Қазақстанда тұңғыш «КСРО Мемлекеттік сыйлығын» алған ұстаз

0
2743

Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз», деген. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ұлт ұстазына айналған сондай тұғыры мықты тұлға – Қазақстанда тұңғыш рет, кешегі Одақта бесінші болып КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева еді.
Қанипа Бітібаева 1945 жылы
— Шығыс Қазақстан облысы , Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. Жаңашыл ұстаз, профессор.

1968 жылы— Семей педагогикалық институтын бітірген.Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды.1980 жылы— Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен құрметтің барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің жетекшісіне айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.

1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі , Шығыс Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру институтының негізінде республика теледидарының «Шапағат» хабарында «Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. «Әуезов шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері» атты тәжірибесі сараланды. Осы уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар Әуезов шығармаларын, Абай ілімін оқытудағы өзіндік жолы, шығармашылығы қалыптаса бастады.

Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбек туды. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М. Әуезов мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республика мұғалімдер қауымынан қызу қолдау тапқан.

Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың қатарында «Абай мектепте», «10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту», «М. Әуезовты оқыту» атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы қазақ тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде оқытылып келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.

 

1991 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.

Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар:

1. «Құрмет» орденінің иегері.
2. СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
3. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі
4. Бүкілодақтық Крупская медалінің иегері.
5. Қаз.ССР Ағарту ісінің үздігі
6. СССР Ағарту ісінің үздігі
7. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.
11. Республиканың «Ең үздік» ұстазы.
12. АҚШ-тағы Аризона штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы.
13. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.
14. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының профессоры.
15.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры.
16. Семей Мемлекеттік педагогикалыќ институтының құрметті профессоры.
17. Республикалық «Әлем және қазақ әдебиеті» журналының редколлегия мүшесі.
18. Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналының, облыстық «Педагогический мир» журналының редколлегия мүшесі.
19. Облыстық білім департаментінің коллегия мүшесі. 20.Республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертхана жетекшісі;
21. ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі;
22.«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.
23. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері.
24. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі.
25. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері.

Шығарылымдар: 150 ғылыми — әдістемелік мақалалардың, 41 кітаптың, 10 естеліктің авторы.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ