Тіл табыса білесіз бе?

0
2090

Тұлғалық қарым-қатынас шиеленіскен заманда жетістік пен табысты болудың бірден-бір жолы — айналаңдағылармен тіл табыса білу.  Әріптесіңізбен, досыңызбен, тіптен болмасын бейтаныс адаммен де бір көргеннен шүйіркелесіп кетудің өзіндік әдіс — тәсілдері бар. Кездескен адамыңызға ұнау яки ұнамауыңыз да алғашқы кездескендегі көрсеткен іс-әрекетіңіз бен сөйлеген сөзіңізге тікелей байланысты. Олай болса алдымен: Әңгімелесушіңіздің өзі туралы айтып жатқанын аса қызығушылықпен тыңдап, оған ұзақ та көсіле сөйлеуге мүмкіндік беріңіз. Кей адамға Қазақстандағы қарттар үйінде қанша адам бар екендігінен, мәдениет саласы мен спорт жайлы айтқан, өзінің бетіне шыққан безеуді кетіру мәселесі маңызды болуы мүмкін. Егер әңгімелесушіңізге, расымен де, қызығатын болсаңыз, 4 аптаның ішінде 10 жыл бойы жинай алмаған достарға ие болуыңыз да бек мүмкін. Екіншіден, қанша менмен болсаңыз да сыпайылық танытыңыз.  «Мен», «менің», «маған» сөздерін «сіз», «сіздікі», «сізге» сөздерімен алмастырыңыз. Ортақ нәрселер айтуға бейімделіңіз. Үшінші және ең басты нәрсе, кез келген тақырыпта ашық болыңыз. Ойыңызды еркін жеткізіп, өзіңіздің табиғи болмысыңызды жасыруға тырыспаңыз! Әріптесіңіз сізді қандай жағдай болмасын алдымен шынайы қабылдауы қажет. Әрбірімен қарым-қатынасты үнемі адамгершілік саясатын ұстаныңыз. Сіз ондайдан ешқандай да кейіндеп қалуыңыз мүмкін емес. Егер осы аталған қарапайым ережелерді күнделікті қадағалайтын болсаңыз ортаңыздың құрметтісі болатыныңызға кепілдік береміз. Іске сәт!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ