«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік

0
15672

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Көркем шығарманы оқыту
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.

 
«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны

дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді .

М..А. Рыбникова.

  Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси — әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу — негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқынаЖолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» — деп атап көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.

Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.

Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», — делінген. Өйткені,Ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті,психологиялық, тұғырламалық мәднеи – рухани көзқарастарға құрылса құндылықтарға құрылған.ұлттық таным, ұлттық рухани гуманистік сананы (адамгершілікке сананы қалыптастырса негіздеу) қалыптастырады.бірлесе отырып:қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету,Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы.

Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

— көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;

— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:

. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе — өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.

Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
-Образ бойынша;
-Тақырыптық;
-Тұтас;
Автор ізімен .
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. 
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.
10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.
ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.
11-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады.
Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.
Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады.

 ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.
Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.

Ұқсастығы:
1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.

2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.
3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.
4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.
Осылайша айырмашылығы да талданады.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:

1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.

Әдебиеттер:
1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.

2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
6-дәріс.Мәнерлеп оқуға төселдіру.

Сабақтың жоспары:

1.Мәнерлеп оқудың түрлері

2.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.

Сабақтың мақсаты. Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.

Әдістемелік нұсқау.

Сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға төселдіруді жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін Ә.Қоңыратбаев,А.Көшімбаев сынды методистердің әдістемелік ең бектерін басшылыққа алуды ұсындым.

Қазақ тілі — әуезді тіл. Оның әуенге жақындығын ғалымдар мойындағаны қашан. Бұл әсіресе оның поэзиясында қатты байқалады. Сезім тебірентер өлеңдердің соншалықты керемет әсер беретін қасиеті мүмкін дәл осы әуезділікке келіп тірелетін шығар… Жанымызды ерекше күйге бөлейтін музыка секілді өлеңнің де бізді басқа әлемге апаратын құдіреті бар.

Тыңдаушыға әсер ететін фактор тек өлең емес, оны оқитын адам екенін ұмыипайық. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер эмоцианалды оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп оқыды, біреулер…… мәнерлеп оқиды. Осы сөзді мектеп қабырғасынан естіп, онымен таныс болсақ та, оны бәрінің ұғымындағы бір сөзбен айтып түсіндіре алмаспыз. Әркімнің түсінігінде ол әрқалай. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да өлеңді мәнерлеп оқимыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп оқу дегеніміздің өзі не? Ол да бір заңдылыққа бағынары даусыз.

Мәнерлеп оқу дегеніміз-дауыс интонациясы арқылыавтордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу,ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.Оқушылар шығарманың көркемдігін және әсерлігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.

Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай,жан-жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуі тиіс.Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін,оқушы шығарманы оқығанда,қалай демала білу керек,дауыс қалай шығуға тиіс,дикциян қандай болуы қажет-осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн.Өйткені,мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып,дұрыс дем ала білудің мәні зор.Өкпедегі ауаны сарықпай,оқу үрдісіндеүнемі дер кезінде дем алып,ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп,дұрыс оқи алуына жағдайы бар.

Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын –интонация.Интонация дегеніміз-сөйлеу сазы.Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмен деуін білдіреді.Интонация мына элементтерден тұрады.

Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні-фразалық екпін,ал ой екпіні-логикалық екпін.Сөйлемді айтқанда я оқығанда,оның ішіндегі cөздер интонациясы мен мағынасына,айтылу ырғағына қарай,өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады.Синтагмада бір не оданда көп сөздер болады.

Біз тармақ ішіндегі бунаққа мүлдем көңіл бөлмейміз. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақта кідіріс жасасақ, өлеңге мүлдем өзге шырай енеді. Мұны біз мектепте меңгерсек те, тәжірибеде қолданбаймыз және оны бізден талап та етпейді. Сонда өлең мәнері жайлы пікірлердің бірізді болмағанына кім кінәлі?

Біздің ойымызша, мәнерлеп оқу пунктуациялық белгілердің тек қағазда ғана емес, сөйлеуде де өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама задардың сақталуы.

Мына төменде ұсынылып отырған өлең жолдарын біз тиісті шартты белгілер арқылы дыбысталу жағынан да, екпін түсу тұрғысынан да жүйеге келтіріп көрдік. Сіз мүмкін өлеңді дәл осылай оқыр едіңіз, мүмкін басқаша оқыр едіңіз. Енді оны сол қалпында оқып көргенде нендей құбылыс байқағандарыңызды, жалпы бұл жайлы ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұранамыз

Жазылуы:

Мен кім?
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,

Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар? 

Мағжан Жұмабаев 

Айтылуы:

1x9quqhartluynrg1h3iw9dqsadxri 

Жазылуы: 

Бақыт геометриясы 

«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене

Мен шықпаған заңғар шың ба,мен мінбеген кеме ме?»

Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,

Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.

Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,

Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.

 

МұхтарШахановhtr29d5bzmjishr7d4w0krspgzbrfy

Дәл осыны жаңылтпаштарға қолданып көрсек, айтуға қиын жаңылтпаштардың өзі жеңілдейтін тәрізді. Жалпы бұл шартты белгілер мәнерлі оқуды ғана емес, дұрыс айтуды да қамтамасыз етеді. Бұл жаңылпаштарды тез және оңай жаттаудың әдісі болатын сияқты.

Мұндағы шартты белгілердің түсіндірмесі мынадай болып келеді:

wq2m01vpjzih47v6n4kb72e5dxuah4

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін,онымен алдын-ала танысып,сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады.Әсіресе,поэзиялық шығармаларды жеткізуде мәнерлеп оқудың маңызы зор.Поэзияны құлақпен емес,жүрекпен,сезіммен қабылдау керек десек,ол шығармаларды бала қалай меңгереді,нені сезді,неге тебіренеді,қандай көңіл күйде болады?..Оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер.Сондықтан мұғаләм көқркем шығарманы алдымен өзі оқып шығуы тиіс.Мәнерлеп оқуға тһселдірудің мақсаты-оқушыларды поэзияны сүюге бау лу,оның кестелі тілін сезіне білуге баулу,эстетикалық ләззат ал білуге,әдемі,көркем сөйлей білуге баулу болып табылады.

Біздің ойымызша, бұның, әсіресе, қазақ тілін енді үйреніп келе жатқандар үшін пайдасы мол. Егер мұндағы шарттар мен ережелерге сүйенсе, олар сөздерді ешбір қиындықсыз таза қазаша дыбыстар еді. Және осындай тәсілді, яғни, шартты белгілер арқылы оқып үйренуді мектеп бағдарламасына енгізу жайлы ұсынысқа қалай қарайсыз?
7 дәріс. Оқушыларды мәтін талдауға әзірлеу.

Сабақ жоспары:

1.Талдау сабақтарының мазмұны мен әдісі.

2.Талдау сабақтарының формалары

3.Жазушы және оның стилі.

   Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ.

            Шынында да жазушының стилі деген сөз айтуға оңай болса да, қолға ұстатқандай етіп дәлелдеп беру, стиль ұғымын айқындайтын жайттардың бәрін толық қамту кімге де болса қиын. Сол себептен, стильді сөз етушілердің кемшіліктерін мегзесек те, оларды даттаудан аулақпыз.

            Стиль туралы орыс тілінде бұрын да аз жазылмайтын. Ал соңғы жылдары бұл проблемаға орыс ғалымдары әр жағынан келіп, құнды-құнды пікірлер ұсынған көптеген салихалы еңбектері басылып шықты.

            Стильге бір тоқтамай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектер де аз емес.

            Олардың бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді.1

            Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса, жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн.

            Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше — stylos, дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша.

            Ескі замандарда қағаздың орнына тақтайды балауызбен сырлап, соған сөз жазу көп елдерде болған. Жазатын құралы — stylos. Ол сурет өнеріне де пайдаланылған.

            Қазіргі кездердегі қылқаламның жұмысын атқарған. Ол да stylos аталған.

1Мандельштам Е. «О характере гоголевского стиля», СПБ, Ленинград, 1902-1934ж.

«Об авторском искусстве». — М., 1959ж.

Виноградов В.В. «Стиль А.С.Пушкина».

Виноградов В.В. «О языке художественной литературы. — М., 1959ж.

Виноградов В.В. «Проблема авторства и теория стилей», 1961ж.

            Заманның озуы, адам қоғамының ілгері дамуымен байланысты, әр алуан өндіріс құралдары да, ұғым да, жеке сөздер де өзгеріп отыратыны — диалектика заңы. Қазіргі кейбір сөздердің шығу тегін түптеп келсек, таңғалмасқа болмайды. Бұл — барлық тілдерге тән нәрсе. Мысалы, орысша «дочь», «бык» деген сөздердің этимологиясын ғалымдар «доить», «мычание» деген сөздерден шыққан деп дәлелдейді. Сол сықылды «стиль» де өзінің алғашқы «жазу», сурет салу құралы мағынасын өзгертіп, мүлде басқаша ұғым, басқаша түсінікке ие болған.

            Стиль кейінірек, грек тілінде таза, әдемі сөйлеу ұғымына ие болған.

            Стильді көп зерттеп, ол туралы көптеген құнды пікірлер айтқан академик В.В.Виноградов өзінің «Проблема авторства и теория стилей» атты еңбегінде стильдің көп мағыналылығына айрықша тоқталады. Тіл, искусство, әдебиет, ғылым, не басқа да өмір саласында әртүрлі ұғым, әртүрлі мәнде қолданылатындығын мысалдар келтіріп, өзінше дәлелдейді.

            Архитектурадағы готический стиль, мавритандық стиль, дионический, ионический стильдер, солар сықылды мүсін, сурет, музыка искусстволарының әрқайсысының өздеріне сәйкес стиль термині жиі қолданылады. Кейде ол белгілі бір дәуірдегі суретші, архитектор, мүсіншілер, музыканттардың бір алуандарына тән жайттардың жиынтығы, бір мектепке, не ағымға жататындығын белгілесе, кейде жеке өнерпаздардың өзіне тән ерекшелік әдістерін көрсету үшін қолданылады.

            Өмірдің басқа саласында да «стиль» аз айтылмайды. Документ стилі, ғылыми стиль, жұмыс стилі, газет стилі, т.б. Ал біздің тіл, филология ғылымдарында да стиль термині өте жиі кездеседі. Тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. Әдебиетте прозалық, фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтамыз да жазамыз. Сөйтіп Виноградов айтқандай, стиль — өте көп мәндес сөз. Бірақ біздің тоқталмағымыз — әдебиетпен ғана байланысты стиль. Стиль — әдебиетте негізінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада қолданылады. Кең мағынасында әдебиет тарихы, теориясы, әдеби сын да, ХҮІІІ ғасырдан бері қарай стиль — әдебиет методы ұғымында қолданылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп аталатын. Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады. Стильдің екінші мағынасы, яғни стиль деп әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну. Кейбір әдебиетшілер әдеби стильден гөрі әдеби әдістің ұғымы кеңірек, тереңірек дегенді айтып жүр. Бірақ ол әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сықылды.

            Классицизм, романтизм, не басқа стиль деп аталулар жай айтыла салынған сөз емес. Кезіндегі сыншы, әдебиетшілердің іздену, зерттеулері арқылы қорытылған ғылыми жүйе. Өйткені олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері — әр жағынан алынып талданғанда талай ой, талай тәжірибе сүзгілерінен өткізіліп, түйінделген нақтылы пікірлер. Классицизм, романтизм стилі деп айтуға оңай болса да, жүйелеп тексере бастасаң, көптеген ерекшеліктерге кездесесің. Мысалы, классицизмнің өзіне ғана тән атышулы үш бірлік (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі) бар, оқиға сюжетінің сарай өмірінен алынуы, қатысушыларының үстем тап өкілдері болуы, басқа тап өкілдері тек солардың қызметшілері дәрежесінде ғана қатыстырылуы, қаһармандар мінездеріндегі менмендік, тәкаппар паңдық, ұзын-ұзын монологтармен сөйлеулер, тағы басқалар.

            Ал романтизм стиліне тән жайттар классицизм ерекшеліктерінен гөрі қиыннан қиысатындығы аңғарылады. Романтизмнің қай түрінде болсын, ең алдымен көзге түсетін ерекшелік — өз айналасына риза болмаушылық. Өршіл романтизмге тән нәрсе — романтикалық пафос, өмірде болған оқиғалардан гөрі өмірде болуы керек жайттарды негіз ету. Оқиға негізін өмір шындығынан алса да, оны көтеріңкі, өршілдік түрде, не керісінше етіп суреттеу. Қайткен күнде де романтизм құбатөбелдіктен аулақ. Адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы, өмірге көзқарастары бір шектен екінші шекке көшіп отырады. Не шектен шыққан зұлым, не шектен шыққан асқан мейірбан болады. Бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, мықтап түзелетін мінездер — романтизм стиліне тән. Мұнда құбатөбелдік (золотая середина) болмайды деуіміз сондықтан.

            Романтикалық стильде жазылған Виктор Гюгоның «Аласталғандар» («Отверженные») атты романындағы Жан Вальжан — романтикалық мінездің нағыз классикалық үлгісі.

            В.Гюго Жан Вальжанды таныстырғанда, «1815 жыл, күннің батуына бір сағаттай мезгіл қалғанда, бір жаяу жолаушы Динь қалашығына келіп кірді» деп бастайды. Мұнан кейін оның алыстан келе жатқанын, жол соғып, жел қағып, әбден шаршағанын, қала шетіне кіргесін әр көшеге бір тоқтап, фонтаннан су ішкенін, сол күні ол 12 лье жол жүргенін, киімі мейлінше нашар, өзі өлердей аш, арқасында дорба, қолында таяқ, адам шошығандай түр-келбетін суреттейді. Ол пәтер ұстайтын үйге келіп, трактирден тамақ ішпек, сусынға қанбақ болады. Бірақ оған өз ақшасына ешкім тамақ та бермейді, қондырмайды да.

            Әсіресе өзі әбден шаршаған, әрі шөл, әрі аштық буған адамды трактиршілердің әдеті бойынша, жақсы қарсы алуы керек еді. Шынында да олар жолаушыға ақшасы болса, барлығы әзір екендігін айтады.

            Ең соңғы рет үйден қуылғанда, ысқырық суық жел жыртық киімнен өтіп, тұла-бойы қалш-қалш етеді. Тоңған соң баспана іздеп, бір иттің үйшігіне кіреді. Бірақ өгіздей төбет арсылдап, оны қуып шығады. Сүйтіп ол әрі аш, әрі жалаңаш, қақаған суықта көшеде жалғыз қалады. Өз дәрежесінің иттен де төмен екендігін сезінеді. Барар жер, басар тауы қалмай, мұздай тастың үстінде көшеде түнемек болғанда, кездейсоқ бір әйелдің сілтеуімен жолаушы Динь қалашығының епископы Мириэльдің үйіне келеді. Жұрттың бәрі, ең аяғы ит те қуып шыққан сорлы жан, сөйлескеннен кейін қондыратынын ұғынып, өзінің кім екенін анық түсінбей қалды ма дегендей, епископқа паспортын көрсетеді. «Міне, менің паспортым. Көрдіңіз бе түсін? Сары ғой. Түсінің сарылығы қайда болмайын, мені маңдарына жолатпай қуу үшін… Қараңызшы, паспортта не жазылғанын: «Жан Вальжан босатылған каторжник, пәлен жерде туған… Каторгада он тоғыз жыл болды. Лавка бұзып жасаған ұрлығы үшін бес жыл. Төрт рет қашып құтылуға әрекет жасағандығы үшін он төрт жыл алған. Өте қауіпті адам». Білдіңіз ғой менің кім екенімді… Осыдан кейін мені қондыра аласыз ба…». Епископ жауап орнына қызметші әйелге қонаққа тамақ әзірлеп, төсек даярлауды бұйырады. Қондыратындығына, тамақ беретіндігіне енді ғана сене бастаған каторжник, есуас адамша өзімен-өзі сөйлесіп:

— Шын ба… Мені, каторжникті, қуып шықпай, қондырмақсыз ба… Мүмкін емес… Сіз маған «сен» демей, «мырза» деп сөйлейсіз… Басқа адамдар әрдайым маған «ит, жоғал, көтер өкшеңді…» деуші еді. Сіздің де қуып шықпасыңызға менің шәгім болған жоқ еді. Мен өзімнің кім екендігімді сізге бірден-ақ ашық айттым. Сіз мені қондырмақсыз… Көп рахмет, осы үйге сілтеген әлгі әйелге.

            Ыстық тамақ, жылы төсек, рахымды үй иесі зәбір, қорлау, қуғын көріп келген бишара каторжникке үлкен әсер етеді.

            Жаяу жолаушыны ешкім маңына жолатпай қуалайды. Ол — ұры, каторжник. Епископ біліп тұрып, оны қондырып, тамақтандырады, 19 жыл бойы таза төсек, жайлы орын көрмеген адамға жеке бөлме беріп, тынықтырады. Әйтсе де, ұры ұрылығына басып, үй иесіне опасыздық істейді. Түн ортасында оянып, ол үйдегі іске татырлық қымбат күміс сервиздерді ұрлап, қашып кетеді… Тіпті епископты өлтіріп кеткісі келіп те ойланады. Әйтсе де өлтірмей, тек мүлкін алып кетеді.

            Бірақ оның жолы болмайды. Жандармдар Жан Вальжанды ұстап алып, сәске болмай-ақ епископтің үйіне қайта алып келеді, «ұрыны ұстадық» дейді олар епископке. Тағы да сотталып, каторгаға айдалатынына көзі жеткен Жан Вальжан не қыларын білмей, қалтырап тұрғанда, епископ жандармдарға: «Мырзалар, бара беріңдер…», — деп, күмістерін Жан Вальжанға өзі берген болады. Олар кеткесін: «Жан Вальжан, бауырым, сен мұнан былай зұлым емес, мейірбан адамсың. Мен сенің жаныңды мына күмістерге сатып алдым, оны қараңғы рух, зұлымдық ойлар шырмауынан босатып, тәңірге тапсырдым… Мынаны қоса ал…», — деп, екі подсвечникті де оған ұсынады
    Епископтің сыйлығы — Жан Вальжанның он тоғыз жыл бойы каторгада жүріп тапқанынан екі есе көп. Қалған өміріне жетерліктей қазына.

            Бұл эпизодтан біз бір-біріне қарама-қарсы екі шектегі, екі мінездің: жауыздық пен меһербандық игіліктің түйісуін, екеуінің күресін көреміз.

            Тағы да ұсталып, айдалудан, мүмкін өлімнен қалып, ой-санасын тегіс билеген жауыздық, зұлымдықтарын алтынға сатып, енді адал, рахымды адам болуға серт еткен Жан Вальжан көп ойланып, өзінің қараниеттілігіне қатты күйінсе де, ақ жол, адал ниетке көше салу оған оңай соқпайды. Әйтсе де енді оның өз басында зұлымдық пен адал адам болу күресі басталады. Өстіп сезім тартысының үстінде отырғанда, оның қасына он екі жасар бір бала келеді. Ұсақ ақшаларын лақтырып ойнап келе жатқанда, қара бақырлардың ішіндегі жалғыз күміс жерге түсіп, дөңгеленіп кетеді. Жан Вальжан ақшаны табанымен баса қояды. Оны көзі шалып қалған жас бала қанша жалынса да, жыласа да Жан Вальжан бермейді. Ақыры баланы қорқытып, қуып жібереді.

            Арқасында епископтен ұрлап алған жарты дорба күмісі, түзелуге берген серті бар адамның жалаң аяқ, жалаң бас, жетім баланың еш нәрсеге арзымайтын ақшасын көре көзге ұрлап алуы зұлымдықты танытпай ма?!

            Бірақ бұл Жан Вальжанның өз өмір жолдарына өзі сын көзімен қарап, түзелу, не мүлде күйреу, екінің бірі деген шешімге келіп, ізгілік пен жауыздықтың таразысы тең түсіп тұрған кезеңі еді. Осы ең соңғы қылмысы Жан Валжанның өзіне де тым ерсі көрініп, оның әбден мұқалып, тот басқан арын оятады, мүлде бұзылып кеткендігін сезінтеді. Оның 19 жыл бойы бір тамбай, шемен болып қатып қалған көз жасы бұлақша ағады. Осы минуттан бастап ол өзіне-өзі серт беріп, қалған өмірін тек ізгілік үшін ғана жұмсауға іштей бекиді. Сол күннен бастап, оның адалдық, адамгершілік жолындағы екінші өмірі басталады.

            Монтейле-Ириморский қаласына барып, «Мадлен» деген атпен саудагерлік жасап, біраз жылдың ішінде ол фабрикант, миллионер болады. Бірақ ол басқа байлар сықылды ақшасын баю үшін емес, жұмыссыздық, қайыршылық, панасыздықтарды жою үшін күреске жұмсап, көптеген ізгілікті істер істейді. көпшіліктің махаббатына бөленеді. Ақыры Франция королі оны сол қаланың бастығы етіп тағайындайды.

            Мадленнің жұмыссыздар мен жетім-жесірлерге жасаған сандаған жақсылықтарын былай қойғанда, жаңарған адамның тың мінезі, характері ерекше көңіл аударады. Ол — мейлінше адал, өте гуманист, өз сертіне берік.  Басына өлім қаупі төніп тұрса да, адам үшін, адамдық идеалы үшін неге болса да әзір. Оның ұраны — адалдық. «Жаман өсімдік те, жаман адам да жоқ, тек жаман қожалар ғана бар» дейді ол бір сөзінде…

            Әдебиет тарихында қандай стиль болсын бірден, бір күнде туа салмайды. Жаңа стильдің элементі өзінен бұрынғы қалыптасқан стильдің өз ішінде туады, өсе келе, дами келе қалыптасады және күреспен ғана өзіне жол ашады. Бұрынғы стильдің ескіргенін, дәуірдің озғанын, енді ол бөгеттікке айналғанын сөз жүзінде де, іс жүзінде де дәлелдеу, жаңалық үшін ескілікпен келісімге келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа стиль ескі стильді тарих сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады.

            Романтизм стилі классицизмге қарсы зор майдан ашты. Француз әдебиетіндегі романтизмнің атасы болған В.Гюго да классицизмнің әдістеріне қарсы шықты. Уақыт, оқиға, орын бірліктері тәрізді әр алуан шарттылықтардың талқанын шығара бұзды да, дүниежүзі әдебиетіндегі жаңа ағым — романтизмнің ірі тұлғаларының бірі дәрежесіне көтерілді.

            Ескі әдеби стиль мен жаңа әдеби стильдер арасындағы күрес, әрине ол әдебиеттегі шеберлік, техникалық жайттар үшін ғана күрестен тумайды, өмірге көзқарас, әлеуметтік, таптық жағдайлармен байланысты туады. Стильдік ерекшеліктер, оның айналасындағы тартыстар белгілі бір көзқарас жүйесінің сәулесі ғана.

            «Мен — өз дәуірімнің жаңғырығымын» деп В.Гюго дәл айтқан. Ол өмір шындығын романтикалық пафос, болғаннан кері болуы керек деген ой тұрғысынан суреттеді. Оны зерттеушілердің айқындауынша, ол ХІХ ғасырдың бірінші жарымындағы Францияда болған буржуазиялық демократтық идеологияны қолдаушы, соның негізінде тәрбиеленіп, тарих сахнасына шықса да,  сол кездің өзінде-ақ оның творчествосы еңбекші халық мүддесімен үндесіп жататындығын көреміз. Өмір талқысын көп көрген жасамыс жазушының тарихи әр кезеңде бұра басқан, мүлт кеткен жерлері болса да, негізгі туындылары кезіндегі әлеумет құрылысының төменгі сатысында тұрған езілушілердің өмірін көрсетуге, солардың бойларындағы асыл қасиеттерін айқындауға, ол қасиеттерді әлемге танытуға арналды. Шеңбері тар, әртүрлі шарттары көп, тек қана ақсүйек-дворяндар табының өкілдері айналасын қамтитын классицизм стилінде В.Гюго көтерген демократтық идеяны жырлау мүмкін болмас еді. Міне, осындай жағдайларда екі стильдің бір-біріне қарама-қарсылығы, келісімге келместік қайшылықтары келіп туады.

            Әдеби стильдердің өзара күресін сөз еткенде, В.Гюгоның әдебиет тарихында орны ерекше. Өйткені ол классицизмнің әдіс, формаларындағы шарттылықтардың күлін көкке ұшырып, жазушылар талантының қалай шарықтауына да мүмкіндік туғызу үшін күреспен ғана шектелген жоқ, негізгі туындыларында өзіне шейінгі әдеби стилі — классицизмде кездеспейтін өз алдындағы романтизмде тек элементі ғана байқалатын, үздік жаңа романтикалық образдар жасады және оларды езілуші, зәбір, жапа көруші таптың ортасынан алып, қай жағынан келсең де, иемденуші тап өкілдерінен моральдық қасиеті әлі де артық адамгершілігі жоғары адамдар етіп суреттеді.

            Қорыта айтқанда, әдеби стиль (әдіс ұғымында) — өте қиынан қиысатын, әлеумет өмірінің заңдарына нық байланысты дамитын және өзінің ішкі заңдылықтары бар құбылыс.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ