құрылуы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999


ПІКІР ҚАЛДЫРУ